Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (17 қыркүйек-21 қыркүйек).
Өткен аптада дамушы нарықтардың валюталары біршама уақыттан кейін нығая бастады. Аbctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылар әдеттегідей сыртқы факторларға назар аударуда. Атап айтқанда, сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынасына («ФИНАМ», «Телетрейд Групп»), Ресейге қарсы америкалық санкциялардың қатаңдатылуына, («Телетрейд Групп», « «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ), энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға («ФИНАМ», «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) көңіл бөлуде.
Сондай-ақ, сарапшылар АҚШ-тың қазынашылық қарыз нарығындағы кірістіліктің өсуін («Телетрейд Групп»), доллардың әлемдік валюталарға қатысты бағамының әлсіреуін, алда өтетін федералды қор жүйесінің отырысын, онда мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) тілге тиек етіпті. Ал ішкі фактор ретінде валталардың ресми айырбас бағамын қалыптастырудағы жаңа тетікті атапты.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясының сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
10 қыркүйектен бастап Қазақстанда валталардың ресми айырбас бағамын қалыптастырудың жаңа тетігі күшіне енді. Бұдан былай Ұлттық банктің ресми бағамдары «Т+1» есеп айырысу мерзімі бойынша валюта нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысына байланысты қалыптасатын болады. Бұл жаңалық алып-сатарларды айтарлықтай қуантты. Алайда, теңге бағамына кері әсерін тигізді.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша жаңа болжам жасап, бір доллар 375-380 теңге болады деп отырмыз. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам бір рубль үшін 5,50-5,51 теңге болуы мүмкін.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Бейсенбі күні америкалық қор алаңдары оң аумақта жабылды. Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда-саттық келіссөздерінің қайта жаңдану әлеуеті бойынша оң нәтиже көрсетіп отыр.
Трамптың АҚШ үшін Аспан асты елімен сауда келісімін бекітудің ешқандай қажеттілігі туындап отырған жоқ деп мәлімдегеніне қарамастан, АҚ үй мерзімі жақындап қалған Конгресс сайлауына дейін Бейжіңмен келісімге келуі қажет.
S&P500 нарығының индексі 0,53%-ға өсіп, 2904,18 шамасында жабылды. Өндірістік Dow Jones индексі 0,57%-ға жоғарылады, ал жоғары технологиялық NASDAQ 0,75%-ға артты. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы бір базистік көрсеткішке көтеріліп, 2,97%-ды құрады. MSCI Emerging Markets индексі 1,4%-ға өсті.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің шолуында Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 80 доллар деңгейін бағындырғаннан кейін өткен сауда-саттықтың қорытындысы бойынша қара алтынның бағасы 1,56%-ға төмендеп, 78,44 доллар шамасында жабылды. Халықаралық энергетикалық агенттік дамушы нарықтардағы дағдарыстың және сауда қақтығыстарының салдарынан 2018 және 2019 жылдардағы шикізатқа деген жаһандық сұраныстың өсуіне қатысты бағаны өзгеріссіз қалдырды.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 365-369 теңге және еуроға қатысты бағамы 431-434 теңге болады деп болжап отырмыз.
Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:
Теңге долларға қатысты жағдайын түзегенше, бағам 372-ге қайта оралды. Алайда қозғалыс ұзаққа бармайды деп ойлаймын. Өйткені, дамушы нарықтардағы негізгі тенденциялар өзгерген жоқ. Әдеттегідей АҚШ-тың қазынашылық қарыз нарығындағы кірістілігі өсіп келеді. АҚШ пен Қытай арасындағы «сауда соғысы» әлі жалғасуда. Бұл жағдай әлемдік экономиканы айтарлықтай тұралатып тастауы мүмкін. Сондай-ақ бұған АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының одан әрі қатаңдатыла түсетінін қосыңыз. Ал бұл фактор еліміздің экономикасына кері әсерін тигізуі ықтимал.
Осы жағдайларды ескере отырып, USD/KZT жұбы 380 деңгейінде, EUR/KZT жұбы 340 деңгейінде қалыптасады деген ойдамыз. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,5 дәлізінде құбылатын болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Осы аптада рубль айтарлықтай нығайды. Оған мұнай бағасының өсуі, доллардың әлемдік валюталарға қатысты бағамының әлсіреуі (доллар индексі теріс статистика салдарынан құлады) және алдын ала күтілгендей ресей билігінің рубльге қолдау көрсетуге дайын екендігі туралы мәлімдемесі әсер етті. Дегенмен, рубльдің толықтай жұмсалып, ал бұған дейін доллар сатып алғандардың бәрі пайдасын түзеуге шешім қабылдауы ең негізгі себеп болған секілді. Долларды 66-67 рубль деңгейінде сатып алу қайта жандануы мүмкін. Алда өтетін федералды қор жүйесінің отырысы өтеді. Онда мөлшерлемені арттыру туралы шешім қабылданады деген болжам бар. Бұдан бөлек, жаңа санкциялар жариялануы мүмкін. Демек, доллар тағы да сәл-пәл қымбаттайды деген сөз. Әрине, бұл жағдай басқа валюталарға қысым болып тиеді.
Алдағы аптаға арналған болжамым: доллар – 370-380 теңге, рубль – 5,4-5,6 теңге, доллар – 67-69 рубль, Brent сұрыпты мұнай – барреліне 75-80 доллар, биткойн – 5 000-7 500 доллар.