Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.2.2021 |
412-418 |
ГК «ФИНАМ»
27.2.2021 |
416-422 |
Forex Club
27.2.2021 |
417-419 |
SoftLink
27.2.2021 |
414-421 |
DAMU Capital Management
27.2.2021 |
418-422 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.2.2021 |
5,50-5,75 |
ГК «ФИНАМ»
27.2.2021 |
5,55-5,65 |
Forex Club
27.2.2021 |
5,6-6 |
SoftLink
27.2.2021 |
5,54-5,67 |
DAMU Capital Management
27.2.2021 |
5,55-5,65 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.2.2021 |
500-510 |
ГК «ФИНАМ»
27.2.2021 |
505-510 |
Forex Club
27.2.2021 |
505-507 |
SoftLink
27.2.2021 |
501-513 |
DAMU Capital Management
27.2.2021 |
495-505 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.2.2021 |
63-65 |
ГК «ФИНАМ»
27.2.2021 |
64,00-64,60 |
Forex Club
27.2.2021 |
64,3-64,6 |
SoftLink
27.2.2021 |
64-64,6 |
DAMU Capital Management
27.2.2021 |
64,5-65 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (1 наурыз – 5 наурыз).
Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар келесі аптада теңгеге мұнай нарығындағы ахуал мен доллар бағамы әсер етеді деп отыр. Ал бұл факторларға нарықтағы тәуекел, америкалық облигациялардың көрсеткіштері мен ОПЕК+ альянсының кезекті отырысы ықпалын тигізеді. Сонымен қатар мамандар Қазақстандағы салық аптасының аяқталуы мен Fitch Ratings агенттігінің Қазақстанға қатысты несиелік рейтингісін мақұлдауын да сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Ақпанның аяғында мұнай құны сәл арзандады, дегенмен қазір Brent баррелінің бағасы 65-66 доллар шамасында. Жаһандық нарықтағы тәуекелге деген қызығушылық басым болып тұр. Бірақ инвесторлар қауіпсіз валюталарды таңдап жатқандай болып көрінуі мүмкін. Наурыз айының басында теңгеге осы факторлар әсер етеді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 412-418 теңге, бір еуро 500-510 теңге, бір юань 63-65 теңге, бір рубль 5,50-5,75 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің юаньнан басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған «қара алтынның» арзандауы мен америкалық қазынашылық облигациялар кірістілігінің өсуі салдарынан тәуекелге деген қызығушылықтың артуы түрткі болды. Апта соңында доллар индексі көтерілді. Бірақ шикізат құны арзандады. Техастағы жағдай туралы айтатын болсам, бір аптаға созылған апат кесірінен мұнай өңдеуші зауыттар мен құбыр желісі зардап шекті. Салдарынан өңделмеген мұнай көлемі артып, оны өңдеуге қуат мөлшері жетіспеді. Осы фактор да мұнайдың арзандауына себеп болды. Нарықтағылардың назары ОПЕК+ альянсының кезекті отырысында. Жиын 4 наурызда ұйымдастырылады. Қазақстанда макроэкономикалық саясат жөніндегі шараларды жүргізу бағдарламасын ұзарту жарияланды. Бұл бағдарлама 2023 жылға дейін созылады. Оның мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Осы факторлардың бәрін ескере отырып, мынадай қорытындыға келдім. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 416-422 теңге, бір еуро 505-510 теңге, бір рубль 5,55-5,65 теңге, бір юань 64,00-64,60 теңге болуы ықтимал.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің юань мен рубльға қатысты бағамы нығайып, еуро мен долларға қатысты бағамы әлсіреді. Мұндай динамикаға әлемдік нарықтағы америкалық және еуропалық валюта индекстерінің өсуі себеп болды. Brent бағасы 2020 жылдың қаңтарынан бергі рекордтық көрсеткішке жетті. Биыл оның бағасы 26%-ға өсті. Бұл, әрине, теңге үшін өте қолайлы жағдай. Goldman Sachs банкінің болжамынша, 2021 жылдың екінші жарты жылдығында мұнай бағасы 70 долларға дейін өсуі мүмкін. 4 наурызда ОПЕК+ альянсының кездесуі өтеді. Тараптар сәуір айындағы өндіріске қатысты шешім қабылдайды. Инвесторлар картель өндірісті небәрі 500 мың баррельге арттырады деген пікірде. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 414-421 теңге, бір еуро 501-513 теңге, бір юань 64-64,6 теңге, бір рубль 5,54-5,67 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Өйткені шикізат бағасы төмендеді. Мұнайдың арзандауына әлемдік нарықта доллардың нығаюы түрткі болды. Өйткені америкалық қазынашылық облигациялардың кірістілігі төмендеді. Доллар бағамы өсіп жатыр, салдарынан шетелдік валютасы барларға шикізат қолжетімсіз болып барады. Инвесторлар ОПЕК+ альянсының кезекті отырысын күтіп отыр. Нарықтағылардың ойынша, альянс мүшелері өндіріске қатысты шектеулерді біртіндеп алып тастауы мүмкін. Менің болжамым бойынша, бір доллар 417-419 теңге, бір еуро 505-507 теңге, бір юань 64,3-64,6 теңге, бір рубль 5,6-6 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Коронавирус пандемиясы бәсеңдеуде, оның шарықтау шегі өткен айда тіркелді. Вакцинация қарқынды түрде жүзеге асып жатыр, бірқатар ел карантин шектеулерін көктем не жазда алып тастау жағын қарастыруда. Brent баррелі 63 доллардан 66 долларға дейін өсті. АҚШ-та экономиканы 1,9 трлн долларға ынталандыру шарасы әлі де бекітілмеді. Егер қаражат мақұлданса, бұл экономикаға оң әсерін тигізетіні сөзсіз, бірақ инфляция мөлшері көбеюі мүмкін. Федералды қор жүйесі болса, пайыздық мөлшерлемені өзгертпейтінін жариялады. Еуропа мен Ресейдің назары АҚШ-тың «Солтүстік ағын 2» құбыр желісіне қарсы санциясында болды. Шектеу кесірінен бірқатар компания бұл жобадан шыға бастады. Дегенмен Германия мен Ресей бұл жобаны аяқтайтынын мәлім етті. Қазақстанда салық аптасы аяқталып, теңгеге деген сұраныс артты. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 495-505 теңге, бір юань 64,5-65 теңге, бір рубль 5,55-5,65 теңге болады.