Валюта болжамы: 23 қараша – 28 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
428,200

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
21.11.2020
425-430
ГК «ФИНАМ»
21.11.2020
426-431
Forex Club
21.11.2020
428-430
SoftLink
21.11.2020
424-433
DAMU Capital Management
21.11.2020
425-430
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,639

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
21.11.2020
5,55-5,70
ГК «ФИНАМ»
21.11.2020
5,55-5,70
Forex Club
21.11.2020
5,6-5,9
SoftLink
21.11.2020
5,52-5,67
DAMU Capital Management
21.11.2020
5,55-5,65
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
506,400

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
21.11.2020
500-510
ГК «ФИНАМ»
21.11.2020
506-510
Forex Club
21.11.2020
507-510
SoftLink
21.11.2020
503-513
DAMU Capital Management
21.11.2020
500-505
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,010

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
21.11.2020
65-66
ГК «ФИНАМ»
21.11.2020
64,75-65,35
Forex Club
21.11.2020
65,2-65,5
SoftLink
21.11.2020
64,8-65,5
DAMU Capital Management
21.11.2020
63-65

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады 

23 қараша – 28 қараша

 

16 қараша-20 қарашаға арналған валюта болжамы

 

 

 

Сыртқы саяси-экономикалық факторлар теңге бағамына әдеттегідей әсер етіп  отыр. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылардың назарында осы жолы доллар бағамы, мұнай бағасы, ОПЕК+ шешімі болды. Сонымен қатар олар пандемияға қатысты мәліметтерді де сөз етті. Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
23 қараша – 28 қараша Өткен аптада теңге бағамы доллар бағамының төмендеуі мен мұнай нарығындағы тұрақтылықтың арқасанда біраз нығайды. Бірақ айтарлықтай түзетулер болмады. Келесі аптада теңгеге аталған факторлар ықпал етеді. Шикізат нарығы тұрақталғандай болды, Brent баррелі 43-45 доллар шамасында саудаланып жатыр. АҚШ-тағы сайлаудан кейін долларға деген сенім сейіле бастады. Дегенмен бұл теңге үшін өте қолайлы фактор. Менің болжамым бойынша, бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 500-510 теңге, бір юань 65-66 теңге, бір рубль 5,55-5,70 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:
23 қараша – 28 қараша Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайды. Рубльға қатысты бағамы, керісінше, әлсіреді. Нарық динамикасына Modern деп аталатын америкалық компанияның вакцинасы туралы жаңалық оң әсерін берді. Сонымен қатар әлемдік нарықтағы активтердің бағасы өсті. Мұнай құны да сәл қымбаттады. ОПЕК+ елдері мұнай өндірісіне қатысты шешімін екі аптадан кейін қабылдайтын болды. Картель мен бірқатар шикізат өндірушінің шешімі нарықтағы балансқа тікелей әсер етеді. Алдағы аптада бір доллар 426-431 теңге, бір еуро 506-510 теңге, бір рубль 5,55-5,70 теңге, бір юань 64,75-65,35  теңге шамасында болады деп ойлаймыз.

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
23 қараша – 28 қараша Өткен аптаның соңындағы сауда қорытындысы бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы сәл әлсіреді. Бұған мұнай нарығындағы жағдай әсер етіп отыр. Шикізатқа деген сұранысқа қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр. Әлемде тағы карантин шараларының енгізілуі мұнай нарығына кері әсерін тигізетіні анық. Дегенмен вакциналарға қатысты жаңа мәліметтер мұнай нарығын тұрақтандырып отыр.Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 428-430 теңге, бір еуро 507-510 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге, бір юань 65,2-65,5 теңге болады. 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
23 қараша – 28 қараша Өткен аптада теңгенің юань мен рубльдан басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай нарығындағы бағалардың өсуі септігін тигізді.Нарықтағылардың ойынша, ОПЕК+ бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 2 млн баррельге арттыру туралы шешімді кейінге қалдырмақ. Теңге бағамына Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың мөлшерлеме туралы айтқан пікірі оң әсерін тигізді. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, Қазақстан экономикасы келесі жылы өсе бастайды.  Келесі аптада бір доллар 424-433 теңге, бір еуро 503-513 теңге, бір рубль 5,52-5,67 теңге, бір рубль 64,8-65,5 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:
23 қараша – 28 қараша АҚШ-тың екі вакцинасы туралы ақпарат нарықтың оңалуына септігін тигізді. Дегенмен апта соңында көрсеткіштер сәл төмендеді. Айта кету керек, мұнайдың қазіргі бағасы қазақстандық валюта үшін өте қолайлы болып отыр. Дональд Трамп сайлаудың қорытындысын мойындамай отыр. Яғни  елдегі саяси тұрақсыздық әлі басылмады. Демек экономиканы ынталандыру шарасы әзірге бұл елде қабылданбайды деген сөз. Ал Қытай пайыздық мөлшерлемені өзгертпеді. Бұл елге індеттің екінші толқыны еш әсер етпейді, керісінше, экономикасы оңалып, көрсеткіштер өсіп келеді.Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір юань 63-65 теңге, бір рубль 5,55-5,65 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу