Валюта болжамы: 2 қыркүйек-6 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
386,571

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.8.2019
386-389
Евразийский Капитал
30.8.2019
387-389
Астана-Инвест
30.8.2019
383-388
DAMU Capital Management
30.8.2019
384-386
Forex Club
30.8.2019
387
ГК «ФИНАМ»
30.8.2019
384-389
IFC Markets
30.8.2019
383-390
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,842

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.8.2019
5,80-5,86
Евразийский Капитал
30.8.2019
5,80-5,90
Астана-Инвест
30.8.2019
5,8-5,9
DAMU Capital Management
30.8.2019
5,75-5,90
Forex Club
30.8.2019
5,8
ГК «ФИНАМ»
30.8.2019
5,85-6
IFC Markets
30.8.2019
5,73-5,9
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
429,286

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.8.2019
428-432
Евразийский Капитал
30.8.2019
428,0-431,0
Астана-Инвест
30.8.2019
425-435
DAMU Capital Management
30.8.2019
425-430
Forex Club
30.8.2019
430
ГК «ФИНАМ»
30.8.2019
427-432
IFC Markets
30.8.2019
424-433
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,264

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.8.2019
53,80-54,95
Евразийский Капитал
30.8.2019
53,9-54,6
Астана-Инвест
30.8.2019
53,5-54,5
DAMU Capital Management
30.8.2019
53,7-54,7
Forex Club
30.8.2019
54,1
ГК «ФИНАМ»
30.8.2019
54,40-55,05
IFC Markets
30.8.2019
53,7-54,7

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (2 қыркүйек-6 қыркүйек). ​

2 қыркүйек-6 қыркүйек

 

26 тамыз – 30 тамызға арналған валюта болжамы

 

 

 

 

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынасы inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың басты тақырыбы болып қала бермек. Валюта бағамының кезекті болжамында тап осы тақырыпты жеті сарапшының алтауы қозғады. Сауда баж салықтарын көтеруден басқа тағы бір маңызды тақырып – энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай. Мұнай котировкасына сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы тоқталып өтті.   

Алдағы аптада теңге бағамын қалыптастыруға әсер етуші факторлар арасынан сарапшылар әлемдік инвесторлардың тәуекелге қатынасын, Ресей Орталық банкі отырысын («Альпари»), Гонконгтегі қақтығыстар («Еуразиялық Капитал» АҚ), рубль бағамының қозғалысын («Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ), АҚШ-тағы жұмыссыздық жөніндегі статистика және Brexit («DAMU Capital Management» ЖШС), алдағы үш жылда Қазақстан бюджетінің жақсы болжамын және басқаларды атады.  

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталығының бас сарапшысы:

2 қыркүйек-6 қыркүйекАлдағы аптада теңге бағамы бұрынғыша мұнай бағасы мен әлемдік инвесторлардың тәуекелге қатынасына мән беретін болады. Егер дамушы елдер валютасы үшін жағымсыз жаңалықтар болмай, тәуекелдерді бағалау тұрақты болатын болса, теңгенің де шетелдік валюталарға шаққандағы бағамы қалыпты болады. Апта соңында Ресей Орталық банкі ортысына мән беру керек болады. Егер Ресей банкі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік көрсеткішке түсіретін болса, онда рубльдің теңгеге қатысты бағамы біршама нығаяды.

Күздің басында АҚШ доллары 386-389 теңге, еуро — 428-432 теңге, рубль — 5,80-5,86 теңге, юань — 53,80-54,95 теңге болады.

 

 

 

Әли Сағындыков, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

2 қыркүйек-6 қыркүйекТеңге мен рубльдің әлемдік валюталарға қатысты бағамы, негізінен, АҚШ пен Қытай арасындағы қатынас және мұнай бағасы сияқты сыртқы факторлармен анықталатын болады. Сонымен қатар қыркүйекте келіссөздер басталып, шиеленіс шешіледі деген үміт те жоқ емес. Алайда әзірге арадағы екеуара қақтығыс зор және ол Ганконгтегі қарсылықтар салдарынан ушығып кетіп, Қытай оған АҚШ-ты кінәлі етуі мүмкін. Осының салдарынан өндіріс көлемі төмендеп, соған сәйкес, сұраныс пен мұнай бағасы төмендейді.

Сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы және т.б керісінше, мұнай котировкасын көтеріп жеберуі де ғажап емес. Егер мұнай бағасы төмендеуін жалғастыратын болса, теңге құнсыздануын жалғастыратын болады.

Теңге бағамының болжамы: USD/KZT – 387-389, RUB/KZT – 5,80-5,90, CNY/KZT – 53,9-54,6, EUR/KZT – 428,0-431,0 теңге.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

2 қыркүйек-6 қыркүйекБарлығының назары АҚШ пен Қытай арасындағы дауда. Қор, валюта және шикізат нарығына кез келген жаңалық әсер етіп отыр, оның ішінде, әсіресе, аталған мәселеге қатысты жағымсыз жаңалықтар қатты ықпал етуде. Егер қақтығыс реттелмейтін болса, онда әлемдік экономиканың өсуі баяулауы мүмкін, ал ол мұнай бағасын әсер етіп, соның салдарынан теңге мен рубль бағамы да төмендейді.

Бейсенбі күнгі Қытай АҚШ-тың сауда кедергілеріне қарсы санкция қолданбайтыны туралы жаңалық жағымды жаңалықтардың бірі болды.

АҚШ-тың 2 жылдық мемлекеттік облигациялары АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигациялары  кірістілігінен жоғары. Мұндай тенденция соңғы рет 2008 жылғы дағдарыс алдында орын алған болатын.

Алдағы аптаға болжамым: Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 60-63 доллар, бір доллар 65,5-67,0 рубль, еуро 425-435 теңге, рубль 5,8-5,9 теңге, юань 53,5-54,5 теңге, бір доллар 383-388 теңге.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

2 қыркүйек-6 қыркүйекҚысқа сауда аптасын теңгенің долларға шаққандағы бағамы 70 тиынға әлсіреумен аяқтады. Апта ішінде нарықтар Қытай мен АҚШ арасындағы өзара тарифтер мен баж салықтарының жаңа раундынан пайда көрді. Екі ірі экономикалық әлем арасындағы сауда соғысының жағдайы әлі ушығып тұр. Қытай юанының долларға шаққандағы бағамын тағы түсіріп, америкалық сауда шектеулердің әсерін шама келгенше әлсіретуге тырысты. Трамптың ойын дөп басу қиын болғандықтан, АҚШ-та өздерінің валютасын құнсыздандырмау үшін барлық шараны жасайды. Сонымен қатар алдағы аптада АҚШ-та тамыз айындағы жұмыссыздық статистикасы туралы мәлімет жарық көреді, ал бұл ФРЖ-ның қыркүйектегі отырыста мөлшерлемені белгілеуіне әсер етеді.

Еуропада Италиядағы саяси дағдарыс, Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан келісімсіз шығуына қатысты жағдай онсыз да әлсіреп тұрған бірыңғай еуропалық экономиканы шатқалақтатты. Оны ынталандыру үшін қыркүйекте ЕОБ пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін. Алдағы аптада екінші тоқсанда еуроаймақтағы ЖІӨ-нің өсуіне қатысты мәліметтер шығады.

ҚХР билігі экономикасын қолдауға қатысты шаралар қарастырып жатыр. Сол үшін банктік резервтерге қатысты талаптарды жұмсартып, экспорттаушыларды юаньның төмендеуімен ынталандыруда. Осының салдарынан юаньның әлімдік валюталарға шаққандағы бағамы әлсіреп барады.

Ресейде рубль бағамына мұнай бағасы қатты ықпал етуде. Сондай-ақ рубль бағамының төмендеуіне салықтық аптаның аяқталғаны да әсер етті.

Апта соңына қарай теңгенің долларға шаққандағы бағамы нығайды. Бұл теңгеге деген қысымның азайып келе жатқанын көрсетеді.

Осыған байланысты алдағы аптада бір доллар 384-386 теңге, еуро 425-430 теңге, рубль 5,75-5,90 теңге, юань 425-430 теңге болады деп отырмыз.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржылық скауты:

2 қыркүйек-6 қыркүйекҚазақстандық қор биржасында теңгенің долларға қатысты бағамы бейсенбі күнгі сауданы 0,11 теңге нығайып, 387,44 теңге шамасында жапты. Еуроға қатысты бағамы 0,2 теңгеге өсіп, 430 теңгеге дейін жетті, ал қытай юанына қатысты бағам 0,07 теңгеге нығайып, 54,11 теңге болды. Ресейлік рубль болса 0,02 теңгеге нығайып, 5,82 теңге шамасында болды. Конститутция мерекесін тойлануына байланысты жұма күні сауда болмайды.

Сауданың соңғы күнгі өсуі алдағы үш күндегі әлісерудің орнын толтырды.  АҚШ-тағы мұнай қоры жайлы соңғы мәліметтер шыққаннан кейін, мұнай бағасы өсіп, оның артынша теңгеге де нығайды.

Ал юань болса АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығыс салдарынан арзандап барады. Бейсенбі күні АҚШ билігі жылына Қытайдан келетін 300 млрд доллар шамасындағы тауарға 10% салық салды. Бұл 1 қыркүйек пен 15 желтосқан арасында әрекет етеді.

Үш күнгі демалыстан кейін теңге бағамы нығаюы мүмкін. Алайда әлемдік нарықтардағы жұма күнгі жағдайда әсер етеді. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 387 теңге, еуро 430 теңге, юань 54,1, ал  рубль – 5,8 теңге болуы мүмкін. 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

2 қыркүйек-6 қыркүйекҚытай сауда министрінің Ақ үйдің кезекті сауда тарифтерін өсіруге қатысты мәлімдемесіне Қытай тарапы жауап бермейтінін, одан да келіссөздер жасау керектігі жайлы айтқанын қор нарықтары жақсы қабылдады. Алайда осыған қарамастан, сауда соғысының шешілетін түрі жоқ. Басты соғыс АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейін ушығып кетуі мүмкін.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай котировкасы 0,34%-ға өсіп, сауданы 60,34 доллар шамасында жапты.

Алдағы аптада теңгенің негізгі валютаға қатысты бағамы айтарлықтай өзгермейді, бір рубль 5,85-6 теңге, бір доллар 384-389 теңге, бір еуро 427-432 және бір юань 54,40-55,05 теңге болады деп отырмыз.  

 

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

2 қыркүйек-6 қыркүйекӨткен аптада теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы өсті. Тек долларға шаққандағы бағамы сол қалпында қалды. Бұған АҚШ-тағы мұнай қорының азаюынан әлемдік мұнай бағасының өскені әсер етті. Сонымен қатар Флоридадағы кезекті дауыл да бар. Доллар индексі еуроның әлсіреуі мен қытай билігінің мәлімдемесінен кейін, өсті. Германиядағы инфляция мен ЖІӨ мәліметтерінің әлсіз болуынан, еуропалық валюта әлсіреді. Бұл алдағы ЕОБ отырысында ақша-несие саясатын төмендетуі мүмкін.

Қытай билігі АҚШ тарапынан жарияланған санкцияға бірден жауап бермейтінін, ең бастысы, өзара сауда қақтығысын ушықтырмау екенін мәлім етті.

Сондай-ақ Қазақстан бюджеті алдағы үш жылда жақсы болады деген болжам да теңгеге қосымша қолдау болды. Атап айтар болсақ, бюджет тапшылығын 2019 жылы 2,1% ЖІӨ-ден 2022 жылға қарай 1%-ға дейін қысқарту қарастарылуда. Ал бюджеттің шығыстар шамамен кірістің өсуі есебінен үш есе өседі.

Алдағы аптада теңге құбылмалығына келер болсақ, бір рубль 5,73-5,9 теңге, бір доллар 383-390 теңге, еуро 424-433 теңге және юань 53,7-54,7 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу