Валюта болжамы: 18 ақпан – 22 ақпан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
376,875

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
16.2.2019
375-380
IFC Markets
16.2.2019
373-380
Астана-Инвест
16.2.2019
373-377
Gold Mining Capital
16.2.2019
376-381
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,646

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
16.2.2019
5,5-5,8
IFC Markets
16.2.2019
5,57-5,7
Астана-Инвест
16.2.2019
5,5-5,7
Gold Mining Capital
16.2.2019
5,55-5,85
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
425,750

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
16.2.2019
425-429
IFC Markets
16.2.2019
421-429
Астана-Инвест
16.2.2019
415-430
Gold Mining Capital
16.2.2019
426-431
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
16.2.2019
IFC Markets
16.2.2019
Астана-Инвест
16.2.2019
Gold Mining Capital
16.2.2019

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 ақпан – 22 ақпан). ​

18 ақпан – 22 ақпан  
 

 

 

Inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар тағы макроэкономикалық факторларға мән берді. Сарапшылар болжамдарында АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімін жасауы сияқты («ФИНАМ», Gold Mining Capital) тригерге ерекше тоқталып кетті.

Осы аптада Американың Ресейге (IFC Markets, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ), сондай-ақ Иран мен Венесэулаға қарсы санкциялар (IFC Markets) жайы ерекше сөз болды.

Мұнай нарығындағы жағдайды сөз еткен сарапшылар негізінен қара алтын бағасының өткен аптада көтерілгенін (IFC Markets, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, Gold Mining Capital), сонымен қатар Саудияның наурызда мұнай өндіруді қысқарту ойы бар (IFC Markets) екенін еске салып кетті.

Сарапшылар басқа тригерлер ішінен АҚШ ФРЖ-сының монетарлық саясатын және ЕО-ның экономика бойынша жағымсыз статистикалық мәліметтер («ФИНАМ»), Қазақстан ІЖӨ-сінің өсуінің баяулауы (IFC Markets), Ресейде салық төлемдері кезеңінің басталғанын (Gold Mining Capital) және т.б атап кетті.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:   

18 ақпан – 22 ақпан

Бөлшектік сауда туралы мәліметтердің көңілден шықпауынан, бейсенбі күнгі саудада америкалық биржа алаңдары сауданы кері аумақта жапты.

АҚШ-та желтоқсандағы бөлшектік сауда автокөлік, бензин, құрылыс материалдарын қоспағанда 1,7%-ға төмендеп кетті, бұл 2001 жылдың қыркүйегінен бергі орын алып отырған ең нашар көрсеткіш.

S&P 500 индексінің фьючерсі 0,27%-ды жоғалтып, 2745,73 көрсеткішімен сауданы жапты. Индикатор үшінші сауда қатарынан 200 күндізгі орта деңгейден жоғары саудалануда. Өндірістік Dow Jones индексі 0,41%-ға төмендеп, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,09%-ға көтерілді.  Дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,1%-ға түсіп кетті. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі төрт базистік көрсеткішке 2,66%-ға дейін түсті.

Төртінші тоқсанды қорытындылап жатқан есеп беру маусымы америкалық компаниялардың нәтижесі жаман емес екенін көрсетіп отыр. Алайда сарапшылардың пікірінше бірінші тоқсанның қорытындысы ойлағандай болмай, пайданың жылдық көрсеткіште 0,3%-ға төмендегенін көрсетіп, 2016 жылдан бері байқалып отырған кері өсімнің алғашқы тоқсаны болуы мүмкін.

Қазір жаһандық нарықтардың активтерінің арттыруға қатысты алыпсатарлық себептері АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімін жасауды күтумен байланысты болып отыр. Алайда көптің күтіп отырған келісіміне қол жеткізілгеннен кейін, әлемдік экономиканың назардан тыс қалған мәселелері бірінші орынға шығады.

АҚШ ФРЖ-сының пайыздық мөлшерлемені арттыруды кейінге қалдыру туралы шешімі америкалық валютаны бірден әлсіретіп жіберді. Бірақ та егер Еуроаумақ пен Құрама Штаттардың экономикалық көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, ЕО-ның экономика бойынша соңғы мәліметтері қызыл кеңірдек болып айтып жатқан еуроның қатты өсуіне еш себеп жоқ екенін көреміз. Еуроодақтың статистикалық басқарма есебіне сәйкес, өңірдегі 19 елдің өндірістік өнеркәсібі қаржылық дағдарыс кезінен бері жылдам қарқынмен төмендеп келеді.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,5-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 375--380 теңге және еуроға қатысты бағамы  425-429 теңге болады деп болжап отырмыз.

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:

18 ақпан – 22 ақпан

Өткен аптада қазақстандық валютаның америкалық долларға қатысты бағамы өзгерген жоқ. Brent маркалы мұнайдың бағасы бір апта ішінде 7%-ға қымбаттады. Саудия наурызда мұнай өндіруді тәулігіне 9,8 млн-ға дейін немесе 0,5 млн баррельге қысқартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар мұнай котировкасы Американың Иран мен Венесэулаға қарсы санкцияларын күшейтеді.

Осының салдарынан теңге долларға қарсы  бағамын нығайтуға тырысып бақты. Бірақ одан әзірге еш нәтиже жоқ. Оған макроэкономикалық мәліметтер мен жаңалықтар әсер етті деп ойламаймын. Атап айтсақ, 2019 жылы Қазақстанның ІЖӨ-сінің өсуі 2018 жылдың қаңтарындағы +4%-бен салыстырғанда +2,9%-ға дейін баяулады. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің бірқатар өңірінде экономикалық қиындықтар беру екенін атап кетті. Қаржы министрі Әлихан Смайлов Қазақстанның мемлекеттік борыштың құрамын қайта қарауды ұсынды. Осының барлығы валюта нарығына қатысушылардың тәуекелге бармайына әкелген сияқты.

Дегенмен қымбаттап жатқан мұнай бағасы теңгенің еуроға қатысты бағамын нығайтуға мүмкіндік берді. Бұған EUR/USD жұбының баға белгілеуінің айтарлықтай төмендеуі себеп болды. Ресей рублі апта соңына қарай әлсіреді, оған Америка санкциялары күшейеді деген ақпар негіз болды. Теңгенің ресей рубліне қатысты бағамының нығаюы қатты байқалды.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,57-5,7 теңге, бір доллар үшін 373-380 теңге, бір еуро 421-429 теңге болады деп болжап отырмыз.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

18 ақпан – 22 ақпан

Соңғы екі аптада рубльдің долларға шаққандағы бағамы нығайғанын байқадық. Ал теңге болса сол қалпында қалды. Алайда теңге рубльдің артынша нығаю керек болатын, өйткені бағам бір рубль 5,8 теңге болды.  Бұған теңгеге деген сенімнің болмағаны себеп сияқты. Бірақ та жаңа санкциялар туралы ақпар шыққаннан кейін, рубль қайта әлсіреді. Рубльге қазіргі уақытта қымбаттаған мұнай бағасы демеу. Алдағы аптада теңге мен рубльга қатысты айтарлықтай өзгеріс бола қояды деп ойламаймын. Бағам сол қазіргі қалпында болатын шығар.

Мен егер бағам бір рубль үшін 5,4-5,6 теңгеден жоғары болса, доллардың сатуға кеңес беремін. Егер бағам бір рубль үшін 5,4-5,6 теңге шамасында болса, онда долларды сатпаған жөн. Яғни теңге/руббль бағамына мән береміз. 

Биткойнға жоламаған дұрыс.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 64-66 рубль, бір рубль 5,5-5,7 теңге, бір доллар 373-377 теңге, бір еуро 415-430 теңге  болады деген болжам жасап отырмын.

 

Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital сарапшысы:

18 ақпан – 22 ақпан

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздеріне қатысты оптимизм салдарынан АҚШ-тың акциялар нарығы өсуде. Оның артын ала мұнай және басқа да тәкеуелді активтер өсуде. Доллар қорғаушы актив рөлінде, егер келіссөз барысында кедергі болса, ол түсіп кетуі мүмкін.

По сведениям The Wall Street Journal мәліметі бойынша,екі елдің сауда делегацияларының кездесуі алдағы уақытта ынтымақтастық жасаудың шарттарын мақұлдаусыз аяқталды. Алайда екі тарапта келіссөздерде ілгерілеу бер екенін атап кетті.WSJ-дың ақпараттық дереккөздеріне сілтеме жасап жазғанына қарайтын болсақ, Бейжің мен Вашингтон  жалпы сипат түріндегі ниет туралы хаттама келісіміне қол қоймақ. Содан кейін бұл құжат АҚШ пен Қытай президенттерің жеке кездесуінде талқыланатын сауда келісімнің негізі болады. Келіссөздер келесі аптада жалғасады

Бүгін Ресейде салық төлемдері кезеңі басталады. Бұл ресей рубліне қолдау болары анық. Алайда бұл жолы жағдай біршама қиын болуы мүмкін. Ал рубль динамикасы шетелдік инвесторлардың әрекетіне байланысты болады.

Келесі аптада USD/KZT 376-381 теңге; EUR/KZT 426-431 теңге, RUR/KZT 5,55-5,85 теңге болады деп болжанып отыр.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу