Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.2.2021 |
417-420 |
ГК «ФИНАМ»
20.2.2021 |
415-420 |
Forex Club
20.2.2021 |
418-421 |
SoftLink
20.2.2021 |
414-421 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.2.2021 |
5,60-5,70 |
ГК «ФИНАМ»
20.2.2021 |
5,55-5,70 |
Forex Club
20.2.2021 |
5,6-6 |
SoftLink
20.2.2021 |
5,56-5,7 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.2.2021 |
500-510 |
ГК «ФИНАМ»
20.2.2021 |
502-506 |
Forex Club
20.2.2021 |
505-507 |
SoftLink
20.2.2021 |
501-513 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.2.2021 |
64-66 |
ГК «ФИНАМ»
20.2.2021 |
64,30-64,60 |
Forex Club
20.2.2021 |
64,7-65 |
SoftLink
20.2.2021 |
64-64,6 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (22 ақпан – 26 ақпан).
Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылардың бұл жолы да теңгеге мұнай нарығындағы ахуал әсер етеді деп отыр. Олар АҚШ-тағы мұнай өндірісінің қысқаруын және шикізат қорын сөз етті. Сонымен Құрама Штаттардың экономиканы ынталандыруға қатысты шарасына тоқталды. Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Ақпанның ортасында мұнай бағасының көтерілуі теңгеге оң әсерін тигізді. Қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы 415-420 теңге шамасында болды. Келесі аптада теңгеге әдеттегідей шикізат бағасы мен жаһандық нарықтың тәуекелге деген ұстанымы ықпал етеді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 417-420 теңге, бір еуро 500-510 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,60-5,70 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған «қара алтынның» қымбаттауы мен әлемдік нарықтағы жағдайды түрткі болды. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 65 долларға дейін жетті. Техастағы өндіріс көлемі 1,2-4 млн баррельге азайды. Біздің ойымызша, Техас өндірісті қайта жаңартып, артынан мұнай бағасы мен теңге бағамы да өзгеруі мүмкін. АҚШ-та өңделмеген мұнай қоры 5,8 млн баррельге азайды. Бұл фактор нарыққа сәл де болса оң ықпалын тигізді. Қазір нарықтағылар Құрама Штаттардың экономиканы ынталандыруға қатысты шара қабылдауын күтіп отыр. Егер 1,9 трлн көлеміндегі қаржы бекітілсе, дамушы елдердің валютасы бір серпіліп қалар еді. Moody’s агенттігі Қазақстанды «Baa3» деңгейінде қалдырды. Агенттік еліміздің мемлекеттік борышының аз екенін, экономикамыздың әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, үкіметтің пандемия кезіндегі әрекетіне жоғары баға берді. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 415-420 теңге, бір еуро 502-506 теңге, бір рубль 5,55-5,70 теңге, бір юань 64,30-64,60 теңге болуы ықтимал.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Мұнай құнының қымбаттауы мен доллар индексінің төмендеуі қазақстандық валютаның нығаюына септігін тигізіп отыр. Техастағы қолайсыз ауа райының кесірінен өндіріс қысқарып, шикізат бағасы өскен болатын. АҚШ-тағы өңделмеген мұнай қоры бір аптада 7,3 млн баррельге азайды.Еске сала кетейін,Қазақстанның бюджетін болжауға қатысты базалық сценарийде мұнай бағасы 50 доллар шамасында бекітілген, ал консервативтілігінде 35 доллар шамасында. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы бұл көрсеткіштерден жоғары, сондықтан теңгенің тұрақтылығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 414-421 теңге, бір еуро 501-513 теңге, бір юань 64-64,6 теңге, бір рубль 5,56-5,7 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Өйткені Техастағы қолайсыз ауа райының кесірінен өндіріс қысқарып, мұнай бағасы төмендей бастады. Бұған дейін АҚШ-тағы өндіріс көлемі 3,5 млн баррельге азайған еді. Егер алдағы уақытта мұнай арзандаса, теңге бағамы да әлсірей береді. Менің болжамым бойынша, бір доллар 418-421 теңге, бір еуро 505-507 теңге, бір юань 64,7-65 теңге, бір рубль 5,6-6 теңге болады.