Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.11.2019 |
386 |
ГК «ФИНАМ»
29.11.2019 |
385-389 |
DAMU Capital Management
29.11.2019 |
383-385 |
Евразийский Капитал
29.11.2019 |
385-388 |
Астана-Инвест
29.11.2019 |
384-390 |
Forex Club
29.11.2019 |
387 |
IFC Markets
29.11.2019 |
383-389 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.11.2019 |
6,00 |
ГК «ФИНАМ»
29.11.2019 |
5,9-6,1 |
DAMU Capital Management
29.11.2019 |
6,00-6,05 |
Евразийский Капитал
29.11.2019 |
6,0-6,10 |
Астана-Инвест
29.11.2019 |
5,95-6,05 |
Forex Club
29.11.2019 |
6,05-6,1 |
IFC Markets
29.11.2019 |
5,98-6,07 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.11.2019 |
422 |
ГК «ФИНАМ»
29.11.2019 |
425-429 |
DAMU Capital Management
29.11.2019 |
424-430 |
Евразийский Капитал
29.11.2019 |
424,0-428,0 |
Астана-Инвест
29.11.2019 |
422-428 |
Forex Club
29.11.2019 |
425,5-426,5 |
IFC Markets
29.11.2019 |
422-430 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.11.2019 |
55,0 |
ГК «ФИНАМ»
29.11.2019 |
54,8-55,60 |
DAMU Capital Management
29.11.2019 |
54,5-55,5 |
Евразийский Капитал
29.11.2019 |
54,5-55,4 |
Астана-Инвест
29.11.2019 |
54,5-55,5 |
Forex Club
29.11.2019 |
55-55,5 |
IFC Markets
29.11.2019 |
54,4-55,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (2 желтоқсан – 6 желтоқсан).
25 қараша– 29 қарашаға арналған валюта болжамы
Осы аптада теңгенің негізгі валюталарға экономикалық және геосаяси факторлар әсер етеді. Сарапшылар мұнай бағасы және Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келіссөздерді айтып өтті. Сондай-ақ, олар желтоқсан айына белгіленген ОПЕК мүшелерінің кездесуі мен америкалық мұнай қорын сөз етті. Сауда тартысының шиеленісуіне барлық аналитиктер тоқталды. Олардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Вадим Иосиб, «Альпари» аналитигі:
Күздің басынан бері теңгенің шетелдік валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай өзгермеді. Өйткені қазір шикізат нарығындағы жағдай тұрақты. Соңғы үш айда доллар 0,30 пайызға, еуро 0,87 пайызға арзандады, ал юань 1,37 пайызға, рубль 3,79 пайызға қымбаттады.
Егер өткен аптадағы көрсеткіштерді тенденцияларға келетін болсақ, теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды, юаньнан басқа. Алдағы аптада мұнай нарығында құбылмалылық байқалуы мүмкін.
Келесі аптаға болжамым: доллар 386 теңге, еуро 422 теңге, рубль 6 теңге, юань 55 теңге болады деп ойлаймын.
Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің долларға қатысты әлсіреуі өткен апта бойы байқалды. Бұл тенденция Қазақстандағы салықытық төлемдердің кезеңі аяқталғаннан кейін басталды. Теңгеге сыртқы факторлар әсер етуде. Нақтырақ айтқанда, әлемдік валюта нарығындағы жағдай кері әсерін тигізіп отыр. Өйткені қазір инвесторлар Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы өршіп кете ме деп күдіктенуде. Сондай-ақ теңгеге мұнай бағасы да әсер етіп жатыр.ОПЕК+ мүшелері маусым айына дейін мұнай өндірісін қысқарту туралы шешімге келуі мүмкін.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 387 теңге, еуро 425,5-426,5 теңге, рубль 6,05-6,1 теңге, юань 55-55,5 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:
Өткен аптада теңгенің рубль мен еуроға қатысты бағамы нығайып, юань мен доллар қатысты бағамы әлсіреді. АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконгтағы жағдайға байланысты заң жобасына қол қойды. Бұдан кейін Бейжің мен Вашингтон сауда келіссөздерін қалай жүргізетінін болжам айту қиын. Белгілісі: АҚШ 15 желтоқсанға жоспарланған қытайлық тауарларға салынатын салық мөлшерін көтермейді.
Өткен аптада Brent сұрыпты мұнай баррелінің төмендеуі теңге бағамына кері әсерін тигізбеді. Келесі аптада да бұл тенденция байқалуы мүмкін. Бірақ Қазақстандағы инфляция туралы мәліметтер әсер етуі ықтимал.
Келесі аптада АҚШ доллары 383-389 теңге, еуро 422-430 теңге, рубль 5,98-6,07 теңге, юань 54,4-55,5 теңге болады.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Сауда нәтижесінде еуропалық биржа алаңдарының көрсеткіштері төмендеді. Немістің DAX индексі 0,31 пайызға, француздық САС 40 индексі 0,24 пайызға, британиялық FTSE 100 индексі 0,18 пайызға төмендеді.
Бұған себеп болған – Дональд Трамптың Гонконгтағы адам құқығына қатысты заңға қол қоюы. Алайда нарықтағы жағдайға әсер ететін негізгі фактор мынау: Трамптың 15 желтоқсаннан бастап күшіне енетін қытайлық тауарларға салынған баж салығына қатысты шешім қабылдауы.
Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 385-389 теңге, еуро 425-429 теңге, рубль 5,9-6,1 теңге, юань 54,8-55,60 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Қазір сыртқы макроэкономикалық жағдай тұрақты. ОПЕК+ мүшелерінің кездесуі қарсаңында және америкалық мұнай қоры қысқарып жатыр деген ақпарлардан кейін мұнай бағасы сәл де болса көтеріліп жатыр. Сондай-ақ АҚШ-тың ЖІӨ-не қатысты мәліметтер шықты. Егер Вашингтон Бейжіңмен сауда келісімін жасаса, онда АҚШ экономикасы да, әлемдік экономика да ілгерілейді.
Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 383-385 теңге, бір еуро 424-430 теңге, бір рубль 6-6,05 теңге, бір юань 54,5-55 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:
Қазақстанда салықтық апта аяқталды. Бірақ теңге сәл нығайды.
Сонымен қатар Ресейде де салықтық кезең бітті. Сондықтен келесі аптада рубльдің долларға қатысты бағамы сәл әлсірейді. Дональд Трамп Гонконгтағы ереуілшілердің құқығына қатысты заңға қол қойды. Бұны Бейжің жақтыра қоймады. Егер де қос тарап арасындағы дау шиеленіссе, мұнай бағасы арзандап кетуі мүмкін.
Келесі аптада АҚШ доллары 384-390 теңге, еуро 422-428 теңге, рубль 5,95-6,05 теңге, юань 54,5-55,5 теңге болады.
Әли Сағындықов, «Евразийский капитал» АҚ аналитигі:
Апта бойы Brent сұрыпты мұнай баррелі 62 доллар дейгейнде саудаланды. Шикізат бағасына америкалық мұнай қорының көбеюі және Трамптың Гонконгқа қатысты заңға қол қоюы да әсер ете қоймады. 5-6 желтоқсанда Вена қаласында ОПЕК+ кездесу өткізеді. Тараптар маусым айына дейін мұнай өндірісін қысқарту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл өз кезегінде теңгеге оң әсерін тигізбек.
Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 385-388 теңге, бір еуро 424-428 теңге, бір рубль 6-6,10 теңге, бір юань 54,5-55,4 теңге болады.