Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
06.6.2021 |
426-431 |
Forex Club
06.6.2021 |
428-430 |
Swissquote Bank
06.6.2021 |
425-430 |
SoftLink
06.6.2021 |
425-433 |
DAMU Capital Management
06.6.2021 |
423-426 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
06.6.2021 |
5,75-5,90 |
Forex Club
06.6.2021 |
6-6,5 |
Swissquote Bank
06.6.2021 |
5,8-5,9 |
SoftLink
06.6.2021 |
5,81-5,92 |
DAMU Capital Management
06.6.2021 |
5,80-5,85 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
06.6.2021 |
514-522 |
Forex Club
06.6.2021 |
523-523,5 |
Swissquote Bank
06.6.2021 |
522-527 |
SoftLink
06.6.2021 |
515-527 |
DAMU Capital Management
06.6.2021 |
515-520 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
06.6.2021 |
67,20-67,65 |
Forex Club
06.6.2021 |
67-68 |
Swissquote Bank
06.6.2021 |
66,5-67,5 |
SoftLink
06.6.2021 |
66,5-67,3 |
DAMU Capital Management
06.6.2021 |
66,25-66,75 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (7-11 маусым).
Жазда да теңге бағамына шикізат нарығындағы ахуал ықпал етеді. Сарапшылар мұнайдың апта ортасында қымбаттап, артынан арзандағанын атап өтті. Нарыққа АҚШ-тағы шикізат қоры туралы деректер, инлфляцияның өсуі, ОПЕК+ картелінің шешімі және АҚШ пен Еуропадағы көлік маусымы кезінде сұраныс артады деген болжам әсер етті. Ішкі триггерлер, яғни Қазақстандағы инфлцияның өсуі мен ҚР Ұлттық Банкінің кезекті отырысы да талқыланды.
Сарпшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай бағасының 71 доллардан асуы түрткі болды. ОПЕК+ сұраныстың қалпына келу қарқыны күшейді деп жариялағаннан кейін, шикізат бағасы көтерілді. АҚШ пен Иран арасында ядролық келісімге қатысты келіссөздері нарыққа қазір кері әсерін тигізіп отырған жоқ. Өткен аптада PwC консалтингтік компаниясы 2021 жылдың екінші тоқсанға арналған макроэкономикалық болжамын жасады: Ұлттық Банк жыл соңында пайыздық мөлшерлемені 8,6%-ға дейін төмендетуі мүмкін. Инфляция мамыр айында 7,2%-ға жетті. Сәуірде 7,0% болған еді.Келесі аптада бір доллар 426-431 теңге, бір еуро 514-522 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге, бір юань 67,20-67,65 теңге шамасында болуы ықтимал.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Жұма күні теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреді. Ұлттық валютаға әдеттегідей нарықтағы ахуал әсер етіп отыр. АҚШ-тағы шикізат қоры туралы дерек жарияланған соң, мұнай арзандады. Инвесторлардың ойынша, ОПЕК+ жуырда өндірісті біртіндеп арттырады, артынан шикізаттың нарықтық құны арзандайды. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 428-430 теңге, бір еуро 523-523,5 теңге, бір юань 67-68 теңге, бір рубль 6-6,5 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Теңгенің нығаюына мұнай бағасының өсуі ықпал етті. Brent бағасы індеттен кейін әлемдік экономиканың тез қалпына келуіне байланысты 71 доллардан асты. АҚШ-тағы мұнай қоры бір аптада 5 миллион баррельге азайды. ОПЕК + бұл тенденцияларды ескермеді және сәуірдегі өндірісті ұлғайту жоспарын сақтады. Батыс елдерінің Иранмен арадағы келіссөздері тамыз айында ғана аяқталуы мүмкін деген хабар нарыққа оң әсерін тигізді. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 425-433 теңге, бір еуро 515-527 теңге, бір рубль 5,81-5,92 теңге, бір юань 66,5-67,3 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Жаздың басы қаржы нарықтарында тыныштық орнады. Әлемдік экономиканың қалпына келуі мұнай бағасына оң әсер етуде. Өткен аптада Brent баррелінің бағасы 70 доллардан жоғары болды.АҚШ-та демократтар мен республикашылдар Инфрақұрылым шығындарының жаңа пакеті туралы келісімді қабылдауы мүмкін, бастапқы бюджет айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Қытайда юань долларға қарсы жаңа рекорд орнатты. Шамасы, Қытай билігі оның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Қытай валютасының біршама нығаюына жол беру туралы шешім қабылдаған болуы мүмкін.Ресейде Ryanair ұшағының оқиғасына байланысты Батыс елдерінің Белоруссияға қарсы бағытталған санкциялары нарықты алаңдатып отыр. Белоруссияға қарсы санкциялар Ресейге де әсер ету қаупі бар. ҚР басшылығы АҚШ пен Еуропамен текетірес Қазақстанның ұлттық мүдделеріне мүлдем қайшы келетінін Кремльге білдіріп, ЕАЭО атынан бірлесе санкция салу жоспарына кіріспейді деп үміттенемін.
Келесі аптада бір доллар 423-426 теңге, бір еуро 515-520 теңге, бір рубль 5,80-5,85 теңге, бір юань 66,25-66,75 теңге деңгейінде болады деп ойлаймын.
Ерлан Қойшыбаев, Swissquote Bank:
АҚШ-тағы жұмыспен қамту vамырда 559 000-ға, жұмыссыздық деңгейі 5,8%-ға дейін көтерілгеннен кейін, доллар төмендеді. Доллар индексі 0,2%-ға төмендеді. Қоғамдық денсаулық сақтау жағдайын жақсарту және жаппай бюджеттік ынталандыру шаралары экономиканы қолдайды. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарының мәліметі бойынша, АҚШ халқының кем дегенде жартысы COVID-19-ға қарсы вакцинамен толық егілді.Бейсенбіде WTI мұнай бағасы 2018 жылдың қазан айынан бергі рекордтық деңгейге жетті. Ол төртінші сессияны қатарынан қымбаттауда, бұған жұма күні америкалық мұнай институтының АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры 5,36 миллион баррельге төмендегені туралы мәліметі әсер етті. Келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 522-527 теңге, бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір юань 66,5-67,5 теңге шамасында болуы ықтимал.