Валюта болжамы: 25 қараша – 29 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
385,613

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.11.2019
384,35-388
ГК «ФИНАМ»
23.11.2019
385-389
Астана-Инвест
23.11.2019
383-388
Forex Club
23.11.2019
384-386
DAMU Capital Management
23.11.2019
383-385
IFC Markets
23.11.2019
383-389
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,032

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.11.2019
6,04-6,08
ГК «ФИНАМ»
23.11.2019
5,9-6,1
Астана-Инвест
23.11.2019
5,95-6,10
Forex Club
23.11.2019
6-6,1
DAMU Capital Management
23.11.2019
5,95-6,05
IFC Markets
23.11.2019
6-6,11
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
426,583

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.11.2019
425-428
ГК «ФИНАМ»
23.11.2019
426-430
Астана-Инвест
23.11.2019
425-435
Forex Club
23.11.2019
425-427
DAMU Capital Management
23.11.2019
420-425
IFC Markets
23.11.2019
422-431
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,725

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.11.2019
54-55
ГК «ФИНАМ»
23.11.2019
54,8-55,60
Астана-Инвест
23.11.2019
54-55
Forex Club
23.11.2019
54-55
DAMU Capital Management
23.11.2019
54,5-55
IFC Markets
23.11.2019
54,3-55,5

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (25 қараша – 29 қараша). ​

25 қараша – 29 қараша

 

18 қараша-22 қарашаға арналған валюта болжамы

 

 

 

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Осы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұл тенденция келесі аптада да жалғасуы мүмкін. Қаржы аналитиктері осылай деп отыр.

Сарапшылар негізгі триггерлерді, яғни мұнай бағасы және Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келіссөздерді сөз етті. Сондай-ақ олар теңгеге оң әсерін тигізген салықтық төлем кезеңі келесі аптада сақталады деп отыр.

Олардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

25 қараша – 29 қараша Қазір теңге үшін бейтарап жағдай орнап отыр, дегенмен қазақстандық валюта нығая түседі деп ойлаймын. Өйткені соңғы аптада мұнай бағасы көтерілді. Инвесторлар болса, әлі де Бейжің мен Вашингтонның келісімге келуін күтіп отыр.

Келесі аптаға болжамым: доллар 384,35-385 теңге, еуро 427-428 теңге, рубль 6,04-6,08 теңге, юань 54-55 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржы скауты:

25 қараша – 29 қараша Жұма күні теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бір доллар 385,1 теңге, ал бір еуро 426,4 теңге болды. Рубль мен юаньға да қатысты бағамдары оң көрсеткіштерге ие болды. Бұған себеп – Қазақстанда салық төлем кезеңі басталды.

Сондай-ақ қазақстандық валютаның нығаюына мұнай бағасы да әсер етіп отыр. Дегенмен қазір шикізат нарығында құбылмалылық байқалады. Бұл өз кезегінде Қытай валютасына да әсер етуде. Бірқатар инвесторлардың пікірінше, Бейжің мен Вашингтон сауда келіссөздерін келесі жылға қалдыруы мүмкін. Өйткені АҚШ Сенаты Гонгконгтағы жағдайға байланысты резолюция қабылдады.

Теңге 25 қарашада біраз нығаюы мүмкін, бірақ содан кейін сәл теріс динамика көрсетуі ықтимал.

Біздің болжам  бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 384-386 теңге, еуро 425-427 теңге, рубль 6-6,1 теңге, юань 54-55 теңге болады.

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

25 қараша – 29 қараша Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай нығайды. Бұған шикізат бағасының соңғы уақытта көтерілуі түрткі. Еліміздің экономика министрлігінің дерегі бойынша, келесі жылы ЖІӨ 4,4 пайыздан жоғары болады.

Келесі аптада АҚШ доллары 383-389 теңге, еуро 422-431 теңге, рубль 6-6,11 теңге, юань 54,3-55,5 теңге болады.

 

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

25 қараша – 29 қараша Сауда нәтижесінде америкалық биржа алаңдарының көрсеткіштері төмендеді.S&P500 индексі 0,16 пайызға кеміп, 3103,54 деңгейіне түсті. Dow Jones 0,2, ал NASDAQ 0,24 пайызға кеміді. MSCI Emerging Market индексі 0,7 пайызға төмендеді. АҚШ-тағы 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі шамамен 2 базистік пунктке көтеріліп, 1,77 пайыз болды. Германияның 10 жылдық облигацияларының кірістілігі 2 базистік пунктке азайып, -0,33% болды.

Инвесторлар Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келіссөздерінің нәтижесін күтуде. АҚШ Сенаты Гонгконгқа қатысты резолюция қабылдағанымен, бұл шешім сауда келіссөздеріне айтарлықтай теріс әсер бере қойған жоқ. Тіпті Қытай тарапы келісімге келуге әзір екендерін білдірді. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, Ақ үй қытайлықтарға салған, 15 желтоқсанда күшіне енетін салықтың мерзімін кейінге шегермекші.

Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 2,05%-ға пайызға көтеріліп, 63,68 доллар болды. Бұған Ресей мен ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін 2020 жылдың маусым айына дейін қысқарту туралы келісім жасайды деген ақпарат әсер етті.

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 385-389 теңге, еуро 426-430 теңге, рубль 5,9-6,1 теңге, юань 54,8-55,60 теңге болады.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

25 қараша – 29 қараша Осы аптада теңге бағамы оң нәтиже көрсетті. Бұған мұнай құнының қымбаттауы түрткі болды. Триггерлердің қатарында салықтық төлем кезеңі де бар.

АҚШ-та PMI көрсеткіштері қараша айында сәл көтерілсе, жұмыссыздық пен тұрғын үй құрылысы төңірегіндегі жағдай өзгеріссіз қалды.

Еуроаймақта PMI көрсеткіштері қарашы айында төмендеп, еуро әлсіреді. Брексит төңірегіндегі ахуалға байланысты аймақта құбылмалылық орнады.

Қытайдың Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 4,2%-дан 4,15%-ға түсіріп, экономиканы ынталандыру шарасын қабылдады.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 383-385 теңге, бір еуро 420-425 теңге, бір рубль 5,95-6,05 теңге, бір юань 54,5-55 теңге болады.

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:

25 қараша – 29 қараша Өткен апта қорытындысы бойынша, теңге бағамы нығайды. Әсер еткен негізгі триггер – мұнай бағасының сәл де болса өсуі. Бір доллар 384,67 теңге болды. Дегенмен теңгеге деген сенім жоқ. Бейсенбі және жұма күндері валюталық саудада үлкен көлем тіркелді. Бұған Ұлттық банк араласқан шығар, мүмкін? Келесі аптада да солай бола ма? Мүмкін. Бірақ қаржы реттеушісі араласқан жағдайда теңге бағамы нығая түседі деп ойламаймын.

Келесі аптада АҚШ доллары 383-388 теңге, еуро 425-435 теңге, рубль 5,95-6,10 теңге, юань 54-55 теңге болады.

 

 

 

 

 

 

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу