Валюта болжамы: 18 желтоқсан – 22 желтоқсан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 желтоқсан – 22 желтоқсан).

 18 желтоқсан – 2218 желтоқсан – 22 желтоқсан желтоқсанға арналған валюта болжамы

Аbctv.kz-тің дәстүрлі сауалнамасына қатысқан сарапшылар өткен аптадағыдай теңге бағамының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде мұнай бағасындағы оң динамиканы атады. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі орталық банктердің отырыстарына назар аударылды. Әсіресе, ресейлік реттеушінің пайыздық мөлшерлемені бірден 50 базистік пунктке төмендету туралы шешімін қаперге алғандар көп болды. Атап айтқанда, «ФИНАМ» компаниялар тобының, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ және Wall Street Invest Partners компаниясы алматылық филиалының сарапшылары осы факторға айырықша көңіл аударды. Бұл ретте «ФИНАМ»-дағылар Ресей Орталық банкінің мұндай шешімі жедел әрі дұрыс ойластырылмаған қадам болды деп есептейді. Сонымен қатар, аталған компаниядағылар жаңа санкциялардың енгізу ықтималдығы жоғары екенін еске салды (бұл туралы «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» де айтты). «ФИНАМ», ГК TeleTrade және «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» компаниясының сарапшылары Федеральды қор жүйесінің      негізгі мөлшерлемені 1,5%-ға дейін көтеру өткен туралы сәрсенбідегі шешімін тілге тиек етті. Бұл жағдайдың орын алатыны алдын ала болжанған да болатын.

Энергия тасымалдаушылар нарығындағы ахуал туралы бірер сөз. «ФИНАМ» өкілдері аталған нарыққа негізінен ОПЕК+ ұйымының келісімі әсер етуін жалғастыруда деп есептейді. Сондай-ақ Forties құбыр желілеріне қатысты орын алып мәселенің әлі де болса аз-кем әсер етіп отырғанын еске салды. «Астана-Инвест» инвестициялық үйінің» сарапшылары мұнай бағасында анау айтқандай құбылу болмайды деген болжам жасауда. Ал TeleTrade компаниялар тобының өкілдері жылдың соңғы аптасындағы бағамның құрылуына әсер ететін негізгі фактор ретінде «қара алтынның» бағасын атады. «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» сарапшысы Brent сұрыпты мұнай бағасы төмендеуі мүмкін екенін алға тартса, Wall Street Invest Partners өкілі теңге бағамына энергоресурстардың бағасы тиісті деңгейде әсер етпейді деген пікірде.

Сарапшылар жоғарыда аталған факторлардан бөлек, еліміздің өнеркәсіптік өндірісінің өсімі туралы деректерге және ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4%-ға артады деген болжамына назар аударды. Мұндай пікірді «Альпари» және IFC Markets өкілдері алға тартты. Сондай-ақ «Альпари» мен Wall Street Invest Partners сарапшылары инфляцияға қатысты статистиканы да еске салды.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясы сараптамалық департамент директорының орынбасары:

Ұлттық экономика18 желтоқсан – 22 желтоқсан министрлігінің 11 айдың қорытындысы бойынша жариялаған Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің өсімі туралы мәліметтері көңілге айтарлықтай қуаныш сыйлады. Дерекке сүйенсек, ЖІӨ-нің өсімі 3,9%-ды құраған. Осы орайда 11 айдағы өнеркәсіптік өндіріс 7,3%-ға артқан. Мұндай межені бағындыру негізінен Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру көлемінің артуына байланысты болып отыр. Қараша айында жылдық инфляция 6,3%-ды құрады. Министрліктегілер 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ЖІӨ 4%-ға өседі деп болжап отыр. Мұндай болжамдар бұған дейін де айтылған болатын. Сондықтан мұндай жарияланымдар валюта нарығына айтарлықтай әсер етпейді.        

Алдағы аптаға жасаған болжамымыз мынадай: теңгенің долларға қатысы бағамы – 333-336 деңгейінде, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,69-5,74 деңгейінде болады.   

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:18 желтоқсан – 22 желтоқсан

Өткен сауда сессиясының қорытындысында америкалық және еуропалық биржалар әлемдік деңгейдегі орталық банктердің отырысынан кейін жарты пайызға төмендеді.

Бұл ретте, нарықтар Еуропа Орталық банкі мен Англия банкінің қандай шешім қабылдайтынын алдын ала болжаған болатын. Яғни, шешім күтілгендей болды да. Еуропалық реттеуші базалық пайыздық мөлшерлемені нөлдік деңгейде өзгеріссіз қалдырды. Ал депозиттер мөлшерлемесі бұрынғыдай 0,4%-ды құрады.       

Ал Ресей нарығындағы негізгі оқиға ретінде жұма күні өткен Орталық банктің отырысын атауға болады. Отырыста ресейлік реттеуші өзге әріптестері сияқты негізгі пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешіміндерін ариялады. Шешімге сәйкес, мөлшерлеме бірден 50 базистік пунктке, яғни 7,75% жылдық мөлшерлемеге дейін төмендетілді.

Қараша айында 2,5%-ға дейін баяулаған инфляция деңгейінің төмендегі мен РФ экономикалық даму министрлігінің оптимистік болжамына байланысты сарапшылардың көбі мөлшерлеме 25 базистік пунктке дейін төмендейді деп күткен еді.    

Меніңше, Федеральды қор жүйесінің мөлшерлемесінің артуына байланысты спрэдтің (айырма) төмендеуі рубльдің долларға қатысты бағамына кері әсер етеуі мүмкін. Сондай-ақ Федеральды займ облигацияларының бағасына да оң әсер бермейді. Бұдан бөлек АҚШ қаржы министрлігінің ресейлік қарызға қатысты жаңа санкциялық пакеттің орын алу ықтималдылығы да маңызды мәселе екенін естен шығаруға болмайды. Қараша айының ортасында Эльвира Набиуллина инвесторларды тыныштандыруға тырысты. Ол Ресейдің Орталық банкі санкциялардың қатаңдатылуына дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ америкалық ведомстваның қолданатын шаралары ұсыныстық сипатқа ие екенін, сондықтан Федеральды займ облигацияларының жаңа шығарылымдарын сатып алуға тікелей тыйым салынбайтындығына сенім білдірген еді. Дегенмен, егер санкциялар түптің түбінде енгізілетін болса, рубльдің америкалық долларға қатысты бағамы 63-65 шегіне дейін төмендеуі ықтимал. Осылайша, жоғарыда санамалап өткен қауіп-қатерлерді қаперге ала отырып, РФ Орталық банкіне логикалық тұрғыдан алғанда, жұмадағы отырыста мөлшерлемені төмендетпеуі керек-тін. Ал 2018 жылы аталған қауіп-қатерлерді ескере отырып, шешім қабылдауға болар еді. Мұндай сценарий орын алған жағдайда, рубль айтарлықтай қолдауға ие болып, долларға қатысты бағамын 58-57,40 деңгейінде сақтауға тамаша мүмкіндік жасалар еді.

Forties құбыр желілеріне қатысты орын алып отырған мәселе жағдайында өткен сауда сессияларының қорытындысындағы мұнай бағасы бір пайызға көтерілді. «Қара алтынның» бағасына негізінен ОПЕК+ ұйымының келісімі де  әсер етуін жалғастыруда.  

Ағымдағы жағдайда Brent-ті жергілікті қолдау әдеттегідей 62,50 доллар және 62 доллар деңгейінде белігленді. Негізгісі әдеттегідей 61,15 доллар деңгейінде сақталып отыр. Қарсылық мән 63,50 доллар және 64,30 доллар шегінде белгіленген.   

Жұма күні АҚШ-тағы Baker Hughes компаниясының бұрғылау қондырғылары санының динамикасына қатысты статистика шықты. Ол келер аптадағы мұнай бағасының қозғалыс бағытын анықтайды. Мұнай бұрғылау қондырғыларының саны 4 бірлікке қысқарса да, бұл жағдайды «қара алтын» бағасы айтарлықтай елей қоймады.    

Біздің пікірімізше, алдағы аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды деген ойдамыз. Болжам мынадай: 1 рубль – 5,6-5,8 теңге, 1 доллар – 332-335 теңге, 1 еуро – 393-396 теңге шегінде сақталуға тиіс.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

18 желтоқсан – 22 желтоқсан15 желтоқсанда Ресейдің Орталық банкі мөлшерлемені 0,5%-ға, яғни 7,5%-ға дейін төмендетті. Реттеуші мөлшерлемені айтарлықтай азайту арқылы сақтық ойлауын да әбден мүмкін. Өйткені жаңа санкцияның енгізілуі шындыққа жанасуы ықтимал.     

Біздің ойымызша, бұл шешім рубльді ұзақ мерзімдік кезеңде қорғайтын секілді. Әзірше, рубльге доллардың әлсіреуі оң әсер етіп отыр. Алдағы аптада доллардың индексі төмендейтін секілді. Қысқа мерзімді кезеңде бұл жағдай рубль мен теңгеге әжептәуір қолдау болмақ. Мұнай бағасы тұрақтанды. Сондықтан мұнай бағасына байланысты қандай да бір құбылу орын алады деп айтуға негіз жоқ.

Біздің болжамға сәйкес, алдағы аптада Brent сұрыпты мұнайдың бағасы барреліне 60-65 долларды құрамақ. Ресей рублі долларына 57,5-59,5 рубль шегінде саудаланбақ. Ал теңгенің долларға қатысты бағамы – 333,5-338,5 деңгейін, теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,65-5,75 деңгейін құрауға тиіс.           

10 желтоқсанда Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board Options Exchange – CBOЕ) биткоинға фьючерстермен сауда-саттықты бастады. Енді инвесторларға кодты жоғалтып алудан немесе хакерлік шабуылдардан қорқудың қажеті жоқ. Фьючерстің бір келісімшарты бір биткоинға тең. Биржада фьючерстердің пайда болуы енді ірі қаржы институттарының биткоинды сатып алуына және қысқа мерзімге алуына мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, «ірі ойыншылар» мүмкіндікті пайдаланып, криптовалютаны сатып алатын болады. Бұл өз кезегінде бағаны шарықтатып жіберуі ықтимал. Ал қаншалықты шарықтататынын болжау қиындау, әрине. Қосымша айтарымыз, 18 желтоқсанда тағы бір америкалық биржа (CME) биткоинға фьючерстермен сауда-саттықты бастайды. Алдағы аптада бір биткоиннің бағасы 16500-19000 доллар болады деп болжам жасап отырмыз.      

 

Ілияс Қасжанов, Wall Street Invest Partners компаниясы алматылық филиалының шеф-сарапшысы:

Таңертеңгілік сауда сессияс18 желтоқсан – 22 желтоқсанының қорытындысы бойынша, KASE-нің 15-желтоқсанындағы орташа сараланған бағамы долларға шаққанда 335,26 теңгені құрады.

Қазақстан менталитетіне байланысты ұлттық валюта нарық заңдарына нашар жауап береді. Сондай-ақ энергоресурстар бағасы да бағамға тиісті деңгейде әсер етпейді. Ресей мен ОПЕК ұйыма мүше-мемлекеттер арасындағы келісімге байланысты 2017 жылы теңге нығайған жоқ.

Бағытты ҚР Ұлттық банкі анықтайды. Оның негізгі міндеті - қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, валюта нарығындағы интервенция мен ауызша қысым сияқты ақша-несие саясатының құралдары арқылы инфляцияны бақылау. ҚР ҰЭМ статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында Қазақстандағы инфляция 6,3%-ды құрады. Десе де, идеалы 2%-ға бағдарланған. Бұл көрсеткіш инфляцияны төмендетуге бағытталған нақты әрі біртекті үрдісті көрсетеді. Сондықтан ҚР Ұлттық банкі қандай да бір радикалдық шараларды қолданбайды деп айтуға әбден болады. Сондықтан бағамға қатысты елеулі өзгерістер күтудің қажеті жоқ.

Техникалық талдау тұрғысынан байқағаным, 2017 жылдың басынан бері теңге 0,31%-ға нығайды. Алайда желтоқсан айында ол құнының 0,98%-ын жоғалтты. Апталық диаграммада өткен жеті күндіктегі біріктіруден соң 20 күндік жылжымалы орташа сынақтан кейінгі қалпына келтірілуді аңғаруға болады. Жоғарыға қарай қозғалыс байқалып отыр. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 334-тен 337-ге дейінгі деңгейде болады деген ойдамыз.         

Енді теңгенің Ресей рубліне қатысты бағамы туралы. Өз тауарларын Азия нарығына бағыттаған Ресейдің сыртқы саясатын ескере отырып, рубль әлсірейді деген пікірдемін. РФ Орталық банкі нарықтардағы тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін осындай қадамға баруы мүмкін. Оның үстіне жұмада өткен отырыста пайыздық мөлшерлеме төмендетілді.    

Жыл басынан бері теңгенің рубльге қатысты бағамы 3,42%-ға нығайды. Бірақ, жалпы алғанда қозғалыс «бүйірлік» деңгейде орын алуда. Жақын уақытта қандай да бір елеулі өзгеріс бола қоймас. Теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6 – 5,8 шегінде болады деген болжам бар.

 

Анастасия Игнатенко, TeleTrade компаниялар тобының жетекші сарапшысы:

18 желтоқсан – 22 желтоқсанРесейлік реттеуші секілді Қазақстанның Ұлттық банкі де валюта нарығындағы құбылмалылық пен бағамды тұрақтандыруға бағытталған шараларын жалғастыруда. Бір жы ішінде мөлшерлеме үш рет 10,25%-ға дейін төмендетілді. Орта мерзімді перспективадағы негізгі факторлар қолайлы болуда. 

Осы жылдың негізгі оқиғасы артта қалды. Әлемдік деңгейдегі Орталық банктердің биылғы жылдағы соңғы отырысы өтті. Әне-міне тарих қойнауына енгелі тұрған 2017 жылдағы сауда-саттық жасалатын санаулы күндерде ойыншылар тек қана мұнай бағасына ғана мән беретін болады. 

Қазақстан Ресей секілді әлемдегі мұндай өндіруші елдердің бірі екені баршаға аян. Сондықтан, «қара алтынның» бағасы қос елдің валюта бағамының құрылуына айтарлықтай әсер етеді.

Меніңше, жыл соңына дейін Brent сұрыпты мұнайдың бағасы барреліне 61 доллардан жоғары көлемде сақталатын болса, RUB/KZT жұбының қозғалыс шегі минимальды болады.

Десе де, қараша айының ортасынан бастап рубльдің теңгеге қатысты бағамы нығайып келеді. Егер Ресей Орталық банкінің қорытынды отырысынан кейін де рубльдің теңгеге қатысты бағамы нығая беретін болса, онда бағам 5,73-5,77 деңгейінде құрылады.    

USD/KZT жұбына қатысты айтарымыз, америкалық валютаның теңгеге шаққандағы бағамы қатарынан үшінші апта жақсарып келеді. Осы аралықта бағам 1,84%-ға өсті.   

Ағымдағы жағдайларға байланысты АҚШ доллары қарсылыққа ұшырауы әбден мүмкін. Себебі 336-337 шегі маңызды деңгей ретінде бірде-бір мәрте қарастырылған емес. Оның үстіне АҚШ-тағы Федаральды қор жүйесінің қорытындысы отырысынан кейін және салық реформасы болашағының бұлыңғырлығынан америкалық валютаның өсімі үзіліс алуы ықтимал.

Осыған байланысты USD/KZT жұбы 336-337 шегін еңсере алмайды деген ойдамын. Сондықтан бағам 331-332 деңгейіне қайтып оралуы мүмкін. 

 

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

18 желтоқсан – 22 желтоқсанӨткен аптада теңге мұнай бағасының жоғарылығына қарамастан, әлсіреді. Бұл Федеральды қор жүйесінің негізгі мөлшерлемені 1,5%-ға дейін төмендетуімен байланысты.  

Келер аптада теңгенің АҚШ долларына қатысты өсімі жалғасатын болады. Егер мұнай бағасы да төмендейтін болса, онда бұл жағдай теңгенің долларға қатысты бағамын 340 деңгейіне дейін жеткізуі мүмкін. Жалпы алғанда USD/KZT жұбы 333-338 шегінде саудаланады.  

Өз кезегінде рубльдің теңгеге қатысты бағамы 5,5-5,8 шегін құрамақ.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

18 желтоқсан – 22 желтоқсанАлдын ала күтілгендей, өткен аптада теңге бағамы сәд-пәл әлсіреді. Бәлкім, инвесторлар Қазақстандағы сот және құқық қорғау жүйесіндегі реформаларды қабылдаудан сақтанатын болар. Осы аптада теңге бағамының тұрақтылығына 2017 жылдың қаңтар-қараша айларындағы өнеркәсіп өндірісінің 7,3%-ға өсуі және ЖІӨ-нің 4%-ға артуы оң әсер етпек. Алдағы аптадағы болжам мынадай: 1 доллар – 332-339 теңге, 1 рубль – 5,6-5,77 теңге.

 

 

18 желтоқсан – 22 желтоқсан

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу