Валюта болжамы: 19 наурыз-23 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (19 наурыз-23наурыз).

19 наурыз-23 наурыз19 наурыз-23 наурызға арналған валюта болжамы

Сарапшылар алдағы аптада қазақстандық валютаның қандай да бір құбылмалығы болады деп есептемейді. Бұған аптаның жартысы мереке күндеріне түсіп тұрғаны және соған байланысты тек екі сауда күні болатыны себеп.

 Сарапшылар теңге  мен америкалық доллардың ара қатынасына негізінен алдағы аптада күтіліп отырған Федералдық резервтік жүйенің кезекті отырысы әсер етеді деп болжап отыр.Сарапшылар ФРЖ пайыздық мөлшерлемені көтеретініне сенімді. Мұндай пікірді   «Альпари», «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан», Wall Street Invest Partners  және IFC Markets компанияларының сарапшылары ұстанып отыр.

Сондай-ақ сарапшылар алдағы уақытта Аргентинада өтетін G20 елдерінің саммитінде назардан тыс қалдырмады. Бұған негізінен «ФИНАМ» және Wall Street Invest Partners компаниясының сарапшылары мән берді.

Осы аптада abctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар ресейлік валютаға баса мән берді. Сарапшылар Ресейде өтетін президент сайлауына («АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан») және жаңа америкалық санкцияға да («АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан», «Астана-Инвест» Инвестициялық үй» АҚ ) тоқталып кетті. Сергей Скрипль мен оның қызының улануына қатысты жанжал салдарынан Ресей мен Ұлыбритания, АҚШ, Германия және Франция арасындағы қарым-қатынас нашарлады(«АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан», «Астана-Инвест» Инвестициялық үй» АҚ,  Wall Street Invest Partners, IFC Markets).

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.   

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық компаниясы департаментінің орынбасары   

19 наурыз-23 наурызАҚШ-тағы пайыздық мөлшерлеме көтеріледі деген сыбыстан кейін, Қазақстанда теңгенің долларға шаққандағы бағамы әлсіреуде. Сонымен қатар теңгенің айналым бағамына мұнайдың арзандауы мен жағымсыз сыртқы геосаяси жағдай әсер етіп отыр.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 320-322 теңгеге дейін, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,55-5,7 теңгеге дейін өзгереді деп болжап отырмыз.

 

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:   

19 наурыз-23 наурызӨткен  сауда сессиясының қорытындысы бойынша америкалық биржа индикаторлары әртүрлі бағыттағы дианмиканы көрсетті. S&P500 нарығындағы индекс 0,08%-ға төмендеп,  2747,33 көрсеткішінде жабылды, ал  Dow Jones индексі 0,47% қосып алды.

10 жылдық қазынашылық облигациялардың табыстылығы бір базистік көрсеткішке 2,82 пайызға дейін өсті.

Алдағы аптаның (19-20 наурыз) басында Аргентинада G20 елдерінің саммитінде жаһандық сауда мен криптовалюта нарығы талқыланатын болады. Бұл жерде Трамптың АҚШ-пен сауда жасаудың жаңа ережесі туралы оның шартымен келісу керектігін айтқан протекционистік саясаты басты тақырып болатыны сөзсіз. Алайда сауда соғысы ешкімге пайда әкелмейді. Сондай-ақ бұл Трамптың өзіне де тиімсіз, сондықтан алдағы «үлкен жиырма» елдің жиынында аталған мәселе бойынша белігілі бір шешім қабылданады деп болжануда. 

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 65,08 долла болып, нөлдік динамиканы көрсетті.

Халықаралық энергетикалық агенттік болжамы бойынша, осы жылы мұнайға деген сұраныс тәулігіне 99,3 млн баррельді құрайды. Ал 2017 жылы сұраныс тәулігіне 97,8 млн баррельді құраған болатын.  ХЭА сарапшылары егер ОПЕК құрамындағы елдер мұнай өндіруді қазіргі деңгейде сақтап қалатын болса, онда 2018 жылдың екінші жартыжылдығында нарықтар «қара алтын» тапшылығының жалғасуын сезінетінін айтып отыр. 

Аталған жағдайда жергілікті қолдаумен Brent маркалы мұнай 64 долларға жетеді  

Келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы өзгермейді деп отырмыз. Бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір доллар 320-322 теңге және бір еуро  396-398 теңге болады деп болжап отырмыз.

Сергей Полыгалов, «Аналитика онлайн Қазақстан» компаниясының шеф-сарапшысы:

19 наурыз-23 наурызАлдағы апта теңге үшін тұрақты болатын кезекті апта. Небәрі екі  күні ғана жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл аптада Наурыз мерекесін тойлап, ұзақ демалысқа шығады. 21 наурыз бен 25 наурыз аралығында KASE-де сауда болмайды.

Алдағы мереке күндерінде бағам қандай болады? Алайда қазақстандық теңгенің бағамына қатысты елеулі өзгеріс  болмасы анық.

Мұнай бағасы апта бойына бір мәнде, яғни бір баррелі 65 доллар шамасында тұрақты тұр. IEA-ның соңғы мәліметтері тағы да бір мәнді емес. Мұнай қорының 5 млн баррельге өсуінен бензин мен дистиллят қоры күрт қысқарып, 6,3 және 44,4 млн баррель болды. Бұл жағдай мұнай нарығына қандай да бір тепе-теңдік енгізіп, қара алтынның  бір бөшкесі 64,50-65,50 доллар шамасында болуы жалғасады.

 АҚШ долларына ФРЖ-ның  кезекті отырысының нәтижесі әсер ететін болады. Базистік пайыздық мөлшерлеме 25 базистік көрсеткішке 1,50 – 1,75%-ға дейін артуы мүмкін. Мұндай болжамды нарыққа қатысушылар айтып отыр.

Мереке алдындағы саудада осы факторлар ескеріліп, қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамын шамалы әлсіретуі мүмкін.

Ресейлік рубльдің де долларға қатысты бағамы әлсіреуі мүмкін. Жылдың басынан бері рубльдің долларға қатысты бағамын ұстап тұруға себеп болған президенттік сайлау 18 наурызға белгіленген. Тағы да қайта президент болып сайланатын Владимир Путин үшін ұлттық валютаның бағамы аса маңызды фактор болмайды.

АҚШ тарапынан енгізілетін жаңа санкция мен Ұлыбритания тарапынан  жасалып жатқан қысым да ресейлік рубльге жағымсыз әсерін тигізбей қоймайды. Сыртқы факторлар, геосаясат, USD/RUB жұбының бағам жасауында тағы басымдық көрсететін болады.

ГФР үкіметі АҚШ, Германия, Франция және Ұлыбританияның бірлескен мәлімдемесін жариялады. Бұл елдерді Сергей Скрипаль мен оның қызына жасалған қастандық шошытып отыр.

Ұлыбритания премьер-министрі Ререза Мэй 14 наурыз күні елден ресейлік 23 дипломатты шығару және ресейлік актвитердің барлығын бұғаттау туралы шешім шығарды.

Ресейлік рубльдің әлсіреуі мереке алдындағы KASE саудасында да көрінетін болады.

Сонымен мұнай 64,50-65,50 шамасында саудалануын жалғастырады. USD/RUB жұбы бір доллар үшін 57-58,50 рубль шамасында саудалануы мүмкін. RUB/KZT жұбы бір рубль үшін 5,55-5,65 теңге шамасында саудаланады, ал USD/KZT жұбы болса бір америкалық доллар үшін  322,50-325 теңге көтерілуі ықтимал. Ал мереке күні бір доллар 325 теңге болады.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:     

19 наурыз-23 наурызӨткен аптада ресейлік рубль әлемдік нарықтағы доллардың нығаюынан қысым көрді. Сондвй-ақ Ресей мен Ұлыбритания арасындағы қатынастың нашарлауы мен америкалық санкциялар ресейлік рубльге жағымсыз әсерін тигізбей қоймады.

Геосаяси жағдайдың рубльге қысым жасауы бұдан әрі жалғасатын болады.

Қазақстандық теңге апта бойына ресейлік рубльмен бірдей саудаланды. Келесі аптада осы жағдай тағы қайталанатын болады.

Өткен аптада мұнай бағасы жақсы болды. Бұған Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша осы жылы мұнайға деген сұраныс артады дегені қолдау көрсетті.

Бірқатар жағымсыз жаңалықтар шыққаннан кейін өткен аптада биткоин төмендеді.

Алдағы аптаға ұсынып отырған болжамымыз:  бір доллар 57-58,5 рубль, бір рубль- 5,6-5,7 теңге, бір доллар 317-322 теңге, Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі  63-67 доллар, биткоин 6000-9000 доллар болады.

Ілияс Басшығұл,   Wall Street Invest Partners-тің жетекші сарапшысы:

19 наурыз-23 наурызӨткен аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы біршама әлсіреді, бірақ та рубльге қатысты бағамы нығайды. Теңгенің әлсіреуіне бірнеше фактор себеп бола алады, көбінесе ол сыртқы факторға байланысты.

«Қара алтын» бағасы аса үлкен динамика көрсетпеді. Әзірге мұнай бағасы біршама тұрақты, ал олардың өсуі АҚШ-тағы мұнай өндірудің артуымен  тоқтап тұр. Энергетикалық ақпарат басқарамасының (EIA) мәліметі бойынша, АҚШ-тағы мұнай өндіру көлемі өткен аптада тәулігіне 10,38 млн баррельге дейін өскен. Сондай-ақ есептік кезеңде АҚШ-тағы мұнай қоры да өсті, ал мұнай өнімдерінің қоры керісінше болжанғаннан да түсіп кетті.

Осы аптадағы маңызды оқиға ФРЖ отырысы болмақ. ФРЖ 22 наурызға қараған түні мөлшерлемені 0,25б.к –ке 1,75%-ға дейін арттырады деп күтілуде. АҚШ-тағы еңбек жалақысы бойынша соңғы мәліметтер өндірістің индекс бағасы мен тұтыну бойынша мәліметтердің баяулауын көрсетіп отыр. Бұл осы жылы мөлшерлемені еркін көтеруге мүмкіндік береді. Алайда ФРЖ осы отырыста мөлшерелемені көтеруден бас тартатын болса, онда АҚШ доллары күрт түстенін айтуға болады. Нарыққа қатысушылар шоғырландырылған ұстанымы мөлшерлеменің артуына деген сенімнің бар екенін көрсетеді, мөлшерлеме көтерілетін болса, доллар осыған дейін жоғалтқан позицияларын қайтарып ала алады. Бірақ та бұл осыншалықты ұзақ тұрмайтыны анық.

Қазақстан Ұлттық банкі 13 наурыз күні инфляцияның баяулауының жалғасуы туралы есеп берді. Осы жылдың екі айында жылдық инфляция өткен жылдың желтоқсанындағы 7,1%-дан ақпанда 6,5%-ға дейін түскен. Бұл 2018 жылға бекітілген  мақсатты шамаға толық сәйкес келеді. Теңгенің долларға қатысты бағамы 320-325 теңге шамасында болады деп отырмыз.,

Ресейлік валюта жайына келер болсақ, онда Ресейдегі орын алған саяси жағдайға байланысты теңгенің рубльге қатысты бағамы одан әрі нығая түседі деуге болады. Британия үкіметі өз азаматтарына Ресейге барғанда абай болу керектігін ескертіп жатыр. Теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6-5,67 теңге болуы мүмкін.

Криптовалюта нарығы үшін 19 наурыз күні Буэнос-Айресте өтетін G20 самиті маңызды кезең болмақ. Самитте орталық банктердің 20 губернаторы мен 29 қаржы министрлері кездеседі.  Самитте қаржылық тұрақтылық, салық төлеуден жалтару және заңсыз жұмысты қаржаландыруға арналған криптовалюта технологиясының даму салдарын қарастырылады.

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:    

19 наурыз-23 наурызӘлемдік нарықта қарбалас өсіп келеді. Бұл саяси және экономикалық факторлармен байланысты. АҚ үйдегі кадрлардың ауысуы мен Дональд Трамптың Қытаймен арадағы сауданы күшейтуі инвесторлардың жүйкесіне тиіп, әлемдік экономиканың келешегіне қатысты тұрақсыздықты қалыптастырады. Егер әлемдік сауда соғысы нақты бастау алатын болса, онда оның әсері  әлемдік саудада және Қытай мен АҚШ-тағы оның өсу қарқынынан көрініс табады. Осының салдарынан екі жылдың ішінде АҚШ-та рецессия болатынын айтуға болады.  Сонымен қатар АҚШ, Еуроаймақ, Қытай және басқа елдерде шыққан соңғы макроэкономикалық мәліметтер жақсы болып отырған жоқ. Барлық жердегі көрсеткіш болжамнан нашар болып шықты, мысалы, АҚШ-та бөлшектік сауда 0,1%-ға түскен және бұл үшінші ай қатарынан жалғасуда. Мұның барлығы emerging markets активтері үшін жағымсыз жағдай жасайды. Сондықтан нарықтың осы сегментіндегі валюталар үшін трендтер қазір жағымсыз. Алдағы уақытта қазақстандық теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы түседі деуге болады. USD/KZT жұбы 325 теңге, еуро 400 теңге, рубль 5,5- 6 теңге шамасында болады.   

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:    

19 наурыз-23 наурызӨткен аптада АҚШ доллары біршама қымбаттады. Бұған сыртқы факторлар әсер етті деп ойлаймын. Америкалық доллар кезекті ФРЖ отырысын алдында тағы нығайды. Бұл отырыс 2018 жылдың 21 наурызында болады деп жоспарлануда. Оның қорытындысы бойынша мөлшерлеме қазіргі 1,5%-дан 1,75%-ға дейін көтеріледі деп болжанып отыр. ЖІӨ-нің, өнеркәсіптік өндіріс, Қазақстанның сыртқы сауда профицитінің өсу жылдамдығы туралы жақсы мәліметтер нәтижесінде теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы біршама нығайды.  Сонымен қатар ресейлік рубль өзі де түсті. Осы аптадағы болжам бір рубль 5,53-5,67 теңге және бір доллар 318-325 теңге.

19 наурыз-23 наурыз

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу