Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
06.3.2021 |
415-421 |
ГК «ФИНАМ»
06.3.2021 |
418-424 |
Forex Club
06.3.2021 |
417-419 |
SoftLink
06.3.2021 |
415-422 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
06.3.2021 |
5,55-5,75 |
ГК «ФИНАМ»
06.3.2021 |
5,55-5,70 |
Forex Club
06.3.2021 |
5,3-5,7 |
SoftLink
06.3.2021 |
5,55-5,74 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
06.3.2021 |
500-505 |
ГК «ФИНАМ»
06.3.2021 |
500-505 |
Forex Club
06.3.2021 |
500-502 |
SoftLink
06.3.2021 |
498-510 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
06.3.2021 |
64-66 |
ГК «ФИНАМ»
06.3.2021 |
65,25-65,75 |
Forex Club
06.3.2021 |
64,3-64,7 |
SoftLink
06.3.2021 |
64,1-64,9 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (8 наурыз – 12 наурыз).
Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар осы аптада теңгеге әсер еткен ОПЕК+ отырысын сөз етті. Олар сәуір айындағы өндіріс және Ресей мен Қазақстанның өндіріс көлемін арттыруы мұнай бағасына, теңге бағамына оң әсер еткенін атап өтті. Сондай-ақ олар доллар индексінің өсуі мен инвесторлардың тәуекелге деген көзқарасына тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Осы аптада қазақстандық валютаға әдеттегідей шикізат нарығындағы ахуал әсер етеді. Наурыздың алғашқы аптасында мұнай бағасы шарықтап, Brent баррелінің құны 69 долларға жетті. Әлі де қымбаттауы мүмкін. ОПЕК+ отырысында айтарлықтай маңызды шешім қабылданбаса да, бекітілген мәміле нарыққа кері әсерін тигізбегені анық. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 415-421 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,55-5,75 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы әлсіреп, еуро мен рубльға қатысты бағамы нығайды. Бұған америкалық мемлекеттік облигациялар кірістілігінің артуы мен ОПЕК+ отырысында қабылданған шешім доллардың нығаюына әкеліп соғып, артынан осындай динамика қалыптасты. Альянс сәуір айындағы квотаны сол қалпында қалдыруға уағдаласты. Сонымен қатар келесі айда Ресей өндіріс көлемін 130 мың баррельге, ал Қазақстан 20 мың баррельге арттыратын болды. Осы факторлар шикізат нарығына оң ықпалын тигізеді. Brent баррелі 67 доллардан асты, артынан экспорттаушы елдердің валюталары нығайды. ҚР Ұлттық банкінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты отырысы алдында проинфляциялық қатер сақталып отыр. Ақпан айында инфляция деңгейі 7,4% шамасында болды. Бұл қаңтардағы көрсеткішпен бірдей. Инфляцияның жоғары болуы орталық банкке негізгі мөлшерлемені азайтуға мүмкіндік бермейді. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 418-424 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір рубль 5,55-5,70 теңге, бір юань 65,25-64,75 теңге болуы ықтимал.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің еуроға қатысты бағамы нығайып, қалған негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. ОПЕК+ сәуір айындағы өндіріс көлемін арттырмайтын болды, бірақ бұған дейін картель 500 мың баррельге көбейтуі мүмкін деген болжамдар айтылған еді. Бірақ келесі айда Ресей бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 130 мың баррельге, Қазақстан 20 мың баррельге өсіреді. Америкалық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі артып, доллар индексі 1,2%-ға артты. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2021 жылы ЖІӨ 3%-ға өсуі мүмкін. Бұған дейін сарапшылар 2,5-2,8%-ға өседі деп топшылаған еді. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 415-422 теңге, бір еуро 498-510 теңге, бір юань 64,1-64,9 теңге, бір рубль 5,55-5,74 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған сыртқы және ішкі факторлар әсер етті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл экономика өтке жылмен салыстырғанда 3%-ға артады деп мәлімдеді. Былтыр ЖІӨ 2,6%-ға төмендеген еді. Теңге бағамының нығаюына мұнай бағасының өсуі түрткі болды. Өйткені ОПЕК+ өндіріске қатысты келісімді өзгеріссіз қалдырды. Бұдан бөлек Қазақстан келесі айда өндіріс көлемін 20 мың баррельге арттырмақ. Менің болжамым бойынша, бір доллар 417-419 теңге, бір еуро 500-502 теңге, бір юань 64,3-64,7 теңге, бір рубль 5,3-5,7 теңге болады.