Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
05.12.2020 |
418-422 |
ГК «ФИНАМ»
05.12.2020 |
417-423 |
Forex Club
05.12.2020 |
418-421 |
DAMU Capital Management
05.12.2020 |
415-420 |
SoftLink
05.12.2020 |
418-425 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
05.12.2020 |
5,55-5,70 |
ГК «ФИНАМ»
05.12.2020 |
5,50-5,80 |
Forex Club
05.12.2020 |
5,5-5,7 |
DAMU Capital Management
05.12.2020 |
5,65-5,70 |
SoftLink
05.12.2020 |
5,55-5,74 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
05.12.2020 |
508-520 |
ГК «ФИНАМ»
05.12.2020 |
508-514 |
Forex Club
05.12.2020 |
512-513 |
DAMU Capital Management
05.12.2020 |
495-505 |
SoftLink
05.12.2020 |
503-513 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
05.12.2020 |
64-66 |
ГК «ФИНАМ»
05.12.2020 |
64,55-64,85 |
Forex Club
05.12.2020 |
64,3-64,6 |
DAMU Capital Management
05.12.2020 |
60-62 |
SoftLink
05.12.2020 |
64,2-64,7 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады
30 қараша – 5 желтоқсанға арналған валюта болжамы
Сарапшылар қазақстандық валюта алдағы уақытта оң көрсеткіштерге ие болады деп отыр. Желтоқсан айының басында мұнай бағасы көтеріліп, доллар индексі төмендеді. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылардың айтуынша, шикізаттың қымбаттауына ОПЕК+ елдері кездесуінің қорытындысы әсер еткен. Сонымен қатар инвесторлардың қатерлерге деген қызығушылығы мен коронавирусқа қарсы вакцина туралы мәліметтер нарыққа ықпал етіп отыр.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Теңге бағамы доллар әлсіреп, мұнай қымбаттағаннан кейін өсті. Осы факторлардың арқасында теңге нығаюы мүмкін. Инвесторлардың қатерлерге деген қызығушылығы да валютаның позициясына оң әсерін тигізіп отыр. Желтоқсанның екінші аптасында осы факторлар өзгеріссіз қалуы ықтимад. Менің болжамым бойынша, бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 508-520 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,55-5,70 теңге болады.
Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:
Желтоқсанның басында теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайып, рубль мен еуроға қатысты бағамы, керісінше, әлсіреді. Өткен аптада ОПЕК+ елдерінің кездесуі өтіп, картель келесі жылдың басынан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге көбейту туралы шешім қабылдады. Бұл шикізат нарығына оң әсерін тигізді. Алдағы уақытта дамушы елдердің валютасы өткен аймен салыстырғанда нығаюы мүмкін. Келесі аптада бір доллар 417-423 теңге, бір еуро 508-514 теңге, бір рубль 5,50-5,80 теңге, бір юань 64,55-65,85 теңге шамасында болады деп ойлаймыз.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Өткен аптаның соңындағы сауда қорытындысы бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған коронавирусқа қарсы вакцина туралы мәліметтер әсер етіп отыр. Әлемдік мұнай бағасының көтерілуі теңгенің нығаюына әкеліп соқты. ОПЕК+ елдерінің өндірісті арттыру туралы соңғы шешімі нарықты сәл де болса оңалтты. Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 418-421 теңге, бір еуро 512-513 теңге, бір рубль 5,5-5,7 теңге, бір юань 64,3-64,6 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
Өткен аптадағы сауда қорытындысы бойынша теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайып, рубль мен еуроға қатысты бағамы әлсіреді. Қазақстандық валютаға әлемдік мұнай бағасының көтерілуі түрткі болды. Brent баррелі 34%-ға қымбаттады. ОПЕК+ 2021 жылдың қаңтарынан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар доллар индексінің төмендеуі де теңгеге оң әсерін берді. ҚР Ұлттық банкінің отырысы 14 желтоқсанда өтеді. Қазір инфляция деңгейі 7,3% болып тұр. Қаржы реттеушісі бұл жағдайда мөлшерлемені өзгертпеуі мүмкін. Келесі аптада бір доллар 418-425 теңге, бір еуро 503-513 теңге, бір рубль 5,55-5,74 теңге, бір рубль 64,2-64,7 теңге болады деп ойлаймын.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:
Өткен аптада ОПЕК+ елдері бір күнде өндірілетін мұнай көлемін келесі айдан бастап 500 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдап, мұнай бағасы өсті. Қазір Brent баррелі 49 долларға саудаланып жатыр.Доллардың әлемдік валюталарға қатысты индексі төмендеп жатыр, бұл инвесторлардың қатерлерге деген қызығушылығының өскенін білдіреді. АҚШ-тағы экономикалық көрсеткіштердің басым бөлігі өсіп жатыр. Еуроаймақта да жағдай оңалып келеді. Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 415-420 теңге, бір еуро 495-505 теңге, бір юань 60-62 теңге, бір рубль 5,65-5,70 теңге болады.