Валюта болжамы: 2 қазан – 6 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

 Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (2 қазан  - 6 қазан   аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады. 

2 қазан – 6 қазан2 қазан - 6 қазан аралығына арналған валюта болжамы

Аbctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылардың ойынша, әдеттегідей, энерго тасымалдаушылар нарығындағы жағдай алдағы аптадағы теңге бағамының басты қозғаушысы болмақ. Мұнай бағасының артуы теңгеге тікелей әсер етеді деген пікірді біздің дәстүрлі апталық сауалнамамызға қатысқан сарапшыларымыздың дені алға тартып отыр. Атап айтқанда, «ФИНАМ» компаниялар тобының, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС, «TeleTrade Central Asia» және «IFC Markets» сарапшылары дәл осындай пікірде. «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС және «TeleTrade Central Asia» сарапшылары 25 қыркүйекте Ирактағы күрдстандықтардың тәуелсіздік туралы референдум өткізуі мұнай бағасының күрт өсуіне негізгі себеп болғанын жеткізді.

Сарапшылар бағамның құрылуына әсер ететін факторлар қатарында ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышетің еліміздегі экономикалық ахуалдың тұрақтылығына сенім білдіруін («Альпари»), сондай-ақ Ұлттық банктің теңге номиналындағы қысқа мерзімді ноталарды сатуын (IFC Markets) және Ресейдегі салықтық кезеңді (TeleTrade Central Asia) атады.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалманамадан біле аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары:

2 қазан – 6 қазанЕліміздені валюта нарығы Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің еліміздегі экономикалық ахуалдың қолайлылығы және «дағдарыстың жаңа толқыны болады» деп алаңдауға негіз жоқтығы туралы мәлімдемесінен кейін едәуір тұрақталды. Десе де, трейдерлер бұл мәлімдемені теңге бағамын көтеру үшін қысқа мерзімді ойын ретінде санауы мүмкін.

Алдағы аптадағы болжамымыз мынадай: теңгенің долларға шаққандағы бағамы 339-342 көлемінде болмақ, ал 1 рубль 5,8-5,84 теңге көлемінде сақталады деген пікірдеміз.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

2 қазан – 6 қазанӨткен ОПЕК+ министрлерінің кездесуінде Ливия мен Нигерия жоспарланған межені бағындырған жағдайда, «қара алтын» өндіруді 2-3%-ға азайтып, бағаны бірқалыпта ұстауға келісім бергені мәлім болды.

Сонымен қатар картель комитеті жүргізген мониторингте тамыз айында мұнай өндіруді азайту туралы келісімді орындау көрсеткіші 116%-ға жетті. Бұл келісім бекітілген уақыттан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осылайша, кездесуге қатысушылар нарықтардағы сұраныс балансы мен ұсыныс біртіндеп өз нормасына келгеніне көз жеткізді.   

Ірі шикізаттық трейдер болып табылатын Trafigura сұраныстың артуына байланысты мұнайға деген төмен төмен өз шегіне жетті деп есептейді. Сондай-ақ дефицит орын алуы мүмкін. Себебі 2019 жылға қарай ескі кен орындарындағы өнімнің таусылуына және жаңа кен орындарына деген инвестицияның азаюы салдарынан әлемдегі мұнай өндірісі тәулігіне 9 млн баррельге дейін құлдырауы ықтимал.

Егер мұнай бағасы 60 доллар деңгейіне жетсе, онда өнім бағасы жаңа диапазонға (60-80 доллар) шықпақ.

Біз алдағы аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,77-6,0 деңгейінде сақталады деген болжам айтамыз. Ал 1 доллар - 345-360 теңге, 1 еуро 430-440 теңге деңгейінде сақталады деген ойдамыз.  

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

2 қазан – 6 қазанҰлттық валютаның бағамы тұрақты. Басты себеп – энергия тасымалдаушыларға деген бағаның жоғарылығы. Ирак аумағындағы күрдстандықтардың тәуелсіздік туралы референдум өткізуі соңғы күндері энергия тасымалдаушыларға деген баға өсімінің негізгі драйверіне айналды. Түркия президенті Эрдоған күрдттердің өз мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын құбырларды жауып тастайынтындығын айтып, сес көрсетуінен соң «қара алтынның» бағасы бірден өсті. Сондай-ақ жуырда нарық қатысушылары тақтатас кен орындарындағы белсенділіктің төмендеп, әлем бойынша мұнай қорының азаю белгілеріне қарап таң қалған болатын. АҚШ-тағы апталық қордың төмендеуі де нарықтың пайдасына жазылды. 

Техникалық тұрғыдан алар болсақ, Brent сұрыпты мұнай барреліне 57 доллардан жоғары деңгейге тұрақтамақшы. Бұл деңгейді ойдағыдай бағындыру келісі межелерді (барреліне 59,50 және 60,80 доллар) еңсеруге жол ашпақ. Қысқа мерзімді болашақта ағымдық максимумдарға өзгерістер енеді деп күтілуде. Қазіргі қолдау 56,25 және 55,80 доллар деңгейінде тұр. Барреліне 55 доллар деңгейі мұнай бағасының ұзақ уақыт бойы төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде ұлттық валютаның тұрақтылығына әсер етуі ықтимал.

Техникалық тұрғыдан алсақ, USD/KZT валюталық жұбы әлсіреуге бейім. Жақын уақыттағы қарсылық деңгейі долларына 342,47 теңге көрсеткішінде тұр. Бұл деңгейді еңсеру валютаны долларына 345,20 теңгеге дейін әлсіретуі ықтимал.

Келесі аптаға арналған болжамымыз келесідей: USD/KZT валюталық жұбы - 338-343, RUB/KZT - 5,87-5,98.

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

2 қазан – 6 қазанӨткен аптамен салыстырғанда біз алдағы жеті күндікте елеулі өзгерістер күтіп отырмыз. Ұлттық банк теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамын 339-341 деңгейінде ұстап тұруды жалғастырады. Тиісінше, теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,85-5,95 шеңберінде сақталмақ.  

 

 

 

 

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:

2 қазан – 6 қазанАлдағы аптада теңге бағамының құрылымына әсер ететін факторлар арасында мұнай бағасы бірінші орынға шықпақ.

Мұнай нарығына барреліне 55 доллардан жоғары деңгейде сақталу тиімді болғанға ұқсайды. Ол бұл деңгейге сенімді орнықты және 2016 жылдың желтоқсанына дейінгі максимумға жетті. ОПЕК+ келісімі әлемдік мұнай қорына анау айтқандай өзгеріс әкелді деп айта алмаймын. Бірақ келісімге қатысушылар тарапынан вербальды интервенциялар «қара алтынның» әлемдік нарығына оң әсер етуде.

Мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуына әсер ететін қосымша факторлардың бірі ретінде Ирак аумағындағы күрдстандықтардың 25 қыркүйекте тәуелсіздік туралы референдум өткізуін атауға болады. Референдумның қорытындысына қарамастан, мұндай шараның өткізілуінің өзі аталған аумақтағы геосаяси жағдайды асқындырып жіберуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде мұнай бағасына әсерін тигізеді.

Бұған дейін жабылған мұнай өңдеу зауыттары жұмысын жалғастырса, АҚШ-тағы мұнай қоры төмендеуі ықтимал. Соған қарамастан мұнай өндіру көлемі де ұлғаюы мүмкін. Себебі қазіргі баға АҚШ-та тастақты мұнай өндірісін арттыруға ынталандыруы ықтимал. Бұл жағдайда АҚШ энергетика министрлігінің статисткасы тарапынан мұнай бағасына айтарлықтай әсер күтіліп отырған жоқ.

Мұнай бағасының жоғарылығы жағдайында USD/KZT валюта жұбы 338-342 дәлізінде сақталмақ. 

Рубль бағамы да мұнайға және ұлттық экспортерлер тарапынан түсетін сұранысқа тікелей байланысты болмақ. 25 қыркүйекте салықтарды төлеу басталды. Демек, келесі аптада пайдала қазбаларды өндіру салығын, қосалқы құн салығын, акциз салығын төлеу өз шегіне жетпек. Апта соңында табыс салығы төленеді. Пайдалы қазбалардың табыс салығы 277-325 млрд рубль болады деп бағалануда. 

Ресейлік валюта бұл жағдайла одан әрі нығая түспек. Яғни АҚШ долларына 56,80-57-20 рубльге дейін нығаюы мүмкін. Ал бұл RUB/KZT жұбына әсер етуі ықтимал. Келесі аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,90-5,98 деңгейінде болады деген болжам ұсынамыз. 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

2 қазан – 6 қазанМеніңше, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 338-343 диапазонында сақталмақ. Тіпті, 336 теңгеге дейін нығаюы да мүмкін. Қымбат мұнайдың арқасында ел экономикасы табысты даму үстінде. Атап айтқанда, тамыз айындағы инфляция баржоғы 0,1%-ды, ал жылдық мәнде 7%-ды құрады. Осылайша, 2017 жылы инфляция 6-8% мақсатты дәлізде орнығады. Сондай-ақ Ұлттық банктің теңге номиналындағы қысқа мерзімді ноталарды сатуы ұлттық валютаның нығаюына әсер ететін маңызды фактордың бірі болмақ. Бұл валюталық бағамның әлсіреу қауіпін сейілтіп, өтімділігін төмендетті. Теңгенің ресейлік валютаға шаққандағы бағамы 5,8-5,95 деңгейінде сақталмақ. 

2 қазан – 6 қазан

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу