Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (22 қаңтар – 26 қаңтар).
Аbctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылардың айтуынша, өткен аптадағы негізгі трендтер алдағы жеті күндікте де жалғасады. Яғни, әңгіме мұнай бағасы мен доллардың әлсіреуі туралы болып отыр. Әсіресе, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» және «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» компанияларының сарапшылары жоғарыдағы факторларды атап өтті.
«ФИНАМ» компаниялар тобы сарапшысының сөзінше, статистикалық есептерден бөлек, алдағы аптадағы энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға демалыс күндері Оманда өтетін ОПЕК+ министрлік кездесуінің нәтижелері де әсер етпек. Өз кезегінде Wall Street Invest Partners сарапшысы мұнай бағасы өткен аптада біршама түзетілсе де, жоғары болып қала бермек деген ойда. Ал IFC Markets сарапшысы «қара алтын» бағасының одан әрі түзетілуін теңгенің ары қарай нығаюына кедергі келтіруі мүмкін негізгі фактор ретінде атады.
Сарапшылар («Телетрейд Групп», IFC Markets, Wall Street Invest Partners, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан») басқа да триггерлердің қатарында ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені күтпеген жерден 9,75% +/-1% деңгейіне дейін төмендетуін де қосып отыр. Бұл ретте, «Телетрейд Групп» және IFC Markets сарапшыларының айтуынша, бұл өзгеріс теңге бағамына кері әсерін тигізген жоқ. Еске сала кетейік, өткен аптада сарапшылар базалық мөлшерлеме былтырғы деңгейде (10,25%) қалады деп болжам жасаған болатын.
Сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапармен барып, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуіне де назар аударды. «Альпари» және IFC Markets компаниялары сарапшыларының пікірінше, бұл оқиға Қазақстан экономикасына және теңге бағамына оң әсер етпек.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясы сараптамалық департамент директорының орынбасары:
Қазақстандағы осы аптадағы ең басты оқиға – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапармен барып, АҚШ президенті Дональд Трампен кездесуі. Трамп АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы жүргізіп отырған саясатына қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғысын айтты. Сондай-ақ, 2018 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ететін ел ретінде Қазақстанның бұл бағыттағы еңбегін ерекше атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қорытынды мәлімдемесінде Қазақстан АҚШ пен Ресей қатынасының одан әрі дамуына барынша мән беретінін жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ сауда-экономикалық ынтымақтастық бағытында бірқатар келісімге қол қойды. Мұның бәрі теңге бағамына оң әсер етеді.
Теңгенің долларға қатысты бағамы алдағы аптада доллары 326-329 теңге деңгейінде сақталады деген ойдамыз. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы рубліне 5,78-5,82 теңге деңгейінде қалыптаспақ.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Банктердің тоқсандық есебінің нашарлауына және ел үкіметінің қаржыландыру мерзімін ұзарту туралы парламенттегі талқысының жалғасуына қарамастан, Америкалық биржа индекстері бейсенбіде сәл-пәл төмендеді. Егер республикашылдар өз қарсыластарымен келісімге келе алмаса, оның жұмысы демалыс күндері-ақ тоқтатылуы мүмкін.
Өз кезегінде Қытай экономикасының баяу өсуі туралы әңгімелерге жарияланған нақты статистика нүкте қойғандай. Статистикаға сүйенсек, аспанасты елінің ішкі жалпы өнімі 2017 жылы 6,9%-ға өскен. Бұл – соңғы үш жылдағы үздік көрсеткіш.
Өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,46%-ға төмендеп, 69,15 доллар деңгейіне тұрақтады. АҚШ энергетика министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, елдегі мұнай қоры 6,9 млн баррельге азайған. Бұл сарапшылар күткендегіден әлдеқайда жақсы көрсеткіш болып шықты. Десе де, мұнай өндірісіне қатысты статистикаға сүйенсек, өндіріс тәулігіне 258 мың баррельге дейін өскен. Бұл жағдай нарық ойыншыларының бағаны көтеруіне әсер етті.
Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай үшін жергілікті қолдау мәні әдеттегідей 68,60 және 67,25 долларды құрап отыр.
Жұма күні Baker Hughes мұнай-газ сервистік компаниясының статистикасы жарияланды. Осы демалыс күндері Оманда өтетін ОПЕК+ министрлік кездесуінің қорытындысы бойынша нарықтар дүйсенбідегі сауда-саттықтан бастап мұнай бағасын көтерудің векторын айқындайтын болады.
Біздің болжамға сәйкес, келер аптада теңге негізгі валюталық жұптарға қатысы мынадай мәнге ие болмақ: рубліне 5,6-5,8 теңге, долларына 325-328 теңге және еуросына 394-397 теңге.
Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:
Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені ойда жоқта төмендеткеніне қарамастан, теңге бағамы тұрақтылығын сақтады (орын алған техникалық ақауларды назарға алмағанда) және негізгі валюталарға қатысты бағамын нығайтты. Қазір әлемдік валюта нарығындағы басты тақырып – Қытай халық банкінің қорларын әртараптандыру мәселесі. Қытайлықтар резервтердегі доллар үлесінің төмендеуін ресми түрде растаған жоқ. Бірақ нарықта бұл процестің басталғандығы туралы айтылып жатқан әңгіме көп. Қазынашылық облигациялардағы ақша ағыны туралы соңғы деректер де (Қытай өзінің қазынашылық қоржынын қысқартты) бұл қауіпті растап отыр. Мұндай жағдайда дамушы нарықтардың валюталары тұрақты болады. Тек бір ғана қауіп бар. Олар – АҚШ мемлекеттік облигациялары кірістілігінің өсуі. Алайда нарықтар әзірше бұған қарсы әрекет жасап отырған жоқ. Сондықтан теңгенің долларға қатысты бағамы 320 теңгеге дейін, еуроға қатысты бағамы 390 теңгеге дейін нығая бермек. Ал рубльге қатысты бағам 5,7-5,8 теңге шегінде көлденең динамика көрсетуі мүмкін.
Ілияс Басшығұл, Wall Street Invest Partners компаниясының жетекші сарапшысы:
Теңге нығаюын келесі аптада да жалғастырады және өз позициясынан тайқымайтыны анық.
Мұнай бағасы әлі де болса жоғары. Десе де, барреліне 70 доллар деңгейін бағындырғаннан соң сәл-пәл түзетілді. Өткен апта бойы мұнай бағасы барреліне 68-69 доллар шегінде саудаланды.
Мұнай бағасының төмендеуі нарықтағы жағдайдың қайта бағалауына байланысты орын алды. Яғни, нарықтағы өндіріс көлемінің күрт ұлғаюы мен қатарынан тоғыз апта бойы мұнай қорларының азаюына байланысты құбылды. Ал мұнай өнімдері қорының азаюы жағдайды жақсарта алмады.
Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қорларының көлемі 6,9 млн баррельге қысқарды. Америкалық Кушинг қоймасындағы мұнай қоры 4,2 млн баррельге дейін төмендеді. Бұл – 2004 жылдан бері орын алған ең ауқымды құлдырау. Бензин қорлары 3,6 млн баррельге өсті. Негізі әу баста 3,4 млн баррельге дейін ғана өседі деп күтілген болатын.
Федералды қор жүйесінің шолулары топтастырылатын «Beige Book» жарияланымында АҚШ экономикасының нығаюы және америкалық еңбек нарығының жақсы көрсеткіштері доллар үшін пайдалы болғаны айтылған. Алайда, инфляцияға қатысты соңғы деректер инвесторлардың аталған ұзақ мерзімді тенденцияның тұрақтылығына қатысты күмәндерін сейілте алмады.
Келесі аптада Еуропа Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдауы және еуропалық реттеушінің баспасөз мәслихаты еуроның долларға қатысты бағамын нығайтуға ықпал етті. Десе де, Еуропа Орталық банкі тарапынан қандай да бір маңызды мәлімдемелер күтудің қажеті жоқ. Еуропа Орталық банкі шенеуніктерінің риторикасы де белгісіз болады деп күтілуде. Дәл осы жағдайда америкалық доллар үшін белгілі бір деңгейде жағымды әсерлер болуы мүмкін. Мұнайға қатысты оң тренд әлі де болса сақталатын секілді.
Егер экономикалық дамудың ішкі факторлары туралы сөз қозғар болсақ, онда ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені +/-1% симметриялық ауытқу шегімен 9,75%-ға дейін төмендету туралы 2018 жылдың 15 қаңтарындағы шешімін ерекше атап өткен дұрыс. Бұл ретте Ұлттық банк базалық мөлшерлеме 2018 жылы тағы да төмендеуі мүмкін екенін жасырмады. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтің мәлімдемесіндегі маңызды мәселенің бірі – Қазақстан экономикасының жақсаруына жол ашатын сауда талаптары және сауда бойынша әріптес елдердегі жағдай қалыпты болса, алдағы уақытта ақша-несие саясатының әлі де жұмсаратындығы. Сондай-ақ, инфляцияны да болжалдық мәнде сақтау жоспарланып отыр. Жағымды фактордың бірі – өңірлік деңгейде инфляциялық үдерістерді біртекті қалыптастыру.
Жоғарыда айтылған деректерді зерделей түссек, алдағы аптада USD/KZT бағамынан анау айтқандай өзгерістерді күтудің қажеті шамалы. Бағамның өзгеруіне әсер ететін фактордың барлығы сырттан болмақ. Аталған валюталық жұпқа қатысты біздің болжам: долларына 324,7-328 теңге.
Теңгенің рубльге қатысты бағамына 2017 жылғы желтоқсандағы Ресейдегі жұмыссыздық деңгейі туралы 25 қаңтарда жарық көретін жарияланым әсер етуі мүмкін. Күтіліп отырған жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды құрауда. Бұл бұған дейінгі мәннен (5,1%) сәл-пәл көптеу. Осылайша, KZT/RUB бағамы 5,65-5,73 дәлізін құрайды деген ойдамыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Америкалық доллардың әлемнің негізгі валюталарына қатысты әлсіреуі жалғасуда. Алда АҚШ-тың мемлекеттік қарызын арттыру туралы шешім қабылданбақ. Нарықтар осы шешімнің әсерін күтуде.
Біз алдағы аптада доллардың теңге мен рубльге қатысты бағамы айтарлықтай құбылмалы болады дегенге сенбейміз. Жалпы алғанда рубльді нығайту аса маңызды болмақ. Алайда қаржы министрлігі тарапынан доллардың сатып алынуы және орын алуы мүмкін жаңа санциялар өсімге жол бермеді.
Қазақстан теңгесі нығая түсуде. Бұған мұнай бағасы, ресей рубльінің тұрақтылығы және мұнай экспорттаушы компаниялар долларды сатуға кірісетін салықтық аптаның басталуы оң әсер етті.
Теңге алдағы аптада да айтарлықтай нығаюы мүмкін. Мұндай жағымды әсер экспорттаушы компаниялардың долларды сатуының нәтижесінде мүмкін болмақ.
Соңғы оқиғалардан соң биткоинның және өзге де криптовалюталардың бағасы айтарлықтай төмендеді. Биткоин фьючерстерінің пайда болуына байланысты институционалдық инвесторлар шорт-позицияға енді. Себебі биткоин қайта бағалануы мүмкін деп есептейді. Сондай-ақ Қытай тарапынан елдегі биткоиндегі саудаға қарсы қосымша шаралар енгізуге ниетті деген алып-қашпа әңгімелер де тарай бастады.
Келесі аптаға арналған болжам мынадай: доллар 322-327 теңге, рубль 5,7-5,8 теңге, Brent мұнайының бағасы 67-70 доллар, бір биткоин 13000-17500 АҚШ доллары шамасында болады.
Сергей Полыгалов, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» компаниясының шеф-сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валюта АҚШ долларына қатысты бағамын айтарлықтай нығайтты. Тіпті, өткен жылдың шілдесіндегі ең төменгі деңгей – долларына 323,50 теңге шегіне дейін жетті. ҚР Ұлттық банкі кезекті бір отырыста базалық пайыздық мөлшерлемені барынша төмендету туралы шешім қабылдады. Соның нәтижесінде мөлшерлеме 9,75% +/-1% деңгейін құрады.
Алдағы уақытта қазақстандық теңгенің қандай күй кешерін болжау қиындау. Десе де, мұны табиғи факторлардың ықпалымен жасауға болады.
Жалпы, қазақстандық теңгенің нығаюына алғышарт бар. Бұл, әрине, мұнай бағасы және америкалық валютаның әлсіреуі. Осы екі фактор теңгенің өзін суда жүзген балықтай еркін сезінуіне мүмкіндік беріп отыр.
Егер мұнай бағасы барреліне 65 доллардан төмен орналасатын болса, онда бұл жағдай қазақстандық валютаның әлсіреуіне айтарлықтай әсер етпек. Әзірше мұнай аталған мәннен жоғары деңгейде саудаланбақ. Сондықтан, USD/KZT жұбы АҚШ долларына 328-330 теңге мәніне дейін жақындауын жалғастырады. Жақын болашақта мұнай бағасының жоғары деңгейге жетуі де ықтимал. Бірақ оның бағасы енді біртіндеп төмендей береді. Бұл өз кезегінде теңге/доллар жұбына біртіндеп әсер ететін болады.
АҚШ-тағы саяси жағдай да, экономикалық ахуал да тұрақсыздығын жалғастыруда. Бұл нарық қатысушыларын алаңдатып отыр. Мұндай «күйгелектік» долларға да беріліп отыр. АҚШ валютасын өсірудің кез-келген қысқа мерзімді әрекеттері нарықтың барлық спектрі бойынша сатудың жаңа толқындарымен аяқталатыны сөзсіз. Ішкі проблемалардан бөлек, долларға кері әсерін тигізетін сыртқы факторлар да бар. Бұл ретте нарық қатысушылары орталық банктер биыл ақша-несие саясатын қатаңдатуға қатысты өз көзқарастарын қайта қарауы мүмкін деп үміттенеді. Бұл нарық қатысушыларының АҚШ валютасынан тыс қызығушылығын тудырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, алдағы аптада USD/KZT жұбы АҚШ долларына 325-330 теңге шегінде болады деп ойлаймыз.
Ресей валютасының қымбаттауы жалғасуда. Өткен аптада рубль 1,3%-ға нығайып, долларына 56 рубль деңгейіне жетті.
Рубльге ресейлік қарыздарға деген сұраныстың жоғарылығы қолдау көрсетті. Ресейлік федеральды займ облигацияларына шетелдік капиталдың айтарлықтай келуі қысқа мерзімде оң төлем балансын қалыптастырады. Алайда, кейін бұл жағдай кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі қарызды қалайда өтеу керек.
Сондай-ақ, рубльге осы жылдағы алғашқы салықтық кезең қолдау көрсетуде. Бұл кезең 25 қаңтарға дөп түсіп отыр. Дәл осы күні пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша төлемдер жасалады.
Сонымен қатар, мұнай бағасының жоғарылығын және доллардың әлемдік нарықтағы төмендеуін де қаперден шығаруға болмайды.
Қаржы министрлігінің шетел валютасын күніне 15,1 млрд рубльге сатып алуы ресейлік валютаға кері әсер етеді. Сондай-ақ, Ресейге қарсы санкциялардың болу мүмкіндігіне байланысты инвесторлардың елден кету қаупі де жоқ емес.
USD/RUB жұбы АҚШ долларына 56-57 рубль шегінде саудаланады деп болжам жасауға болады. Бұл өз кезегінде RUB/KZT жұбына әсер етеді. Бұл жұп рубліне 5,8-5,9 теңге деңгейінде қалыптасады деген ойдамыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Қазақстандық валютаның нығаюы қатарынан бес апта бойына жалғасып отыр. Тіпті, ерекше қарқын алған сыңайлы. Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25%-дан 9,75%-ға дейін күтпеген жерден төмендетуі валюта нарығына кері&amқтағы төмендеуін де қаперден шығаруға болмайды.
Қаржы министрлігінің шетел валютасын күніне 15,1 млрд рубльге сатып алуы ресейлік валютаға кері әсер етеді. Сондай-ақ, Ресейге қарсы санкциялардың болу мүмкіндігіне байланысты инвесторлардың елден кету қаупі де жоқ емес.
USD/RUB жұбы АҚШ долларына 56-57 рубль шегінде саудаланады деп болжам жасауға болады. Бұл өз кезегінде RUB/KZT жұбына әсер етеді. Бұл жұп рубліне 5,8-5,9 теңге деңгейінде қалыптасады деген ойдамыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Қазақстандық валютаның нығаюы қатарынан бес апта бойына жалғасып отыр. Тіпті, ерекше қарқын алған сыңайлы. Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25%-дан 9,75%-ға дейін күтпеген жерден төмендетуі валюта нарығына кері&amқтағы төмендеуін де қаперден шығаруға болмайды.
Қаржы министрлігінің шетел валютасын күніне 15,1 млрд рубльге сатып алуы ресейлік валютаға кері әсер етеді. Сондай-ақ, Ресейге қарсы санкциялардың болу мүмкіндігіне байланысты инвесторлардың елден кету қаупі де жоқ емес.
USD/RUB жұбы АҚШ долларына 56-57 рубль шегінде саудаланады деп болжам жасауға болады. Бұл өз кезегінде RUB/KZT жұбына әсер етеді. Бұл жұп рубліне 5,8-5,9 теңге деңгейінде қалыптасады деген ойдамыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Қазақстандық валютаның нығаюы қатарынан бес апта бойына жалғасып отыр. Тіпті, ерекше қарқын алған сыңайлы. Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25%-дан 9,75%-ға дейін күтпеген жерден төмендетуі валюта нарығына кері&nbқтағы төмендеуін де қаперден шығаруға болмайды.
Қаржы министрлігінің шетел валютасын күніне 15,1 млрд рубльге сатып алуы ресейлік валютаға кері әсер етеді. Сондай-ақ, Ресейге қарсы санкциялардың болу мүмкіндігіне байланысты инвесторлардың елден кету қаупі де жоқ емес.
USD/RUB жұбы АҚШ долларына 56-57 рубль шегінде саудаланады деп болжам жасауға болады. Бұл өз кезегінде RUB/KZT жұбына әсер етеді. Бұл жұп рубліне 5,8-5,9 теңге деңгейінде қалыптасады деген ойдамыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Қазақстандық валютаның нығаюы қатары