Валюта болжамы: 18-22 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
387,429

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
16.11.2019
387-389
Астана-Инвест
16.11.2019
385-390
ГК «ФИНАМ»
16.11.2019
386-390
Евразийский Капитал
16.11.2019
387-390
Forex Club
16.11.2019
387-388
DAMU Capital Management
16.11.2019
383-385
IFC Markets
16.11.2019
386-391
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,079

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
16.11.2019
6,05-6,10
Астана-Инвест
16.11.2019
5,95-6,15
ГК «ФИНАМ»
16.11.2019
5,9-6,1
Евразийский Капитал
16.11.2019
6,04-6,13
Forex Club
16.11.2019
6,1-6,2
DAMU Capital Management
16.11.2019
6,05-6,15
IFC Markets
16.11.2019
6,03-6,15
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
429,571

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
16.11.2019
427-432
Астана-Инвест
16.11.2019
425-435
ГК «ФИНАМ»
16.11.2019
427-431
Евразийский Капитал
16.11.2019
427,0-431,0
Forex Club
16.11.2019
428-429
DAMU Capital Management
16.11.2019
430-432
IFC Markets
16.11.2019
425-435
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
55,521

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
16.11.2019
55-56
Астана-Инвест
16.11.2019
55-56
ГК «ФИНАМ»
16.11.2019
55-55,80
Евразийский Капитал
16.11.2019
55,0-55,8
Forex Club
16.11.2019
55,5-56
DAMU Capital Management
16.11.2019
55,5-56
IFC Markets
16.11.2019
54,8-55,9

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 қараша-22 қараша).

18-22 қараша

 

  11-15 қарашаға арналған валюта болжамы
 

 

 

Қаржы аналитиктері келесі аптада қазіргі тенденциялар сақталады деп болжап отыр. Олардың пікірінше, теңге бағамына мұнай бағасы, Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда келісіміне қатысты жаңалықтар әсер етпек. Сондай-ақ сарапшылар келешекте салық кезеңінің теңге бағамына оң әсерін тигізетінін айтты. Аналитиктер Ресей Орталық Банкінің шешімі, Федералдық қор жүйесінің мәлімдемесі, Гонконг ереуілдері мен ішкі экономикалық статистикаға тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
18-22 қарашаҚазір нарықтағы жағдай тұрақтылық танытып отыр. Мұнай бағасы сәл төмендеп, баррелі 61-63 доллар болды. Бұл теңге үшін өте қолайлы. Қазір әлемдік инвесторлардың назары іркіліп қалған екі алпауыттың сауда келісімінде. Осы фактор келесі аптада теңгеге әсер етуі мүмкін.
Келесі аптаға болжамым: доллар 387-389 теңге, еуро 427-432 теңге, рубль 6,05-6,10 теңге, юань 55-56 теңге болады деп ойлаймын.
 

 

 

 

 

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржы скауты:
18-22 қарашаЖұма күні Қазақстанда ұлттық валюта күні атап өтілді. Бұл күні Қазақстанда қаржылық нарықты дамыту және реттеу Агенттігі құрылатыны туралы жарияланды. Ол 2020 жылдың 1 қаңтарында жұмысын бастайды. Әлемдік валюталық нарықтағы жағдай тұрақсыздық танытуда. Инвесторларды Қытай мен АҚШ сауда текетіресі алаңдатып отыр.
Біздің болжам  бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 387-388 теңге, еуро 428-429 теңге, рубль 6,1-6,2 теңге, юань 55,5-56 теңге болады.




 

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

18-22 қарашаӨткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы өзгермеді. Еліміздің энергетика министрлігінің дерегі бойынша, қаңтар-қазан айларында мұнай экспорты 0,9 пайызға көтеріліп, 59,6 млн тонна болды. Мұнай өндірісі 0,3 пайызға өсіп, 74,8 млн тонна болды. Нәтижесінде ЖІӨ 4,4 пайызға дейін өсіп, бөлшектік сауда 5,5 пайызға жетті.
Келесі аптада АҚШ доллары 386-391 теңге, еуро 425-435 теңге, рубль 6,03-6,15 теңге, юань 54,8-55,9 теңге болады.

 


 

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
18-22 қарашаСауда нәтижесінде америкалық биржа алаңдарының көрсеткіштері айтарлықтай өзгермеді.S&P500 индексі 0,08 пайызға өсіп, 3096,63 деңгейіне жетті. Dow Jones 0,01, ал NASDAQ 0,04 пайызға кеміді. MSCI Emerging Market индексі 0,2 пайызға төмендеді. АҚШ-тағы 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі шамамен 7 базистік пунктке төмендеп, 1,87 пайыз болды. Германияның 10 жылдық облигацияларының кірістілігі 4 базистік пунктке азайып, -0,26% болды.
Инвесторлар Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келіссөздерінің нәтижесін күтуде. Федералдық қор жүйесінің басшысы Джером Пауэлл АҚШ экономикасы құлдырауға ұшырамайды деген мәлімдеме жасады. Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 0,32%-ға пайызға төмендеп, 62,42 доллар болды. Бұған америкалық мұнай қорының көбеюі себеп болып отыр.
Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 386-390 теңге, еуро 427-431 теңге, рубль 5,9-6,1 теңге, юань 55-55,80 теңге болады.


 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
18-22 қарашаОсы аптада теңге бағамы өзгермеді. ОПЕК бас хатшысының айтуынша, мұнайға деген сұраныс келесі жылы өседі. Ұйым мұнай өндірісін осы режимде қалдырмақ. АҚШ пен Қытай тараптары келіссөздердің бірінші кезеңіне дайындалып жатыр.
Еуроаймақта ЖІӨ 1,6 пайыздан 1,7 пайызға өсіп, еуро нығайды. Доллар нығайып, юань бағамы әлсіреді.
Келесі аптада теңге бағамына салықтық апта әсер етпек.
Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 383-385 теңге, бір еуро 430-432 теңге, бір рубль 6,05-6,15 теңге, бір юань 55,5-56 теңге болады.

 

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:
18-22 қарашаМұнай бағасына оң және кері әсер ететін факторлар бар. Негізгісі: сауда келіссөздері. Жалпы, шикізат бағасы тұрақты.  Жыл соңына дейін құны 58-63 доллар көлемінде болады деп ойлаймын. Бұл қазақстандық және ресейлік валюталарға қолайлы.
Рубльге қолдау көрсетіп отырған - мұнай бағасының тұрақтылығы, Ресей Орталық банкінің шешімі мен доллардың әлсіреуі. Теңге бағамы жыл соңына дейін өзгеріссіз қалады.
Келесі аптада АҚШ доллары 385-390 теңге, еуро 425-435 теңге, рубль 5,95-6,15 теңге, юань 55-56 теңге болады.



 

 

 

 

Әли Сағындықов,  «Евразийский Капитал» АҚ аналитигі:
18-22 қарашаТеңге бағамы мұнайға тікелей байланысты. АҚШ-тың мұнай қоры көбейгенімен, апта соңында шикізат құны қымбаттап кетті. Мұнай бағасының өсуіне ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқартуға қатысты келісімі әсер етіп отыр.
Болжам бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 387-390 теңге, еуро 427-431 теңге, рубль 6,04-6,13 теңге, юань 55-55,8 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу