Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.2.2021 |
416-420 |
ГК «ФИНАМ»
13.2.2021 |
417-421 |
Forex Club
13.2.2021 |
418-421 |
SoftLink
13.2.2021 |
416-426 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.2.2021 |
5,60-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
13.2.2021 |
5,60-5,70 |
Forex Club
13.2.2021 |
5,6-6 |
SoftLink
13.2.2021 |
5,57-5,7 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.2.2021 |
505-510 |
ГК «ФИНАМ»
13.2.2021 |
506-510 |
Forex Club
13.2.2021 |
507-510 |
SoftLink
13.2.2021 |
501-515 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.2.2021 |
64-66 |
ГК «ФИНАМ»
13.2.2021 |
64,70-65,25 |
Forex Club
13.2.2021 |
65,1-65,5 |
SoftLink
13.2.2021 |
64,5-65 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады
Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылардың назары қазір мұнай нарығындағы ахуалда. Олардың ойынша, шикізат бағасының өзгеруіне ОПЕК пен Халықаралық энергетика агенттігінің соңғы болжамдары әсер еткен. Бұдан бөлек мамандар АҚШ-тың экономиканы ынталандыруға қатысты шарасын да атап өтті. Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Ақпанның екінші аптасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды, апта соңында еуро мен долларға қатысты бағамы әлсіреді. Мұнай бағасының өзгеруі мен нарықтың шикізатқа қатысты шешімінің белгісіздігі теңгеге кері әсерін тигізіп отыр. Алдағы уақытта бұл факторлар теңге айтарлықтай ықпал етеді.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 416-420 теңге, бір еуро 505-510 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,60-5,85 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Теңгенің доллар, рубль мен еуроға қатысты бағамы әлсіреп, юаньға қатысты бағамы нығайды. Теңгенің әлсіреуіне ОПЕК пен Халықаралық энергетика агенттігінің соңғы болжамдары себеп болды. Қос ұйым да алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдайдың кесірінен көрсеткіштер төмендейді дегенді айтып отыр. ОПЕК дерегі бойынша, сұраныс 100 млн баррельге емес, 96,1 млн баррельге дейін азаяды. Дегенмен нарық әлем экономикасы біртіндеп қалыпқа келеді деген пікірде. Өйткені АҚШ экономиканы ынталандыру үшін 1,9 трлн доллар шамасында қаражат бөлуді көздеп отыр.
Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 417-421 теңге, бір еуро 506-510 теңге, бір рубль 5,60-5,70 теңге, бір юань 64,70-65,25 теңге болуы ықтимал.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайып, рубль мен еуроға қатысты бағамы сәл әлсіреді. Қазақстандық валютаның тұрақтылығын мұнай бағасының жоғары болуы қамтамасыз етіп отыр. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы қазір 60 доллардан жоғары. Шикізат нарығына Сауд Арабиясының өндірісті қысқартуы мен вакцинациядан кейін сұраныстың біртіндеп көбеюі оң ықпалын тигізуде. Қазақстан экономикасы қазір тұрақты десе болады. Қаржи министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, 2020 жылы мұнайдың арзандауына қарамастан мемлекеттік кіріс көлемі артқан және мемлекеттік бюджеттің кірісі бойынша жоспар 102,7%-ға орындалған. Үкіметтің ел экономикасының дамуына қатысты болжамына сүйенсек, 2025 жылға қарай мемлекеттік бюджет тапшылығы 3%-ға дейін төмендейді. Биыл ЖІӨ 3%-ға өседі, 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш әр жылда 5%-ға артып отырады.
Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 416-426 теңге, бір еуро 501-515 теңге, бір юань 64,5-65 теңге, бір рубль 5,57-5,7 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Жұма күні қазақстандық валюта арзандады, мұнай бағасы да түсті. ОПЕК+ қаңтар айында өндірісті қысқарту жөніндегі келісімді 103%-ға орындағанын мәлім етті. Бұл 2020 жылғы маусым айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Осы фактор шикізат нарығына оң әсерін тигізді. Қазақстан болса, қаңтар айында келісімдегі шарттарды алғаш рет 100%-ға орындады. ОПЕК пен Халықаралық энергетика агенттігі нарыққа қатысты болжамын жариялаған соң, шикізат арзандай бастады. Яғни «қара алтын» бағасы тағы да төмендесе, теңге де әлсірейді деген сөз.
Менің болжамым бойынша, бір доллар 418-421 теңге, бір еуро 507-510 теңге, бір юань 65,1-65,5 теңге, бір рубль 5,6-6 теңге болады.