Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (16 қазан - 20 қазан) арналған теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.
16-20 қазанға арналған валюта болжамы
Аbctv.kz жүргізген кезекті сауалнамаға ҚР Ұлттық банкінің кезекті іс-әрекеті арқау болып отыр. Өткен аптада сауалнамаға қатысқан сарапшылар алдын ала күткендей, Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Бұл жолы сарапшылардың басым бөлігі Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің баяндамасына баса назар аударыпты. Атап айтқанда, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС, «Еуразиялық капитал» АҚ, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, IFC Markets және ««Аналитика Онлайн Қазақстан» компаниясының сарапшылары өз пікірлерінде оптимистік тұрғыдан тілге тиек етіпті.
Десе де, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС және «Еуразиялық капитал» АҚ сарапшылары Ұлттық банктің қолға алған шараларына қарамастан, теңге бағамы жыл соңына дейін біртіндеп әлсірей бермек. «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ сарапшысы өз пікірінде долларды қолдайтын факторларға тоқталыпты. Сонымен қатар сарапшылар теңгенің әлсіреуіне объективті себептер болмағанына назар аударған. «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС спикері ҚР Ұлттық банкі әзірлеген банктік секторды сауықтыруға арналған бағдарламаның тиімділігіне күмәнмен қарайтындығын мәлімдеді. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді валюталық алыпсатарлықпен айналысады деп айыптап, оларды валюта нарығына енгізуді шектеуді ұсынды.
Сарапшылар келер аптада бағамның құрылуына Ұлттық банктің іс-әрекетінен бөлек, Каталонияның Испания құрамынан бөлінуін кейінге қалдырылуы («ФИНАМ» компаниялар тобы) әсер етуі мүмкін екенін алға тартты. Сонымен қатар бағамның құрылуына энергия тасымалдау нарығындағы ахуал мен рубльдің жағдайы да (TeleTrade Central Asia) ықпал етпек.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС бас сарапшысы:
Бұған дейін Данияр Ақышев былай деп мәлімдеген еді: «Теңге бағамы өздігінен құрылуы керек. Алайда валюта нарығында қиын жағдай орын алса, Ұлттық банктің араласуға құқығы бар». Бірақ теңгенің долларға шаққандағы бағамы анағұрлым тез әлсірейтіндей нарықта қандай қиын жағдай орын алды? Әлемдік нарықта долларға деген қысым әлі де бар. Біріншіден, мұнай тиісті деңгейден әлдеқайда жоғары бағаға сатылуда. Екіншіден, рубльдің долларға қатысты бағамы нығаюын жалғастырып келеді. Өкінішке қарай аталған сыртқы факторларға қарамастан, теңге әлсіреді және долларына 345 теңге деңгейіне жетті. Ал кейіннен теңгенің шамамен 10 теңгеге нығайып, долларына 334 (+-) теңге деңгейіне жеткенін көрдік. Бұл оқиғалардың бәрі бір уақытта орын алды. Яғни сыртқы фактор еш өзгеріссіз қалып отыр.
Ұлттық банк банктік секторды сауықтыру үшін қайтарым негізінде 15 жылға 500 млрд теңге бөліп, арнайы бағдарлама әзірледі. Меніңше, екінші деңгейлі банктер үшін бөлінген қаржы шын мәнінде валюта нарығына бағытталған. Банктер валюталық алып-сатарлықпен айналысу арқылы пайдаға кенелмекші және өз қаражаттарын еселеп алмақ. Оның үстіне сауықтыру баңдарламасы қайтарым негізінде құрылған. Шын мәнінде шетелдік әріптестерімен салыстырғанда, Қазақстанның қаржы нарығы сауда көлемі бойынша әлдеқайда артта келеді. Бізде нарыққа қатысушылардың саны аз. Нарықтың көп бөлігін ірі ойыншылар құрайды. Ал оларға анау айтқандай бәсекелестік мүлдем жоқ. Сол себепті біздің нарықты бақылау жеңіл. Валюта нарығындағы алып-сатарлықтың қалыпты жағдайға айналуы да сондықтан. Сонымен қатар банктік сектор қалыпты бағам айырмашылығынан соң көп жағдайда бас тартып отыр. Яғни, теңге әлсіреген жағдайда төмен пайыздық мөлшерлемемен шетелдік валютада қарыз беру арқылы банк елеулі табысқа кенелмек.
Яғни, ірі ойыншылар сыртқы факторларға көз жұма қарап, мөлшерлемені теңгеге қарсы қояды. Кейін бағам долларына 345 теңгеге жеткен кезде, «теңге әлсіреді» деп жар салады. Міне, сол сәтте Ұлттық банк валюталық интервенцияны жүргізіп, саудаға араласады.
Менің ойымша, банктердің өз қаражатын пайдалана отырып валюта нарығына шығуын шектеу керек. Ұлттық банк пен үкіметтің құзыретіне жатпайтын қаржылық тұрақтылықты қадағалайтын тәуелсіз комитет құрылуға тиіс. Комитеттің міндеті мен мақсаты – қаржы жүйесін бақылау және қауіпті сейілту, валюта және қор нарықтарындағы қаржылық институттардың қызметін реттеу, қаржы қызметтерін пайдаланатын тұтынушылардың (клиенттердің) құқығын қорғау. Комитеттің өкілеттілігіне капиталдың ұлғаюы мен өтімділігін талап ету құқығы, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіу, егер қаржы жүйесіне қауіп төндірген жағдайда ірі қаржы инститтарының өсуін шектеу мүмкіндігі енуі тиіс.
Бұл қадамға бармайынша, ұлттық валютамыз қатты қысым көре бермек. Техникалық тұрғыдан алып қарасақ, теңге жыл соңына дейін долларына 356,32 теңге деңгейіне дейін әлсіреуі әбден мүмкін.
Келесі аптаға арналған валюта болжамы: USD/KZT – 333-338, RUB/KZT – 5,80-5,90.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Еуроның америкалық долларға қатысты бағамының өсуінің негізгі драйвері осы аптада Каталонияның Испания құрамынан шығуы бойынша ымыраға келуі болды.
Өз кезегінде еуропалық валютаның оң көрсеткішіне Еуропа орталық банкінің басқарма мүшесі Забине Лаутеншлегердің мәлімдемесі де ықпал етті. Оның айтуынша, реттеуші Еуроаймақта QE бағдарламасының басымдығын жоғалтуына байланысты бағдарламаны жеделдетіп аяқтауға тиіс. Сондай-ақ ол ынталандыру шараларын біртіндеп тоқтату үдерісін 2018 жылдан бастау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Біздің болжамымызша, келер аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы рубліне 5,80-6,1 теңге шегінде сақталмақ. Ал теңгенің долларға қатысты бағамы – 334-340, теңгенің еуроға қатысты бағамы 396-401 болады деген ойдамыз.
Әли Сағындықов, АО «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:
Дәл қазіргі сәтте Ұлттық банктің бағамды тұрақтандыру үшін 1 млрд теңгені сатуға дайын екенін мәлімдеуі теңгенің нығаюына жол ашқанын байқап отырмыз. Соған қарамастан, жыл соңына дейін теңге біртіндеп әлсірей бермек деген ойдамыз. Алдағы аптада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 333-337 шегінде болады деген пікірдеміз. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы – 5,75-5,85.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Өтіп бара жатқан аптада теңге бағамы түзетілді-ау, әйтеуір. Бұл – Ұлттық банк басшысының мәлімдемесінің нәтижесі. Реттеуші Ұлттық қордың резервінен 1 млрд долларды сатуы мүмкін. Бұдан бөлек, «ас үйдегі» сарапшылардың мезгіл сайын айтатын девальвация туралы алып-қашпа әңгімелерін есепке алмағанда, теңге әлсіреуіне ықпал ететіндей объективті себептер болған жоқ. Сондықтан бағамның құрылуы күткендегідей болды. Бірақ халықтың есебінен емес, негізінен нарықтың кәсіби қатысушыларымен құрылғанын атап өту керек. Біздің пікірімізше, келер аптада теңге нығайын жалғастыра бермек. Мұнай бағасының өсуі және «әлсіз» доллар рубльге барынша қолдау бермек. АҚШ-та компаниялардың тоқсандық есебі есепке алынатын уақыт жақындап қалды. Бұл шара доллардың рубльге ғана емес, өзге де валюталарға қатысты бағамына әсер етуі мүмкін. Біздіңше, мұнай мен рубль ешқандай да құбылмалылық әкелмейді.
Алдағы аптада валюталық жұптарға берер болжам келесідей: USD/RUB– 57,5-59, USD/KZT – 330-335, RUB/KZT – 5,6-5,8.
Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптамалық тобының басшысы:
Келер аптада қазақстандық валютаға тек қана табиғи макроэкономикалық факторлар ғана әсер ететін болады. Теңге бағамы мұнай нарығы мен ресей рубліне қатысты құрылады деп толық сеніммен айтуға болады.
Мұнай бағасы барреліне 56-57,50 доллар шегінде сақталып отыр. Бұл нарық қатысушыларының барылығын қанағаттандыратын секілді. Нарықтағы бағаның едел-жедел өзгеруіне алып келетіндей алғы шарттар жоқ. АҚШ-тағы мұнай қоры шамалы көлемде дефицитке ұшырауы мүмкін. Себебі соңғы есепке сүйенсек, Штаттардағы мұнай өндіру көлемі өткен аптада 81 мың баррельге азайған. Бұған дейінгі аптадағы бұрғылау жұмыстарының азайғандығы себеп болған. Сонымен қатар нарықты қолдайтын фактордың бірі – ОПЕК-тің мұнай өндірісі және экспорты туралы жасаған есебі. ОПЕК+-тің өндіріс көлемін азайту жөніндегі келісімі оң нәтиже беруде. Мұнай трейдерлері белгілі бір деңгейде өңірдегі геосаяси жағдайды есепке алып оытр. Бірінші кезекте Ирак құрамында Күрдістан мен Сүриядағы ахуал ескеріліп отыр.
Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алмаса, мұнай нарығы 56-58 доллар шегінде сатылуы жалғаса бермек. Бұл өз кезегінде теңгенің бағамын қолдайды. Осының бәрін ескере отырып, USD/KZT валюталық жұюы келер аптада АҚШ долларына 333-338 теңге деңгейінде болады деген болжам айтамыз. Төмен бағамды пайдаланып, доллар сатылымы артуы мүмкін екенін ескерсек, бұл жағдай валта нарығындағы құбылмалылыққа алып келуі ықтимал.
Ресей рублінің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 56,60-58,40 шегінде сақталуын жалғастырады. Қымбат мұнай, федеральды займ облигацияларына деген жоғары сұраныс, төмен инфляция (3,1%), Ресейдің орталық банкіндегі депозиттер бойынша рубльдік өтімділікті қалыптастыру (1 трлн рубльден астам), осының бәрі Ресей валютасының пайдасына жұмыс істемек. Осыған байланысты RUB/KZT жұбы 5,8-6,0 шегінде болады деген болжам айтамыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Алдын ала күтілгендей, Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені сақтап қалды. Бұдан бөлек, банк төрағасы Данияр Ақышевтің осы жылдың соңына дейін БЗЖҚ мен Ұлттық қордан 1 млрд долларды сату туралы мәлімдемесі де оң әсер етті. Халықаралық тәжірибеде мұны ауызша интервенция деп атайды. Әлемдік орталық банктердің басшылары алып-сатарлықтың деңгейін төмендету үшін өз жоспарларымен жиі бөлісіп тұрады. Бұл ретте Қазақстанның мұндай интервенцияға баруы сәтті өрілді. Себебі ұлттық валюта әлсіреуін тоқтатты. Келер аптада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 330-340 шегінде болмақ. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы – 5,83-5,93.
Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 9 теңгеге нығайды. Бұған ҚР Ұлттық банкінің 69,7 млн АҚШ доллары көлеміндегі валюталық интервенциясы оң әсер етті. Бұдан бөлек, 9 қазан күні Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев теңгеге қолдау көрсетті. Ол өз сөзінде алдағы уақытта ұлттық валютаны қолдау үшін қосымша интервенция жүргізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Сондай-ақ банк басшысы жақын болашақта Ұлттық қор аясындағы конвертациялау аясында БЖЗҚ қоржынынан валюталар сатылымға шығарылуы мүмкін екенін айтты.
Мұндай жаңалықтар теңгеге едәуір қолдау болмақ. Кем дегенде теңге қазіргі деңгейінде сақталмақ. Осының бәрін ескере отырып, келер аптада долларына 330-335 теңге шегі орын алады деген ойдамыз. Ал RUB/KZT валюталық жұбы 5,8-6 шегінде болмақ.