Валюта болжамы: 16 қараша – 20 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
429,900

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.11.2020
426
ГК «ФИНАМ»
14.11.2020
430-433
Forex Club
14.11.2020
431-434
SoftLink
14.11.2020
425-435
DAMU Capital Management
14.11.2020
427-432
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,650

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.11.2020
5,60
ГК «ФИНАМ»
14.11.2020
5,56-5,65
Forex Club
14.11.2020
5,7-6,1
SoftLink
14.11.2020
5,45-5,64
DAMU Capital Management
14.11.2020
5,55-5,65
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
506,300

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.11.2020
503
ГК «ФИНАМ»
14.11.2020
507-512
Forex Club
14.11.2020
507-510
SoftLink
14.11.2020
501-515
DAMU Capital Management
14.11.2020
500-505
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
64,980

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.11.2020
64,4
ГК «ФИНАМ»
14.11.2020
64,75-65,35
Forex Club
14.11.2020
64,8-65,1
SoftLink
14.11.2020
64,5-65,5
DAMU Capital Management
14.11.2020
65-66

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (16 қараша – 20 қараша).  

16 қараша – 20 қараша

 

9 қараша – 13 қараша.  

 

 

 

Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылардың назарында коронавирус індетінің таралуына қатысты жаңалықтар болды. Валюта бағамына қазір америкалық вакцинаның жасалуы мен бірқатар елде карантин шараларының енгізілуі әсер етті. Осы факторлар мұнай бағасына да әсерін тигізді. Сарапшылар сонымен қатар АҚШ-тағы биліктің ауысуы мен Кавказдағы ахуалды сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

16 қараша – 20 қараша

Өткен аптада теңгенің рубльден басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Келесі аптада рубльдің шетелдік валюталарға қатысты бағамы өсуі мүмкін. Яғни осы валютаның теңгеге қатысты бағамы нығаюы ықтимал. Менің болжамым бойынша, бір доллар 426 теңгеге дейін, бір еуро 503 теңгеге дейін, бір юань 64,4 теңгеге дейін арзандап, бір рубль 5,60 дейін өседі.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:

16 қараша – 20 қараша

Өткен аптада теңгенің негізгі ваюталарға қатысты бағамы айтарлықтай өспеді. Апта басында оң динамика байқалса, соңында көрсеткіштер төмендей түсті. Сонымен қатар теңгеге мұнай бағасы да айтарлықтай әсер ете қоймады. АҚШ-тағы мұнай қорының көлемі туралы ақпарат шикізат құнына ықпал етір отыр. Оның үстіне Ливия мұнай өндірісін арттырып, яғни бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 1,1 млн баррельге дейін өсірді. Бұл шикізатқа тәуелді елдердің валютасы үшін ауыр соққы болды. Алдағы аптада бір доллар 430-433 теңге, бір еуро 507-512 теңге, бір рубль 5,56-5,65 теңге, бір юань 64,75-65,35  теңге шамасында болады деп ойлаймыз.

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

16 қараша – 20 қараша

Өткен аптаның соңында сауда қорытындысы бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған мұнай бағасының төмендеуі әсер етіп отыр. Шикізатқа деген сұраныстың қалпына келуі ұзаққа созылады деген болжамдар бар. Өйткені қазір бірқатар елде індет өршіп, карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Келесі аптада қазақстандық валютаның негізгі валюталарға  қатысты бағамы әлсіреуі мүмкін. Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 431-434 теңге, бір еуро 507-510 теңге, бір рубль 5,7-6,1 теңге, бір юань 64,8-65,1 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

16 қараша – 20 қараша

Өткен аптада теңгенің юаньнан басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай нарығындағы бағалар септігін тигізді. Pfizer мен BioNTech компаниялары бірлесіп жасаған вакцинасы сынағының сәтті өткені жарияланды. Сонымен қатар бұған дейін бірнеше ел өз вакциналарын жасап шығарғанын мәлімдеген еді. Инвесторлар дың пікірінше, осы факторлар індет қатерінің азаюына түрткі болды. Вакцинациялаудың жаппай басталуы мұнайға деген сұраныстың артуына үлесін қосады. Келесі аптада бір доллар 425-435 теңге, бір еуро 501-515 теңге, бір рубль 5,45-5,64 теңге, бір рубль 64,5-65,5 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:

16 қараша – 20 қараша

Нарықтың назары АҚШ-тағы биліктің ауысуы мен індеттің екінші толқыны басталады деген болжамдарда. Пандемияға байланысты бірнеше ел қайтадан шектеу шараларын енгізіп жатыр, салдарынан мұнайға деген сұраныс азайып, экономикалық көрсеткіштер төмендеуде. Дегенмен америкалық вакцинаның тиімділігі туралы ақпарат жарияланғаннан кейін, мұнай бағасы тұрақталды. Бұл жайт теңгеге оң әсерін тигізгені анық. Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 427-432 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір юань 65-66 теңге, бір рубль 5,55-5,65 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу