Валюта болжамы: 21 маусым – 25 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
428,000

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.6.2021
424-428
ГК «ФИНАМ»
20.6.2021
427-430
Forex Club
20.6.2021
428-431
SoftLink
20.6.2021
425-431
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,986

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.6.2021
5,85-5,95
ГК «ФИНАМ»
20.6.2021
5,90-6,10
Forex Club
20.6.2021
6-6,3
SoftLink
20.6.2021
5,83-5,96
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
511,375

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.6.2021
508-518
ГК «ФИНАМ»
20.6.2021
508-512
Forex Club
20.6.2021
510-513
SoftLink
20.6.2021
501-521
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
66,681

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.6.2021
66-68
ГК «ФИНАМ»
20.6.2021
66,30-66,75
Forex Club
20.6.2021
66,6-66,8
SoftLink
20.6.2021
66,1-66,9

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (21 маусым – 25 маусым).

21 маусым – 25 маусым

 

14-18 маусымға арналған валюта болжамы

 

 

Inbusiness.kz басылымында өз пікірімен бөліскен сарапшылар АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің кезекті отырысында қабылданған шешімді талқылады. Олар реттеушінің қаржы саясаты қатаңдатылғаннан кейін, доллар бағамының нығайғанын атап өтті. Бұл фактор мұнай бағасына әсер етті. Сонымен қатар Байден мен Путиннің кездесуінен кейін, рубльдың да нығайғанын сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

21 маусым – 25 маусым Алдағы аптада қазақстандық валютаға мұнай нарығындағы ахуал мен доллар бағамы әсер етеді. Шикізат құны арзандап жатыр, өйткені нарық қор мен сұранысқа қатысты деректерді ескеріп отыр. Brent баррелі 71-74 доллар шамасында өзгеруі мүмкін. Федералды қор жүйесінің маусымдағы отырысынан кейін, доллар бағамы нығайды. Қаржы реттеушісі 2023 жылға дейін мөлшерлемені екі мәрте көтеретінін мәлім етті. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 424-428 теңге, бір еуро 508-518 теңге, бір рубль 5,85-5,95 теңге, бір юань 66-68 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

21 маусым – 25 маусым Өткен аптада теңгенің рубль мен доллардан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Өйткені Федералды қор жүйесінен кейін доллар, Байден мен Путиннің кездесуінен кейін рубль нығайды. АҚШ-тағы инфляция бойынша болжам 2021 жылы 2,2%-дан 3,0%-ға дейін өсті, ел экономикасының өсімі 7,0%-ы болады. Сондай-ақ америкалық реттеуші алдағы екі жылда мөлшерлемені 2 мәрте өзгертуі мүмкін. Тағы бір маңызды оқиға – Путин мен Байденнің Женевада кездесуі. Саммиттен кейін рубль көптеген валюталарға қатысты бағамы нығая бастады. Макроэкономикалық индикаторларға келетін болсақ, өткен аптада Қазақстан бойынша аса маңызды деректер жарияланған жоқ.Келесі аптада бір доллар 427-430 теңге, бір еуро 508-512 теңге, бір рубль 5,9-6,10 теңге, бір юань 66,30-66,75 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

21 маусым – 25 маусым

Жұма күні қазақстандық қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Ұлттық валютаға Қазақстан президентің газ саласына қатысты жасаған мәлімдемесі сәл де болса оң әсерін тигізді. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін шара қабылдауды тапсырды. Президенттің айтуынша, соңғы жылдары көбінесе мұнай кен орындары табылып жатыр, ал газ кен орындарын игеру жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Әлемдік мұнай бағасы доллар бағамы нығайғаннан кейін төмендей бастады. Инвесторлардың назары қазір Иранға қатысты жаңалықтарда. Олар ирандық мұнайдың нарыққа қосылуын күтіп отыр. Олай болған жағдайда шикізат ұсынысының көлемі артады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  428-431 теңге, бір еуро  510-513 теңге, бір юань  66,6-66,8 теңге, бір рубль 6-6,3 теңге болады.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

21 маусым – 25 маусым

Өткен аптада теңгенің доллардан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Федералды қор жүйесінің отырысынан кейін, доллар индексі көтерілді. Америкалық реттеуші 2023 жылға дейін мөлшерлемені екі мәрте көтеруі мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар ФҚЖ эмиссиясы есебінен америкалық облигацияларды сатып алу бағдарламасы қысқартылуы мүмкін. Қазір оның көлемі 120 млрд доллар (айына) құрайды. Реттеушінің қаржы-несие саясатын қатаңдатуы доллар бағамын едәуір нығайтты. Өткен аптада Қазақстанда аса маңызды макроэкономикалық индикаторлар туралы мәлімет жарияланбады. Теңгеге мұнайдың қымбаттауы оң әсерін тигізді. Brent бағасы 2019 жылдың сәуірінен бергі ең жоғары деңгейге жетті. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 425-431 теңге, бір еуро 501-521 теңге, бір рубль 5,83-5,96 теңге, бір юань 66,1-66,9 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу