Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (16 сәуір – 20 сәуір).
Өткен аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы айтарлықтай төмендеді. Бұған АҚШ-тың Ресейге салған санкциясынан рубльдің құлдырауы себеп болды.
Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, алдағы аптада валюта нарығындағы құбылмалыққа басты себеп – геосаяси қауіп болады. Біздің сауалнамаға қатысқан сарапшылардың көбі, атап айтсақ FXPrimus, «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан», Wall Street Invest Partners, «Телетрейд Групп» және «Альпари» сарапшылары Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін екенін айтып отыр.
Сондай-ақ сарапшылар Сүрия төңірегіндегі геосаяси жағдайды да атап кетті.
Энергия тасымлдаушылар нарығындағы жағдайда назардан тыс қалмай, сауалнамаға қатысқан сарапшылардың барлығы дерлік мұнай бағасының жоғары болатынын айтты.
Басқа факторлар арасынан компаниялардың маусымдық есебі («ФИНАМ»), АҚШ президентінің Роберта Мюллер атына айтылған сыны («АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан»), сондай-ақ «Скрипаль ісі» мен АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы (Wall Street Invest Partners), Ұлттық банктің дүйсенбі күні пайыздық мөлшерлемені өзгертуі (Wall Street Invest Partners) сөз болды.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Бейсенбі күні америкалық биржа индекстері Blackrock инвестициялық компаниясының оң есебі мен Сүрияға қатысты зымыран соққысы қаупінің кейінге қалдырылуынан сауданы жақсы аяқтады.
S&P500 нарығының индексі 0,83%-ды қосып алып, сауданы 2663,99 көрсеткішпен жапты. Dow Jones өндірістік индекс 1,21%-ға, жоғары технологиялық NASDAQ 1,01%-ға өсті. 10 жылдық қазынашылық облигациялар бес базистік көрсеткішке, яғни 2,8%-ға дейін ұлғайды.
Нарықтар сауда және әскери қақтығыстардың бірте-бірте күшеюінен болған құбылмалықтан шаршап, компаниялардың есеп беру маусымының басталуына ақырын ғана ауысып кетті.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,29%-ға өсіп, 71,17 доллар шамасында болды. Бұл ОПЕК-тің картельдің наурыз айында мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімді 161%-ға орындағаны жайлы баяндамасында көрсетілді. Сондай-ақ сарапшылардың бағалауынша, «қара алтынға» деген әлемдік сұраныс 2018 жылы тәулігіне 0,03 млн баррель болады деп болжанып отыр, ал екінші жартыжылдықта әлемдік қордың төмендеуінен тәулігіне 1,3 млн баррель болады.
Тап қазіргі жағдайда жергілікті қолдаумен Brent маркалы мұнай 71 және 71,50 доллар шамасында.
Келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы бір рубль үшін 5,2-5,5 теңге, доллар 323-326 теңге, еуро 401-405 теңге болады деп отырмыз.
Арман Бейсембаев, FXPrimus сараптамалық департаментінің басшысы:
Алдағы апта инвесторлар үшін геосаяси тәуекелдер тұрғысынан қауырт болады деп болжанып отыр. Нарық қатысушылары АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуін назарда ұстайды. Еске сала кетер болсақ, осы аптаның басында АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді, бұл Ресейдің нарығына қатты әсер етіп, активтердің жаппай сатылымы мен рубльдің әлсіреуіне әкелді. Ресейдегі бұл жағдай қазақстандық нарыққа да әсерін тигізіп, теңге өзінің құнының 4%-ын жоғалтып, долларға қатысты бағамы 319 теңгеден 332 теңгеге дейін әлсіреді. Негізі, жаңа санкцияға қатысты дүрбелең ұзаққа созылмай, бейсенбі күні рубль мен теңге қайта нығая бастады. Бұл беталыс алдағы аптада да жалғасады деуге болады. Сонымен қатар әлсіреу мұнай бағасының өсуі кезінде пайда болды. Мұнай бағасының өсуі – бұл инвесторлар корреляция арасындағы айырмашылықтан ұтады деген сөз. Бұл бұған дейінгі сатылған активтердің жоқ дегенде 50-60%-ы қайта орынына келетінін білдіреді. Бұдан бір доллар 323-325 теңге, ал бір рубль 5,4-5,5 теңге деңгейіне сәйкес келеді.
Бұрынғы деңгей шамасында нығаюға басты кедергі бұрынғыша санкциялардың жаңа пакетін енгізу болуы мүмкін. Келесі аптада инвесторлар талқылау барысын басты назарда ұстайды. Егер құжат қабылданатын болса, бұл тағы да дүрбелең тудырып, ресейлік нарықтың төмендеуіне әкеледі. Алайда бұл оқиға алдағы аптада іске аса қоюы екіталай.
Сергей Полыгалов, «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» компаниясының сарапшысы:
Ресейлік валютаның төмендеуі кезінде теңге өзінің бағамын ұстап тұра алды. Өткен апта қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамының бірте-бірте қалыпқа келуімен есте қалды.
Теңге бірінші кезекте ресейлік валюта бағамының өзгеруін бақылауға алатын шығар, бірақ оның бағамына рекордтық қымбат мұнай мен әлемдік нарықтағы доллар бағамы да әсер етпей қоймайды.
Ресейлік рубль өткен дүйсенбідегі күрт төмендеуден кейін, өз позициясын қайта қалыпқа келтіруді жалғастырады. Әрине бір доллар үшін 55-56 рубль болатын бағамын енді көрмеуміз мүмкін. Ресейлік валюта бір америкалық доллар үшін 60 рубль болатын жаңа шаманы іздейтін болады. Сүрия төңірегіндегі геосаяси жағдай әлсіреді, бірақ соңғы америкалық санкциялардың әсерін естен шығаруға болмайды. Ресейлік рубльге Батыстың ресейлік экономикаға әсері бар екенін мойындап, алдағы орташа мерзімде де әсер етпей қоймайтынын мойындаған жөн. Ресейлік валютадағы доллардың қазіргі бағамы экономика үшін қолайлы және алдағы уақытта да бір доллар үшін 60 рубль шамасында болуы жалғасады.
Осы арада, Қазақстанның Ұлттық банкі RUB/KZT жұбы бойынша баға құрылымын қалай белгілейтінін, яғни ресейлік валютаны бір рубль үшін 5,2-5,4 теңге шамасынада арзан етіп қалдыра ма әлде 5,6-5,7 теңге шамасына қайта келе ме соны түсінген жөн. USD/KZT жұбының бағамы ең бірінші осыған байланысты болады.
Қазақстандық валюта үшін бүгінгі күні бір баррелі 72 доллар болып (мұндай баға 2014 жылдан бері болған емес) тұрған мұнайда қолдау болмақ. Мұнайдың бір баррелі 69-72 доллар шамасындағы бағасы жалғасуы мүмкін. «Қара алтын» бағасының жоғары болуына тағы да Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай себеп болып отыр. Әсіресе Сүрия төңірегінде болып жатқан жағдай мұнай бағасының өсуіне басты драйвер болып отыр. Саудия мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынаста жағдайды ушықтырып тұр. Саудия егер Иранға қарсы санкия ратификацияланбайтын болса, ядролық қаруды қолданатын айтып отыр.
Жағдай тез шешілмейтіні анық, ал бұл мұнай акцияларын сатып алушылардың пайдасын өсіруге көмектеспек.
Үш апта бойы оң динамика көрсетіп тұрған АҚШ доллары Таяу Шығыстағы шиеленіс пен АҚШ президенті Трамптың арнайы прокурор Роберта Мюллерге қатысты айтқан сынына байланысты Ақ үйдегі жаңа жанжалдан кезекті қиындыққа тап болуы мүмкін. Доллардың өсуі төмендеуді көрсетуі де мүмкін екені белгілі.
Нәтижесінде мұнайдың бір баррелі 69-72 доллар шамасында, бір доллар 60-63 рубль болуы мүмкін. Ал RUB/KZT жұбы бір рубль үшін 5,3-5,5 теңге арасында, USD/KZT жұбы бір доллар үшін 323-328 теңге шамасында саудаланада деп болжап отырмыз.
Ілияс Басшығұл, Wall Street Invest Partners жетекші сарапшысы:
Ресейлік рубльден кейін қазақстандық теңгенің долларға шаққандағы бағамы да әлсіреді. Оған тіпті мұнай нарығындағы бағаның өсуі де әсер етпеді. АҚШ-тың ресейге қатысты жаңа санкциялары, дүйсенбі күні рубльдің долларға қатысты бағамын 3 пайызға төмендетті. Бұл 2015 жылдан бергі бірінші рет орын алып отырған нашар көрсеткіш. Ресей Орталық Азия елдері үшін ірі сауда серіктесі болып табылады. 11 сәуір күні Қазақстандық қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы бір доллар үшін 331,15 теңге болды, ал ресейлік рубльге қатысты бағамы 5,1896 теңге болды. Ресей АҚШ-қа жауап ретінде АҚШ импортына қатысты санкциялық әрекет дайындап жатыр.
Шиеленіскен саяси жағдай қаржы нарығында да әсер етті.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшілері бейсенбі күні Сүрияға қатысты жағдайды талқылады. Трамп сәрсенбі күні америкалық зымырандар сүриялық Дума қаласындағы химиялық шабуылға жауап беретінін айтқаннан кейін Ресеймен, батыспен арадағы жағдай одан сайын ушығып кетті.
Тап қазіргі уақытта ұзаққа созылған азаматтық соғыс жүріп жатқан Сүрия елі көп мұнай өндірмейді және ірі мұнай-газ құбырлары бұл ел арқылы өтпейді. Алайда орын алып отырған саяси жағдай бұл елдегі мұнай бағасына қолдау болды.
Ұлыбританя елінің саясаткерлері Ресейдің қатысы барын дәлелдей алмаса да, «Скрипаль ісі» ұзаққа созылатын сияқты. Батыс елдері тек Ресейдің арнайы қызметінің ғана мұндай әрекетке баруға себебі болғанын айтады, ал Ресей тарапы болса мұны жоққа шығарып отыр.
Саяси жағдайдың әсер етуі қаржы нарығындағы құбылмалықтың басты себебі болып отыр. «Сауда соғысындағы» қазіргі жақсы жаңалық бұл АҚШ пен Қытайдың протекционистік баж шартын төмендету мүмкіндігі жайы болмақ. Мұнайдың бір баррелі 72,50 доллар шамасында саудалануда. Ресей нарығы қарқынды қайта қалыпқа келіп жатыр, бірақ та АҚШ тарапынан жаңа санкциялардың болатынын жоққа шығармайды. Теңге бағамына әсер ететін негізгі фактор бұл сыртқы жағдай. Бір доллар 326-331 теңге, бір ресейлік рубль 5,3-5,4 теңге болады деп болжанып отыр.
Олег Богданов, «Телетрейд Групп» бас сарапшысы:
Өткен апта қазақстандық валюта үшін аса қолайлы болған жоқ. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы шамамен 6%-ды жоғалтты. Өткен дүйсенбі күні ресейлік рубльдің жаппай сатылымы қазақстандық теңгеге басты қысым болды.
Ресейге қарсы АҚШ-тың жариялаған жаңа санкциялары көп жағдайға әсер етті. Батыс инвесторлары әртүрлі құралдағы позицияларын жауып, долларға кете бастады.
Сүриядағы әскери шиеленісті күту Ресей мен АҚШ арасындағы жағдайды ушықтырды. Рубль 10 пайызға түсіп кетті, рубльден кейін теңге де төмендеді. Аптаның соңына қарай біршама түзету болды. Алдағы уақытта теңге мен рубльге қатысты динамиканы санкция мен саяси жағдай белгілейтін болады.
Сондықтан бұл жағдайда теңге үшін болжам нашар болады. Теңгенің долларға қатысты бағамы 335 теңге болуы мүмкін.Теңгенің еуроға қатысты бағамы 420 теңгеге дейін, ал ресейлік рубльге қатысты бағам 5,1 теңгеге дейін нығаюы мүмкін.
Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 325-328 теңге, ал рубльге шаққандағы бағамы бір рубль үшін 5,29-5,32 теңге ауқымында болады деп отырмыз. Теңгенің долларға қатысты бағамының нығаюына мұнай бағасы әсер етуі мүмкін. Жағымсыз драйвер бұл АҚШ санкциясы мен геосаяси жағдай болып қала бермек. Алайда келесі аптада ресейлік мемлекеттік қарызға қатысты жаңа санкция пайда болмаса немесе Сүрияға қатысты жағдай ушықпаса, онда нарық санкцияны да ұтып шығады.
Егер Ұлттық банк 16 сәуір күні пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыратын болса, онда бұл, біздің ойымызша, теңге бағамының нығаюы үшін тағы бір фактор болады. Ал пайыздық мөлшерлеме төмендейтін болса, онда теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамы да төмендейді.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық теңгенің долларға шаққандағы бағамы біршама әлсіреді. Бұған тіпті бір баррелі 70 доллар болып тұрған мұнай бағасы да көмек бола алмады. Көптеген сарапшы теңгенің әлсіреуіне АҚШ тарапынан Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі әсер етті деп отыр. Алайда теңгенің төмендеуіне Сүриядағы саяси жағдай әсер етті деп ойлаймын. Теңге мен ресейлік рубль ғана төмендеген жоқ, сонымен қатар көптеген өңірлік валюталар, мысалы, түрік лирасы, иран реалы, израйль шекелінің де төмендегенін көруге болады.
Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы шамалы нығайды. Бұл Қазақстан экономикасының ресейлік экономикаға қарағанда жылдам өсуінен. Үкімет Қазақстан бюджетінің мұнай емес тапшылығын осы жылы ЖІӨ-ден 7,1%-ден 7,6%-ға көтерді. Алайда теңгенің рубльге қатысты бағамы одан әрі нығаюы мүмкін. Болжам бойынша Қазақстан экономикасы осы жылы 3,8%-ға, ресейлік экономика небәрі 1,5%-ға өседі. Осы аптадағы бағамның құбылмалығы жайлы айтар болсақ, рубль 5,08-5,44 теңге, доллар 323-333 теңге болуы мүмкін.