Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (15 қазан – 19 қазан).
Өткен апта нарықтар үшін аса құбылмалы болды. Оның үстіне дағдарыс тек emerging markets валюталарына ғана емес, сондай-ақ долларға да әсер етті. Бұл жайды біздің сарапшылар айтпаған болатын. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар өткен аптада валюталарға әсер еткен факторлар осы аптада да қайталанады деген болжам жасауда.
Әсіресе, сарапшылар америкалық индекстердің түсуін («Альпари», Gerchik&Co, Wall Street Invest Partners, ARUM Capital), Дональд Трамптың ФРЖ-ның монетарлық қатаң саясатын сынауын (Wall Street Invest Partners, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, ARUM Capital), сондай-ақ АҚШ-тың Ресей мен Иранға қарсы санкцияларын (Gerchik&Co, Wall Street Invest Partners, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, ARUM Capital) ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар сарапшылар өткен аптада тұрақсыз болған энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға да («Альпари», Wall Street Invest Partners, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) мән берді.
Сарапшылар басқа да факторлар ішінен Штаттардағы және Ресейдегі маңызды экономикалық ақпараттың жарияланатынын, Ресейде салық кезеңінің басталатынына және Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені арттыруы мүмкін екеніне (Wall Street Invest Partners), сондай-ақ АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігінің өсуіне («Телетрейд Групп») тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін аbctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Роман Ткачук, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:
Осы аптада әлемдік нарықта көптеген өзгеріс болып, америкалық индекстер 5%-ға төмендеген болса, мұнай бағасы бір барелль үшін 60 доллар шамасына түсті, бірақ кейін бірден көтерілді. Бейсенбі күні төмендеген теңге жылдам сатып алынды. Теңге әлемдік нарықтағы америкалық индекстердің өзгеруіне шыдап бақты, теңге/доллар жұбы бір доллар үшін 367-371 теңге ауқымында нығайды, ал рубль/теңге жұбының бағамы бір рубль үшін 5,57-5,62 теңге шамасында болды.
Алдағы күндерде мұнай мен әлемдік нарықтардың қарқыны белгілі болады, яғни теңге бағамы да белгіленеді. Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 85 доллар шамасына бірден қайтып келе алмайды деп ойлаймыз. Әлемдік нарықтардағы жағдай тұрақталатын болса, мұнай бір баррель үшін 80-83 доллар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда теңге көрсетілген шамада нығаяды. Егер америкалық индекстредің қазіргі төмендеуі түзелетін болса, онда мұнай бағасы бір баррель үшін 80 доллар шамасын ұстап тұра алмайды, ал бұл теңгені 3-5%-ға әлсіретуі мүмкін.
Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:
Егер алдағы аптада АҚШ қор нарықтары төмендеуді жалғастыратын болса, онда АҚШ доллары төмендейді деуге болады. Бір жағынан, Ресейге қатысты санкцияларды күтуден қазақстандық теңгенің әлсіреуінің жалғасуы ұзаққа созылып кетті. Бағам қозғалысы бір доллар үшін 368-373 теңге шамасында болады деп болжанып отыр.
Ал ресейлік рубльдің айырбас бағамы бір рубль үшін 5,4-5,7 теңге болады деп болжанып отыр.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners сарапшысы:
Өткен аптадағы әлемдік қор алаңдарында болған жағымсыз жаңалықтар мен АҚШ президенті Дональд Трамптың ФРЖ-ның қатаң саясатына қатысты сыны доллардың күшті болатынына күмән келтіреді. Өткен апта ресейлік рубльдің мұнаймен арақатынасы әлсірегенін көрсетті. Мұнай нарығындағы тұрақсыздық құбылмалыққа әсер етті, бірақ көріп отырғанымыздай, қара алтын бағасы бір баррель үшін 80 доллардан жоғары болып алды.
Келесі аптада мұнай бағасына мұнай қорына байланысты шығатын апта сайынғы мәліметтер және аяқ астынан қайта басталған тропикалық дауыл мен құйын әсер ететін болады. «Ғасыр дауылы» атанған «Майкл» дауылы мұнай бағасының өсуіне қосымша әсер ететін болады. АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясының күшіне енетін уақытының жақындағаны қарашада мұнай нарығында алаңдаулықты арттырады. Осы тақырыпқа қатысты кез келген ақпарат мұнай бағасына әсер етуі мүмкін.
Алдағы аптада маңызды экономикалық ақпарат жарияланатындықтан, оқиғаларға толы болады. Негізінен, АҚШ-та 2018 жылдың 3 тоқсаны үшін есептілік маусымы басталады. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы салдарынан компаниялардың қаржылық нәтижесінің төмендеуі және АҚШ-тағы ұыркүйектегі әлсіз инфляция доллардың пайдасына шешілмейтіні анық. Сонымен қатар ФРЖ мөлшерлемесінің көтерілетініне де күмән бар, ал бұл америкалық долларға қысым.
Мұнай бағасының бір баррель үшін 80 доллардан жоғары болуы қазақстандық теңге мен ресейлік рубльге айтарлықтай қолдау көрсетеді. Ресйелік рубльдің нығаю әлеуеті жоғары. Келесі аптада Ресейдегі салық кезеңнің басталуы рубльге қосымша қолдау болады. Ресейге қарсы санкция тақырыбының саябырлап қалуы нарық қатысушыларының ресейлік экономиканың жағдайы мен динамикасы жайлы жаңа ақпаратқа деген қызығушылығын туғызады. Әңгіме 17 қазан күні шығатын Ресей статкомитетінің капиталдық инвестициялар, бөлшектік сауда, жалақының нақты деңгейі, қыркүйектегі жұмыссыздық деңгейі бойынша баяндамасы туралы болып отыр.
Инфляциялық болжамдардың күшеюіне байланысты алдағы аптада Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерелемені 9,5%-ға дейін арттыруы мүмкін. Егер базалық мөлшерлеме көтерілетін болса, онда теңгенің рубль мен долларға қатысты бағамы күшейеді деп болжауға болады.
Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 362-370 теңге, ал теңгенің рубльге шаққандағы бағамы бір рубль үшін 5,5-5,6 теңге ауқымында болады деп болжап отырмыз.
Олег Богданов, «Телетрейд Топ» бас сарапшысы:
Әлемдік нарықтардағы жағдай тұрақсыз болып қала бермек. АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігінің өсуі дамушы нарықтардағы иневсторлардың тәуекелін айтарлықтай арттырды. Әзірге ең үлкен әсер компаниялардың азиялық өңірдегі акцияларына қатысты болып отыр. Келесі аптада кезекті жалпы сауда нарықтарға қатты әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаржылық жүйеде тәуекелдердің күрт өсуі emerging markets елдерінің валютасының долларға қатысты бағамы түсетін болады. Сондықтан USD/KZT жұбының бағамы 375 теңгеге дейін өседі, ал теңгенің еуроға қатысты бағамы 435 теңгеге дейін түседі, тіпті рубльге шаққандағы бағамы 5,7 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Трамптың ФРЖ-ға қатысты айтқан сыны долларға әсер етті. Осының нәтижесінде рубль шамалы нығайып қалды. Шамалы ғана өйткені санкциялар ресейлік валютаға әлі де қысым жасап отыр. Тағы бір қысым – бұл 85 доллардан 80 долларға дейін күрт төмендеген мұнай бағасы болды. Мұнай бағасының төмендеуіне қыркүйекте өндіру туралы жаңалықтың шығуы себеп болды. Бірақ Иранға қарсы санкциялар мұнай бағасын бір баррель үшін 80 доллар шамасында ұстап қала алды. Келесі аптада рубль мен теңге нығаяды деп ойламаймын. Валюта бағамы шамалы құбылып, қазіргі деңгей шамасында қалатын шығар.
Келесі аптада доллар 365-385 теңге, рубль 5,4-5,6 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 77-82 доллар, бір биткоин 5000 -6800 АҚШ доллары болады.
Константин Жуковский, ARUM Capital компаниясының даму жөніндегі директоры:
Алдағы аптада қор нарығы басты назарда болады. Жағдай қиын, әлемдік көрсеткіштер өзінің 10%-ға дейінгі құнын жоғалтты, оның ішінде амарикалық доллар бар. Бұған Дональд Трамптың ФРЖ-ға қазіргі жағдайда мөлшерлемені көтеруді тоқтату керек дегені себеп болды. Дегенмен де доллардың қазіргі төмендеуі қатты айтылған пікірлер мен нарықтардың түскеніне қатысты уақытша ғана реакция. Валюта ұзақ уақыт өскеннен кейін төмендеуге тиіс. Бірақ алдағы аптада USD/KZT жұбы тағы өсіп 370-372 теңге шамасында саудалануы мүмкін. Ал RUB/KZT жұбы динамикасы жайды сөз етер болсақ, онда ресейлік рубль нығаюы мүмкін, өйткені Трамптың әңгімесі Қытай мен ФРЖ-ға ауысып, санкция тақырыбы тынышталып қалды. Алдағы аптада RUB/KZT жұбы 5,60-5,65 теңге шамасында болады.