Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
12.6.2021 |
426,50-428,50 |
ГК «ФИНАМ»
12.6.2021 |
425-430 |
Forex Club
12.6.2021 |
425-426 |
SoftLink
12.6.2021 |
424-431 |
Swissquote Bank
12.6.2021 |
426-432 |
DAMU Capital Management
12.6.2021 |
420-425 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
12.6.2021 |
5,87-5,97 |
ГК «ФИНАМ»
12.6.2021 |
5,85-6,10 |
Forex Club
12.6.2021 |
5,6-5,9 |
SoftLink
12.6.2021 |
5,86-6 |
Swissquote Bank
12.6.2021 |
5,9-6,2 |
DAMU Capital Management
12.6.2021 |
5,90-6,00 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
12.6.2021 |
520-523 |
ГК «ФИНАМ»
12.6.2021 |
517-523 |
Forex Club
12.6.2021 |
519-521 |
SoftLink
12.6.2021 |
508-525 |
Swissquote Bank
12.6.2021 |
515-522 |
DAMU Capital Management
12.6.2021 |
510-520 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
12.6.2021 |
66-68 |
ГК «ФИНАМ»
12.6.2021 |
66,75-67,25 |
Forex Club
12.6.2021 |
66,6-66,9 |
SoftLink
12.6.2021 |
66,6-67,2 |
Swissquote Bank
12.6.2021 |
66,7-67,2 |
DAMU Capital Management
12.6.2021 |
66,8-67 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (14 маусым – 18 маусым).
7-11 маусымға арналған валюта болжамы
Теңге бағамына әдеттегідей шикізат нарығындағы жағдай мен доллар индексі әсер етеді. Ал мұнай бағасының өзгеруіне ОПЕК+ шешімі мен Иранға қарсы санкциялар ықпалын тигізеді. Сарапшылар өз болжамдарында G7 елдерінің саммитін, АҚШ-тағы инфляцияны, Федералды қор жүйесінің кезекті отырысын сөз етті. Сонымен қатар олар ішкі факторларды да, яғни Ұлттық банктің интервенциясын, инфляция қарқынының күшеюі мен негізгі мөлшерлемеге де тоқтала кетті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Алдағы аптада шикізат бағасы мен доллар бағамының өзгеруі теңгеге әсер етеді. Сыртқы факторлар ұлттық валютаға кері әсерін тигізгенімен де, ҚР Ұлттық банкінің валюталық секциядағы рөлін ескере кету керек. Реттеушінің интервенциялары ресми түрде жарияланбайды, бірақ банк қабылдаған шешім валюта бағамының динамикасына әсер ететіні сөзсіз. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 426,5-428,50 теңге, бір еуро 520-523 теңге, бір рубль 5,87-5,97 теңге, бір юань 66-68 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы өзгерді. Ресейлік валютаға Путин мен Байденнің кездесетіні қолдау білдіріп отыр. Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаевтың айтуынша, мамыр айында инфляция қарқыны 7,2%-ға дейін жетті, бұған азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің қымбаттауы себеп болды. Досаев жанар-жағармай мен электр энергиясы бағасының өсуін, фискалдық ынталандырудың күшеюін және инфляциялық болжамдарды ескере отырып, жыл соңына қарай инфляция нысаналы диапазоннан жоғары болатынын айтты.
Қаңтар және мамыр аралығында экономика 1,6%-ға өсті, бұл Қазақстан экономикасының қалпына келіп жатқанын аңғартады. Бұған мамыр айында 7,4%-ға өскен нақты сектор себеп болып отыр. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп те жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 517-523 теңге, бір рубль 5,85-6,10 теңге, бір юань 66,75-67,25 теңге шамасында болуы ықтимал.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Соңғы уақытта ішкі нарықтағы жағдай құбылмалы. Жұма күні мұнайдың арзандауына қарамастан, теңге нығайды. Шикізат бағасының төмендеуіне Иранға қарсы салынған америкалық санкциялардың тоқтатылуы мүмкін деген болжамдар ықпал етті.
Энергетика министрлігінің дерегінше, Қазақстан мамыр айында бір тәулікте 1,47 млн баррель мұнай өндірген. Нарықтағылар болса, Халықаралық энергетикалық агенттіктің баяндамасын күтіп отыр. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-426 теңге, бір еуро 519-521 теңге, бір юань 66,6-66,9 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Рубль Ресей Федерациясының ұлттық әл-ауқат қорының резервтеріндегі АҚШ долларынан бас тарту туралы хабарламасынан кейін қымбаттады. Осы шешім аясында Ресей Федерациясының қаржы министрлігі долларға рубль сатып алып жатыр. Сонымен қатар елдің Орталық банкі мөлшерлемені 5%-дан 5,5%-ға дейін көтерді.
Теңгеге шикізаттың қымбаттауы оң әсерін тигізді. Бұған әлемдік сұраныстың қалпына келуі түрткі болды. АҚШ-тағы мұнай қоры осымен үшінші апта қатарынан төмендеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл экономикалық өсім кемінде 3,5% болады деп мәлімдеуі теңге үшін ішкі жағымды фактор болды. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 424-431 теңге, бір еуро 508-525 теңге, бір рубль 5,86-6 теңге, бір юань 66,6-67,2 теңге болады.
Ерлан Айтек, Swissquote Bank:
Федералды қор жүйесі қаржы-несие саясатын өзгертпей, салдарынан доллардың бірқатар валютаға қатысты бағамы әлсіздеу болуы мүмкін. Еуро болса, Федералды резервтік жүйеден ынталандырудың қысқару мерзіміне қатысты нақты сигналдардың болмауына байланысты доллар бағамы сияқты өзгереді. АҚШ акцияларына қатысты фьючерстердің арзандауынан кейін, доллар нығайды, ал еуро бағамы Еуропалық облигациялар кірістілігінің азаюы салдарынан төмендеп жатыр. Bloomberg-тің долларлық спот-индексі 0,1%-ға өсті. Рубль бағамы Орталық банк ставканы 50 тармаққа көтергеннен кейін өсті, бұл динамика жалғасуы мүмкін. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 426-432 теңге, бір еуро 515-522 теңге, бір рубль 5,9-6,2 теңге, бір юань 66,7-67,2 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Өткен апта Британияда G7 мемлекет басшыларының саммиті өтті. Әлемдік көшбасшылар пандемиямен күресуге және дамушы елдерге шамамен 1 миллиард коронавирустық вакцинаны тегін беруге дайын екендіктерін растады. Оның 500 миллион вакцинасын АҚШ бөледі.
Қазірдің өзінде 5%-ға жеткен АҚШ-тағы инфляция инвесторларды алаңдатып отыр. ОПЕК+ елдерінің өндірісті біртіндеп арттыру туралы шешіміне қарамастан, бұл фактор мұнай нарығына оң әсерін тигізді. Осының арқасында қазір Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 72 доллардан жоғары. Егер инфляцияға байланысты АҚШ-тың Федералды қор жүйесі жақын арада мөлшерлемені көтерсе, бұл доллардың нығаюына және шикізат бағасының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары алынып тасталса, нарықтағы ұсыныс күрт өсіп, мұнай арзандауы ықтимал.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,0% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Инфляцияның жоғары болуы мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бермей отыр, көрсеткіш мамыр айында 7,2%-ға дейін жеткен еді. Келесі аптада бір доллар 420-425 теңге, бір еуро 510-520 теңге, бір рубль 5,90-6,00 теңге, бір юань 66,8-67 теңге деңгейінде болады деп ойлаймын.