Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
18.12.2021 |
435-440 |
Forex Club
18.12.2021 |
433-435 |
SoftLink
18.12.2021 |
433-440 |
Swissquote Bank
18.12.2021 |
435-440 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
18.12.2021 |
5,80-6,00 |
Forex Club
18.12.2021 |
5,6-5,9 |
SoftLink
18.12.2021 |
5,86-6,03 |
Swissquote Bank
18.12.2021 |
5,9-6 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
18.12.2021 |
490-505 |
Forex Club
18.12.2021 |
493-495 |
SoftLink
18.12.2021 |
487-500 |
Swissquote Bank
18.12.2021 |
495-500 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
18.12.2021 |
68,10-68,80 |
Forex Club
18.12.2021 |
68-68,3 |
SoftLink
18.12.2021 |
68,2-68,9 |
Swissquote Bank
18.12.2021 |
67-69 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (20-24 желтоқсан).
13-17 желтоқсанға арналған валюта болжамы
Inbusiness.kz порталында өз болжамын жариялаған сарапшылар бірнеше экономикалық факторларды атап өтті. Олар ЕОБ-ның ынталандыруды азайту жоспары мен ФРЖ-нің қазынашылық облигацияларды сатып алу бағдарламасын қысқартуға қатысты шешімін сөз етті. Сонымен қатар пандемия басталғаннан бері алғаш рет инфляцияның баяулағанын, сондай-ақ Азия даму банкінің Қазақстанның экономикасына қатысты болжамына тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Қазақстандық валюта доллар мен еуроға қатысты қатты әлсіреп, рубль мен юаньға қатысты бағамы аздап арзандады.
Өткен аптада инвесторлардың назарында ЕОБ, ФРЖ және Англия Банкінің отырыстары болды. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға келетін болсақ, ҚР-да инфляция пандемия басталғаннан бері алғаш рет баяулады, қараша айында 8,7%-ды құрады. Сондай-ақ, айлық инфляция 0,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны баяулады, қараша айында 10,9%, ал қазан айында 11,3% болды.
Келесі аптада бір доллар 435-440 теңге, бір еуро 490-505 теңге, бір рубль 5,80-6,00 теңге, бір юань 68,10-69,25 теңге шамасында болуы ықтимал.
Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржылық скауты:
Қазақстан қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бейсенбіде мұнай бағасы өсе басты. Бұған АҚШ-тағы мұнай қорының айтарлықтай төмендеуі әсер етті. Бұл көрсеткіш 4,6 миллион баррельге төмендеді. Нарық қатысушылары омикрон штамының таралуын бақылауда. Ұлыбритания мен Оңтүстік Африка Республикасында коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп, шектеулер енгізілуде.
Менің болжамым бойынша, бір доллар 433-445 теңге, бір еуро 493-495 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге, бір юань 68-68,3 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің барлық негізгі валюталарға қатысты бағамы біршама әлсіреп, рубльға қатысты бағамы өзгерген жоқ. Мұның негізгі себебі – мұнай бағасының аздап өзгеруі. Омикрон дельтаға қарағанда жұқпалырақ болып шықты. Бірақ оны жұқтырғандар аурудың асқынуы аса қатты байқалып жатқан жоқ. ФРЖ-нің шешімдеріне қарамастан, АҚШ долларының индексі өзгерген жоқ.
Менің болжамым бойынша, бір доллар 433-440 теңге, бір еуро 487-500 теңге, бір рубль 5,86-6,03 теңге, бір юань 68,2-68,9 теңге болады.