Валюта болжамы: 15 наурыз – 19 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
418,050

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.3.2021
417-421
ГК «ФИНАМ»
13.3.2021
416-422
Forex Club
13.3.2021
417-418,5
SoftLink
13.3.2021
415-423
DAMU Capital Management
13.3.2021
414-417
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,655

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.3.2021
5,60-5,75
ГК «ФИНАМ»
13.3.2021
5,60-5,73
Forex Club
13.3.2021
5,4-5,8
SoftLink
13.3.2021
5,56-5,76
DAMU Capital Management
13.3.2021
5,65-5,70
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
501,100

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.3.2021
500-512
ГК «ФИНАМ»
13.3.2021
497-505
Forex Club
13.3.2021
500-502
SoftLink
13.3.2021
497-508
DAMU Capital Management
13.3.2021
490-500
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
64,660

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.3.2021
64-66
ГК «ФИНАМ»
13.3.2021
64,50-64,80
Forex Club
13.3.2021
64,3-64,7
SoftLink
13.3.2021
64,1-64,7
DAMU Capital Management
13.3.2021
64,5-65

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (15 – 19 наурыз).

15 наурыз – 19 наурыз

 

8 наурыз – 12 наурызға арналған валюта болжамы

 

 

 

Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар мұнай нарығындағы ахуалды сөз етті. Сонымен қатар олар АҚШ-тағы мұнай қорының өсуіне, Құрама Штаттардың экономиканы ынталандыруға қатысты шара қабылдауына, Еуропалық банктің пайыздық мөлшерлемені өзгертпеуіне және Қытай экономикасына қатысты деректерге тоқталды. ҚР Ұлттық банкінің пайыздық мөлшерлемені өзгертпеу туралы шешімін де талқылады. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
15 наурыз – 19 наурыз Наурыз айының ортасында теңгенің долларға қатысты бағамы нығаяды. Қазақстандық валютаның қымбаттауына Brent сұрыпты мұнай баррелі бағасының көтерілуі түрткі болып отыр. Айта кететін жайт, шикізат нарығына АҚШ-тағы мұнай қорының көбеюі айтарлықтай әсер етіп отырған жоқ. Инвестордардың назары АҚШ билігінің экономиканы ынталандыруға бағытталған шараларында. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 415-421 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,55-5,75 теңге болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
15 наурыз – 19 наурыз Өткен аптада теңгенің доллардан басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. ҚР Ұлттық банкі осымен төртінші мәрте пайыздық мөлшерлемені өзгерпеді. 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бойынша, инфляцияны 3-4%-ға дейін төмендету туралы пункт бар.Қазіргі таңда бұл мүмкін емес нәрсе. Өйткені 2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,5% деңгейінде. АҚШ президенті Джо Байденнің экономиканы 1,9 трлн долларға ынталандыру туралы құжатқа қол қоюы нарыққа оң әсерін тигізді. ОПЕК+ отырысынан кейін Brent бағасы 70 долларға дейін өсті. Бұл да нарыққа оң ықпалын тигізді. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 416-422 теңге, бір еуро 497-505 теңге, бір рубль 5,60-5,73 теңге, бір юань 64,50-64,80 теңге болуы ықтимал.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
15 наурыз – 19 наурыз Өткен аптада қазақстандық валютаның доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайып, рубльға қатысты бағамы әлсіреді, еуроға қатыстысы өзгереді. Бұған сыртқы факторлар себеп болды. ҚР Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдырды. Инфляция биыл 7,4% болды. ЖІӨ қаңтар және ақпан айларында 2,9%-ға кеміді. Қаржы реттеушісінің болжамы бойынша, ел экономикасындағы кері тенденция бәсеңдеп, 2021 жылы ЖІӨ 3,4-3,7%-ға өседі. Ал 2022 жылы ЖІӨ 3,7-4%-ға артады. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 415-423 теңге, бір еуро 497-508 теңге, бір юань 64,1-64,9 теңге, бір рубль 5,56-5,76 теңге болады. 

 

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
15 наурыз – 19 наурыз Теңгенің доллар мен рубльға қатысты бағамы нығайып, юаньға қатысты бағамы әлсіреді. Мұндай динамикаға мұнай бағасының бірнеше күн қатарынан көтерілуі түрткі болды. Сонымен қатар жаппай вакцинацияның жүргізілуі мен бірқатар қаржы реттеушісінің шаралар қабылдауы да нарыққа серпін берді. АҚШ президенті Джо Байден экономиканы 1,9 трлн долларға ынталандыру туралы шараны қабылдады, Еуропалық банк пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Алдағы аптада теңге бағамы осы қалыпта қалуы мүмкін. Менің болжамым бойынша, бір доллар  417-418,5 теңге, бір еуро  500-502 теңге, бір юань  64,3-64,7 теңге, бір рубль 5,4-5,8 теңге болады.

 

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
15 наурыз – 19 наурыз Йеменнен Сауд Арабиясының мұнай кешендеріне жасалған шабуылдан кейін өндіріс іркіліп қалады ма деген күдік орнады. Бұл фактор нарықты қатты алаңдатты. Brent бағасы 70 доллардан асты, бірақ кейін қайтадан арзандады. Қазіргі ұсыным көлемі өзгермеді, ал сұраныс, керісінше, артып жатыр. Мұнай бағасының жоғары болуы теңгеге оң әсерін берді. АҚШ-тың экономиканы ынталандыруға қатысты шараны қабылдауы әлем экономикасын тығырықтан алып шықпақ. Қытайдың экономикалық көрсеткіштері өсуде. Бұл да жаһан экономикасының қалыпқа келуіне зор септігін тигізеді. Менің болжамымн бойынша, алдағы аптада бір доллар 414-417 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,65-5,70 теңге, бір юань 64,5-65 теңге болады.

 
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу