Валюта болжамы: 2 сәуір - 6 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (19 ақпан-23 ақпан).

2 сәуір - 6 сәуір2 сәуір-6 сәуірге арналған валюта болжамы

Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше алдағы аптада еш тосын жағдай болмайды, теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар бұрынғыша «қара алтын» бағасы, сондай-ақ америкалық доллар мен ресейлік рубльдің құны болып қала бермек.

Апта сайынғы сауалнамаға қатысатын сарапшылар «Скрипаль ісіне» қатысты Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынастың шиеленісіп бара жатқанына ерекше тоқталып өтті. «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» және Wall Street Invest Partners компаниялары сарапшылары бұл жағдай бағам қалыптастыруға ұзақ әсер ететінін айтып отыр. Алайда ресейлік валюта үшін аяқталып қалған салықтық кезең оң әсерін тигізеді.

Ал доллар жайына келер болсақ, онда сарапшылар бұған қатысты қандай да бір тосын жағдай болады деп ойламайды. Дүйсенбі күні Батыс елдері католиктік Пасха мерекесін тойлауды жалғастырады, осыған байланысты нарықтар жұмыс істемейді. Бұл туралы «ФИНАМ» және Wall Street Invest Partners компаниясының сарапшылары айтып кетті. Негізінен, сарапшылар АҚШ-тың еңбек нарығына қатысты маңызды статистиканың жариялануына мән береді.

Сарапшылардың энергия тасымалдаушылар нарығына қатысты пікірі жақсы. «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» және Wall Street Invest Partners компанияларының сарапшылары 2019 жылы мұнай өндіру деңгейін шектеу туралы жаһандық келісімінің мерзімі ұзаруы мүмкін екенін тағы айтып кетті.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» аға сарапшысы:

2 сәуір - 6 сәуірҚазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамы тартымды болып қала бермек. Қазақстандық валютаға өте қымбат болып тұрған мұнай мен әлемдік инвесторлардың тәуекелге деген жалпы қызығушылығы әсер етеді. Қара алтын бағасы әзірге жоғары болып тұрғанда, теңге мен рубль сияқты шикізат валюталарына еш қауіп жоқ.

Сәуір айының алғашқы аптасында АҚШ доллары 315-320 теңге шамасында, еуро 395-399 теңге шамасында саудаланатын болады. Ресейлік рубль өз ауқымын 5,54-5,57 теңге шамасында сақтап қалады.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:  

2 сәуір - 6 сәуірАмерикалық биржа алаңдары бейсенбі күнгі сауда сессиясын алдағы ұзақ демалыс алдында жақсы аяқтады. Сондай-ақ ойыншылардың жақсы көңіл-күйіне тоқсанды жабу әсер етті. Онда индекс қаңтар айында жақсы бастау алған S&P500 нарығы 1,2%-ды жоғалтты.

10 жылдық қазынашылық облигациялардың табыстылығы тағы төрт базистік көрсеткішке яғни 2,74%-ға дейін түсіп, алдағы жеті аптаға қарағанда төменгі көрсеткішті көрсетті.  

Пасха мерекесінің өтуіне байланысты жұма күні АҚШ-та сауда болмады.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,52%-ды қосып алып, Америкалық Baker Hughes мұнай-газ сервистік компаниясының АҚШ-тағы мұнай бұрғылау жабдықтарының саны өткен аптада қысқарғаны жайлы мәлімет пен The ICE Futures Europe биржасында Brent экспирация бойынша фьючерстік келісімшарт аясында сауданы 70,21 доллар бағасында жапты.

Тап қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай жергілікті қолдаумен 68,60 және 68 доллар шамасында саудаланып отыр.  

Келесі аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,40-5,65  теңге, доллар 318-324 теңге және еуро 390-399 теңге болады деп болжап отырмыз.

 

Сергей Полыгалов, «Аналитика онлайн Қазақстан» компаниясының шеф-сарапшысы:

2 сәуір - 6 сәуірТеңге бағамы бұрынғыша үш фактор: мұнай, доллар және рубльге тәуелді болады.

«Қара алтынның» бір баррелі тағы да 70 доллар шамасында саудаланып жатыр және ол 68-70 доллар шамасында қалуы мүмкін. Нарықтағы мұндай тұрақтылық ОПЕК-ке мүше елдердің 2019 жылы өндіруді қысқарту туралы ОПЕК келісімшартын орындауды одан әрі жалғастыруы мүмкін екендігіне негізделіп отыр. АҚШ статистикасы қайта өңдеушілер тарапынан сұраныстың артуы мен мұнай өндіруші мұнаралар санының екі апта қатарынан азайюынан осы аптада мұнай қоры төмендеуі мүмкін екенін айтуда.

Мұнай бағасы 70 доллардан жоғары көтерілуге тырысатыны анық, алайда бұл ой жүзеге аспайтын шығар.

АҚШ доллары алдағы аптада еңбек нарығы мәліметтерінің жариялануын күтеді. Алдағы мәліметтер жақсы болғантын, ал ФРЖ-ның еңбек нарығын оң бағалауы және соған қатысты инфляцияның даму келешегі алдағы аптада америкалық долларға қолдау болуы мүмкін. Сондай-ақ жапондық экономика өкілдері тарапынан долларға деген сұраныс өсуі мүмкін. Жапонияда жаңа қаржылық жыл басталады және экспорттаушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болған жапондық йен тағы да қысым көруі мүмкін.

Салық кезеңінің аяқталуынан осы аптада ресейлік рубль шамалы төмендеуі мүмкін.

Скрипаль ісіне қатысты Ресей мен Батыс арасындағы жағдай сол шиеленіскен қалпында қала бермек. АҚШ-тан 60 ресейлік елшіні шығарып тастау туралы шешімге жауап ретінде Санкт-Петербордағы АҚШ консулдығы жабылып, Ресейден 60 америка елшісі шығарылды. Тереза Мэй үкіметі ресейлік валюта қарызына қатысты операцияны немесе оны иеленуді шектеу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ұлыбританияның инвесторлардың халықаралық клирингтік жүйе арқылы ресейлік мемлекеттік қарызға қол жеткізуіне шектеу қою ниеті қарыз нарығына, сондай-ақ инвесторларға да айтарлықтай зиян келтіреді.

Ресейлік рубльге мұнай бағасының қымбат болуы қолдау болады. Ол ресейлік валютаның күрт төмендеп кетуін ұстап тұрушы фактор болмақ.

Сонымен мұнайбің бір баррелі 68-70 доллар шамасында саудаланып, USD/RUB жұбы бір доллар үшін 57-58 рубль шамасында, RUB/KZT жұбы бір рубль үшін 5,5-5,6 теңге, USD/KZT жұбы 317,50-320,50 теңге шамасында саудаланатын болады.

 

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:  

2 сәуір - 6 сәуірӘлемдік нарықта жыл басында қалыптасқан негізгі беталыстар осы жылдың екінші тоқсанында да сақталып қалатын сияқты. Біріншіден, бұл АҚШ пен оның серіктестері арасындағы сауда қатынастары принциптерінің өзгеруі. Сауда соғысының ушығуы акция нарығына кері әсерін тигізіп, валюта нарығындағы құбылмалықты арттыруы мүмкін. Алдағы уақытта әлемдік экономиканың өсу қарқыны төмендеуі мүмкін. Ал корпоративтік табыс пен шикізат тауарлары бағасына жағымсыз әсер ететіні сөзсіз.

Екіншіден, АҚШ-тағы салық ережесінің өзгеруі америкалық компаниялардың капиталын өзіне қайтаруға әкеледі. Ал бұл жүйедегі долларлық өтімділікке әсер етеді. Үшіншіден, геосаяси жағдайдың ушығуы әртүрлі активтердің , алтын, мұнай және т.б қозғалысындағы өзгеріске әкеледі. Осыған орай, emerging markets активтеріне қатысты тұрақсыздық жоғары дәрежеде болады. Сондықтан қазақстандық теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы төмендеп, рубльге қатысты бағамы тұрақты болады деп айта аламыз. USD/KZT жұбы бойынша мақсат 325 теңге шамасында, EUR/KZT-400, RUB/KZT- 5,5 және 5,8 теңге шамасында болады.

 

Ілия Басшұғылұлы,  Wall Street Invest Partners жетекші сарапшысы:

2 сәуір - 6 сәуірӨткен аптада теңгенің долларға және рубльге шаққандағы бағамы біршама нығайды.

Сәрсенбі күні АҚШ-та шикі мұнай қоры бойынша мәлімет жарияланды. АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметіне сәйкес, АҚШ-тағы мұнай қоры бір апта ішінде 1,6 млн баррельден 429,9 млн баррельге дейін өсті. Есептік кезеңде АҚШ-тағы мұнай өндіру тәуілігіне 10,43 млн баррельге дейін жетті. Мұнай бағасы жоғары мәннен шамалы түсті, бірақ бұл қысқа мерзімді және айтарлықтай үлкен болмады.

ОПЕК өндірушілерінің мұнай өндіруді шектеу туралы келісімін сақтап қалуы арқасында мұнай бағасы соңғы үш айдағы жоғары деңгейде сақталуда. ОПЕК-ке мүше елдер келісімді 2018 жылдың соңына дейін сақтап, мұнайдың алдағы 10 жылдағы бағасын реттеуді талқылады. Келісім қатысушылары 22 маусым күні Венада кездесіп, нарықты реттеудің алдағы саясатын талқылайды. Қазіргі келісім келесі жылы да созылуы мүмкін.

Сәуірдің басында теңге бағамына әсер ететін айтарлықтай факторлар болады деп күтіліп отырған жоқ. Дүйсенбі күні Еуропа елдеріндегі пасха мерекесі жалғасады. АҚШ-тың еңбек нарығына қатысты маңызды мәліметтер алдағы жұмада жарияланады.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 318-322 теңге ауқымында болады деп күтіліп отыр.

Ал теңгенің ресейлік валютаға қатысты бағамы орын алып отырған саяси жағдайға байланысты тағы да нығаюы мүмкін. Жанжал одан сайын өршіп, ұзаққа созылатын түрі бар . Ресейлік рубльге қатысты теңге бағамы 5,5-5,6 теңге болады деп божап отырмыз.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:   

2 сәуір - 6 сәуірӨткен аптада ресейлік рубль тұрақтылығын сақтап қала алды. Оған мұнай бағасының өсуі қолдау болды. Сыртқы саясаттың шиеленісуі әзірге қатты қысым жасап тұрған жоқ.

Өткен аптада қазақстандық теңге жоғары саудаланды. Нарыққа Baker Hughes-тың АҚШ-тағы бұрғылау қондырғалар санының азаюы туралы мәлімет келіп түскеннен кейін, мұнай бағасы өткен аптада жақсы болды.

Биткоин өткен аптада біршама түсіп кетті. Facebook және Twitter-ден кейін LinkedIn әлеуметтік желісінің криптовалютаны жарнамалауға тыйым салуы бұған басты себеп болды.

Алдағы аптаға ұсынып отырған болжамымыз: Bitcoin – 5000-9000 доллар, бір доллар 57-58,5  рубль, бір рубль- 5,5-5,7 теңге, бір доллар 318-323  теңге, Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 68,5-72,0 доллар.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
2 сәуір - 6 сәуірӨткен аптада Қазақстан валютасының америкалық долларға шаққандағы бағамы мұнай бағасы тұрақты жоғары болғандықтан одан әрі нығая түсті. Бұл Brent маркалы мұнай бағасы әзірге бір баррель үшін 70 доллар деңгейінен аса алмай отырғанда орын алып отыр. Сондай-ақ теңгеге Ұлттық банктің ақша базасының қысқаруы біршама қолдау болды деп ойлаймын.

2018 жылдың ақпанында ақша базасы 6%-ға, ал алғашқы екі айда 11,6%-ға азайған. Өткен жылы ақша базасы 7,3%-ға өскен. Ақпан айында ақша массасы қатты азайған жоқ, тек 1,3% болды. Ақпанда Қазақстанда банк депозиттернің қысқарғаны байқалды. Оның ішінде теңгемен ашылған депозиттер 0,9%-ға, шетелдік валютадағы депозиттер 1,8%-ға қысқарған. Валюта бағамының тұрақты болуынан салымшылар үшін депозитті теңгемен ашу тартымды болып отыр. Бұл долларға деген сұранысты азайтуы мүмкін. Ал теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы шамалы әлсіреуді көрсетті.

2017 жылы Қазақстанның сыртқы қарызы 3%-ға артып, ЖІӨ-ге қатысты 105,9%-ға жетті. Ресейде бұл көрсеткіш анағұрлым төмен және 50%-дан аспайды. Бұл рубльдің тұрақты болуына көмектеседі. Сонымен қатар Ұлттық банк осы жылы мөлшерлеменің төмендету саясатын жалғастырмақшы. Ал бұл ресейлік және қазақстандық борыштық қарыздар арасындағы айырманы автоматты түрде төмендетуге әкеледі және теңгеде ұсынылған қағаздардың тартымдылығын төмендетуі мүмкін. Болжамды құбылмалық ауқымы рубль үшін 5,5-5,64 теңге, доллар үшін 316-323 теңге болуы мүмкін.

2 сәуір - 6 сәуір

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу