Валюта болжамы: 19 қараша – 23 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
369,714

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,568

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (19 қараша – 23 қараша)

19 қараша – 23 қараша  19 қараша – 23 қарашаға арналған валюта болжамы 

Алдағы аптада бағамды қалыптастыруға негізінен тағы сыртқы фактор әсер ететін болады. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар ең бірінші энергия тасымалдаушылар нарығына мән беруде. Өткен аптада мұнай бағасының тұрақсыз болғаны жайлы «Альпари», «ФИНАМ», IFC Markets, Wall Street Invest Partners және ARUM Capital компаниясының  сарапшылары шолуларында сөз етті. Бұл ретте «ФИНАМ», Wall Street Invest Partners ARUM Capital сарапшылары АҚШ-тың энергетика министрлігі мен ОПЕК-тің жағымсыз есептерінен кейін, мұнай бағасының күрт түскеніне мән берген болса, ал IFC Markets сарапшысы желтоқсанда картельдің кезекті отырысы өтетінін айтты.

Басқа сыртқы факторлар арасынан сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысын шешуге оң қадам жасалағанын («ФИНАМ»), сондай-ақ АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы мәселесін келесі жылға қалдыруы мүмкін екенін (Wall Street Invest Partners) атап кетті. «Альпари» және «ФИНАМ» сарапшылары болса АҚШ ФРЖ-сының монетарлық саясатына тоқталды, ал Wall Street Invest Partners келесі аптада Америка экономикасына қатысты мәлімет шығатынын еске салды.

Жергілікті факторлар ішінен сарапшылар Қазақстан Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың елдегі тұрақты экономикалық жағдай туралы айтқанын, 2018 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісінің өскенін және алдағы уақытта өтетін реттеушінің кезекті отырысын айтты.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

 Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:  

19 қараша – 23 қараша

7 қараша мен  14 қараша аралығында дамушы елдер нарығының күші тағы сарқылып, қарқынын жоғалтып алды. АҚШ-тың Федеральдық резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырғанына қарамастан, дамушы нарықтарға тықырдың таянғаны байқалды. Бір апта ішінде мұнай бағасы 7,7%-ға құлдырап бір баррелі 66 доллардан сәл ғана жоғары болып тұрды. Осының салдарынан «мұнайға тәуелді» валюталар төмендеді, ресейлік рубльдің долларға қатысты бағамы 1,52%-ды жоғалтқан болса, қазақстандық теңге 1,19%-ға төмендеді.

Қазақстанда халықаралық қаржыгерлер конгресі өтіп жатыр, онда Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев баяндама жасады. Бас банк басшысының айтқанына сенер болсақ, Қазақстанның банк жүйесі дағдарыстан шыққан, ал теңгенің еркін айналым саясаты бүгінгі жағдайда қаржы нарықтары үшін оңтайлы болып отыр және Ұлттық банкке ақша өтімділігін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Данияр Ақышевтың сөзі теңгенің құлдырауын біршама ұстап тұруға дем болды.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 370-375 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы шамалы өзгеріп бір рубль 5,59-5,61 теңге болады деп отырмыз 

 Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы: 

19 қараша – 23 қараша

Сауда өкілі Роберт Лайтхайзердың Вашингтон Қытайдан келетін тауарларға жаңа салық енгізуді тоқтатты дегенінен кейін, бейсенбіде америкалық биржа алаңдары сауданы өсу көрсеткішімен жапты.

S&P500 нарығының индексі 1,06%-ға өсіп, 2730,20 шамасында жабылды.  Өндірістік Dow Jones индексі 0,83%-ды қосып алды, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса   1,72%-ға көтерілді. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы  еш өзгермей, 3,11% шамасында болды.  

Инвесторлар екі ірі әлемдік экономиканың арасында тұтанған сауда жанжалын басуға деген бірнеше ұмтылыстың нәтижесіз болуынан ауыздары біраз күйген болатын. Енді, міне, ақыр-соңында G20 саммитінің алдында жағдай жақсарды. Си Цзиньпин мен Дональд Трамп телефон арқылы болған әңгімеде өзара сауда жасау бойынша келісімге келуге  бөгет болып отырған кедергілерді жылдам жою мәселесін келісті. Қарашаның соңында Аргентинада екі басшының кездесуінен кейін бәрі бірден қалыпқа келмесі анық, алайда келіссөздің болуы мен салық салудың тоқтауы осы мәселеге қатысты шиеленісті уақытша болса да жеңілдетеді.

Нарықты тағы бір толғандыратын тақырып – бұл АҚШ ФРЖ-сының ақша-несие саясаты. Реттеушінің  еуропалық және азиялық әріптестерінің алдын орап, ынталандырушы шараларды тоқтатуын жалғастыруы инвесторлардың арзан ақша дәуірінің өтіп кеткенін ұғынуға әкеледі. Ал бұл қор нарығында аракідік құбылмалықты тудырады.

АҚШ-тың энергетика министрлігінің қорларға  қатысты мәліметі төмен көрсеткіш көрсеткенмен, сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай 0,79%-ға өсіп, 66,68 доллар шамасында жабылды.

Тап қазіргі уақытта акция сатып алушылар үшін Brent маркалы мұнайдың бағасы бірте-бірте бір баррельдің құнын 71-72 долларға жеткізетіндей етіп, бір баррель үшін 65 доллардан жоғары болғаны жақсы.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 365-369 теңге және еуроға қатысты бағамы  415-419 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Олег Богданов,  «Телетрейд Топ» бас сарапшысы:    

19 қараша – 23 қараша

Әлемдік нарықтардағы жағдай тұрақты емес. Әлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендегенін растайтын макроэкономикалық ақпараттар көптеп түсуде. Сол себепті дамушы нарықтар үшін тәуекел артуда. Қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамы 375-380 деген шарықтау шегіне жақын.  Биылғы жылы осы шама қалуы мүмкін. Келесі апта әлемдік нарықтарда тыныш өтуі мүмкін. Өйткені 22 қараша күні АҚШ-та Алғыс білдіру күні атап өтіледі, ал бұл мерекеден кейін нарықтарда  

 

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:   

19 қараша – 23 қараша

Өткен аптада қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамы шамалы нығайды. Бұған мұнай бағасының жоғары көтерілуі бірден-бір себеп болды.

6 желтоқсан күні ОПЕК-тің кезекті отырысы өтеді. Саудияның энергетика министрі Аравии Халид әль-Фалих картельге мүше елдер мен тәуелсіз өндірушілердің мұнай өндіруді тәулігіне 1-1,4 млн баррельге дейін қысқартқаны жөн болады деген пікір білдірді. Бұл мұнай нарығының есін жиып, дүрбелең сауданы тоқтатты.

2018 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісінің 4,7%-ға өсіп, сондай-ақ қаңтар-қазанда сыртқы сауда профициті 70%-ға артып, 20,75 млрд долларға дейін жеткені теңге үшін қосымша қолдау болды. Осының салдарынан биылғы жылдың он айында қазақстандық ЖІӨ 4,1% болған.

Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы біршама әлсіреді. Бұған Ресей Федерациясының Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллинаның мөлшерлеме көтерілуі мүмкін дегені себеп болды деп ойлаймын. Қазір пайыздық мөлшерлеме Ресейде 7,5%, ал Қазақстанда 9,25%. Қазақстан Ұлттық банкі кезекті отырысын 3 желтоқсанда өткізеді, ал Ресейдің Орталық банкі сәл кешірек 14 жетоқсанға жоспарлап отыр.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,52-5,64 теңге, бір доллар үшін 365-373 теңге болады деп  болжап отырмыз.

 Данияр Жұмекенов ,  Wall Street Invest Partners сарапшысы:    

19 қараша – 23 қарашаӨткен аптада әлемдік нарық тағы бір кезекті тосын сый жасады. Бұқаралық ақпарат құралдары қара алтын бағасының 7%-ға құлдырауын «Қара сейсенбі» деп жазып жатты. Мұнай нарығы кенерінен асып кетті. ОПЕК-тің мұнай нарығы жайлы есебі жарияланғаннан кейін мұнай бағасы түсті. Алайда аптаның екінші жартысында мұнай бағасы бірте-бірте қалыпқа келе бастады.

Америкалық қор нарығы саудаға қатысушылардың жағында болып, төмендеп кетті. Сонымен қатар өткен аптаның алғашқы жартысы алтын нарығы үшін де оңай болған жоқ. Алтын бағасы бір сәтте бір троя унициясы үшін 1200 долларға дейін түсіп кетті. Алайда жұма күні кешке алтын бағасының бір троя унициясы үшін 1220 доллардан жоғары болғанын көрдік. Оған америкалық доллардың негізгі валюталардың барлық спектрі бойынша әлсірегені әсер етті.

Дегенмен доллар өзінің күшін әзірге нық сезініп отыр. Экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі  мен саяси тұрақсыздық салдарынан еуропалық валюталар позициясы қысым астында қалды. Ресейлік рубль алғаш рет бір доллар үшін 68,1 және 65,8 рубль шамасында саудаланды. Рубльдің нығаюы санкцияларға қатысты көпірме әңгіменің бәсеңдеуімен тұспа-тұс келді. Қазақстандық теңге апта бойына тұрақты болды, тек жұма күні кешке ғана бір доллар үшін 370 теңге болды.

Алдағы аптада мұнай нарығында оқыс оқиғалар бола қоймас. ОПЕК-тің сараптамалық комитеті қатысушылары соңғы отырыста алдағы айда нарықты сараптауды жалғастыру қажет дегенмен шектелді. Алдағы сәрсенбіде америкалық экономикаға қатысты үлкен маңызды ақпарат шығады. Ұзақмерзімді пайдалану тауарларға арналған базалық тапсырыс пен АҚШ-тың қайталама нарығындағы сауда бойынша мәліметтер жарияланатынын атап кету керек. Көрсеткіштер америкалық экономиканың келешегі мен күшін көрсетеді. Бұл америкалық валютаға әсер ететіні, сөзсіз.

Жаңа санкциялар туралы мәселені қарастыру келесі жылға қалуы мүмкін деген ақпараттан кейін, ресейлік рубль дамылдады. Алдағы уақытта қазақстандық теңге тұрақтылықты сақтауы әбден мүмкін.

19 қараша мен 23 қараша аралығында теңгенің долларға қатысты бағамы 362-370 теңге болады деп болжануда. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам бір рубль үшін 5,54-5,64 теңге аралығында болады. Теңгенің еуроға қатысты бағамы 420-425 теңге аралығында саудаланады.  

 Владислав Воробьев, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:

19 қараша – 23 қараша

Жаһандық нарықтағы тұрақсыз жағдай әсерінен алдағы уақытта теңге бағамы төмендеуі мүмкін екеніне қарамастан, келесі апта айтарлықтай тыныш өтуге тиіс.

АҚШ энергетика министрлігінің елдегі мұнай өндіру рекордты жаңартып, тәулігіне 11,7 млн баррельге дейін артты, ал шикі мұнай қоры болжанған 3,2 млн барельдің орнына 10,27 млн барельге өсті деген есебіне қарамастан, өткен аптаның соңғы күндеріндегі саудада мұнай бағасы ақырындап өсе бастады. Бұл факт ойыншыларды  нарықты тепе-теңдігін сақтауға бағытталған ОПЕК-тің әрекеті қатты қызықтыратынын көрсетті, ал алдағы ауызша интервенция жағдайында Brent маркалы мұнайдың бір барелі 70 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.

Сонымен қатар әлемдік алаңдардағы байбалам біршама азаятыны байқалады, осының салдарынан тәуекелді активтерге сұраныстың артатынны болжауға болады, ал доллардың алда түзетілуі дамушы елдердің валюталарына деген қысымды әлсіретеді. Ресйлік рубльге қатысты өсуді  Ресейде басталған салық аптасы шектейді.

Алдағы аптада теңге бір доллар үшін 365-370 теңге, еуроға 413-416, бір рубль үшін 5,63-5,68 теңге болуы мүмкін.

Ерлан Қойшыбаев,  Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі: 

19 қараша – 23 қарашаМұнай бағасы біршама түскеннен кейін, осы аптада қайта түзелуі мүмкін. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 70 доллар, ал Light маркалы мұнайдың баррелі 60 долларға дейін өседі. Сондай-ақ доллардың еуроға қатысты бағамының 1,15 деңгейіне дейін төмендеуі теңгенің нығаюына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар теңгенің нығаюына сауда көлемінің артуы да себеп болуы ғажап емес.

Күтіліп отырған бағам қозғалысы бр доллар үшін 369-374 теңге. Ресейлік рубльге қатысты болжам бұрынғыша бір рубль үшін 5,2-5,6 теңге шамасында болмақ.

19 қараша – 23 қараша

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу