Валюта болжамы: 23 қазан – 27 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (23 қазан -27 қазан) арналған теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады. 

Аbctv.kz жүргізген кезекті сауалнамаға қатысқан сарапшылар алдағы аптадағы ең басты оқиға бейсенбіге жоспарланып отырған Еуропалық орталық банктің отырысы болатынын айтып отыр. Мұны, әсіресе, «ФИНАМ» және TeleTrade Central Asia компаниясының сарапшылары айтуда. Алайда облигацияларды сатып алу бағдарламасының қысқаруы қашан және қалай болады деген мәселеде сарапшылар әзірге  бір ортақ шешімге келген жоқ.  Мұның барлығы тек отырыс қорытындысы бойынша белгілі болады.  

TeleTrade Central Asia компаниясы сарапшысының айтуынша, осы аптадағы тағы бір атап кетерлік оқиға Дональд Трамптың ФРЖ-ның қазіргі басшысы Джанет Йелленнің орнына отыратын үміткерді таңдауы болмақ.

Сарапшылардың алдағы аптада бағамның қалыптасуына әсер етеді деп отырған фактілерінің ішінде инфляцияның бірте-бірте төмендеуі («Альпари»), энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай, сондай-ақ рубльдің бағасы («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ,  TeleTrade Central Asia, «Аналитика Онлайн Казахстан», IFC Markets) бар.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.  

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары:

23 қазан – 27 қазан

Gfk еуропалық зерттеу компаниясы жүргізген сауалнама бойынша, 2018 жылы Қазақстандағы  инфляция осы жылы болжанып отырған 6-8% емес, керісінше 5-7% шамасында болады. Осылайша  халық инфляцияның төмендеуін күтеді. Бірақ ол бірте-бірте болады. Бұл теңгеге қысқа мерзімді әсер етті. 

Теңгенің долларға қатысты бағамы 331-335 теңге болады, сондай-ақ теңгенің рубльге қатысты бағамы да еш өзгеріссіз 5,77-5,8 теңге деңгейінда сақталатын болады деп отырмыз. 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

23 қазан – 27 қазан

Американың қор индикаторы Трамптың салық реформасы іске асады деген  үмітпен өмір сүруде. Алайда АҚШ қаржы министрі Мнучиннің пікірінше, бұл мәселеге қатысты шешім қабылдау сағызша созыла беретін болса, биржа алаңдары қатты өзгеруі мүмкін.

26 қазан күні ЕОБ мүшелерінің отырысы өтеді. Оның қорытындысы бойынша реттеуші QE бағдарламасына қатысты алдағы жоспарды айтатын болады. Сарапшылардың бағалауынша, алдағы аптаның бейсенбісінде Драги келесі жылдан бастап сатып алу бағдарламасының айына 40 млрд еуроға дейін қысқаратынын айтады.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,80-6,0 ауқымында болады, ал долларға қатысты бағамы 334-340 теңге, еуроға қатысты бағамы 392-395 теңге болады. 

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы: 

23 қазан – 27 қазан

Келесі аптада теңгенің доларға шаққандағы бағасы 334-338 теңге болады деп болжап отырмыз. Ал рубльге қатысты бағамы 5,78-5,88 теңге.

 

 

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

23 қазан – 27 қазан

Өткен апта теңге бағамы үшін шамалы болса да тұрақты болды. Мұнайдың бағасы бір баррель үшін 57 доллардан жоғарылады.  Рубльдің долларға қатысты бағамы өз позициясын әлі ұстап тұр. Теңгенің осы тұрақтылығы алдағы аптада да сақталады деп ойлаймын.

Келесі аптада USD/KZT валюта жұбы  333-338 теңге, RUB/KZT – 5,80-5,95 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:

23 қазан – 27 қазан

Келесі аптада доллардың жағдай қиын болатын түрі бар. Әлемдік нарықтағы америкалық валютаның бағамын қалыптастыруға бірнеше фактор негіз болуы мүмкін. Соның бірі ­– Еуропалық орталық банк пен Канада банкінің кезекті отырысы болмақ. Нарық қатысушылары отырыс бағдарламаны қысқарту мәселесін нақтылайды деп есептейді. Қазір облигацияларды сатып алу көлемін қысқартуға қатысты алып қашпа әңгіме көп. Осыған қатысты сарапшылар мен нарық қатысушылары әртүрлі болжам жасауда.  Мұның барлығы реттеуші тарапынан нақты бір пікірдің болмауынан орын алып отыр. Ал нақты жауап 26 қазан күнгі отырыс қорытындысы бойынша болмақ.

Канада банкі алдағы отырыста мөлшерлемені арттыруды жалғастыруы мүмкін, ал бұл долларға қысым болады. Канада статистикасы нақты оң динамиканы көрсетіп отыр, ал бұл канадалық реттеушінің несие-ақша саясатын одан әрі күшейтуге негіз болуы мүмкін.

Ал доллар бағамына әсер ететін екінші фактор АҚШ президентінің ФРЖ басшысының орнын басатын үміткердің атын жариялауы болмақ. Джанет Йеленнің мандаты ақпанда аяқталады, алайда сенат кандидатурасын қарау осы жылдың соңына дейін іске асады. Нарық Трамптың шешімін тағаттана күтіп отыр, өйткені ФРЖ-ның жаңа басшысы ФРЖ-ның алдағы 4 жылға арналған несие-ақша саясатына деген көзқарасты түбегейлі  өзгертуі мүмкін.

Сондай-ақ USD/KZT жұбына мұнай нарығындағы жағдай әсер етуі мүмкін. Мұнай бағасын белгілеу шырқау шегіне жетіп, геосаяси тәуекелдерді азайту, АҚШ-та бензин қорының көп болуы есебінен төмендей бастады. Өйткені мұның барлығы алдағы уақытта МӨЗ тарапынан мұнайға деген сұранысты төмендетуі мүмкін. Негізі «қара алтын» бағасы бір баррель үшін 55 доллар шамасына тұрақтауы мүмкін. Шикізат активтері бағасының қазақстандық валютаға айтарлықтай әсер етуі теңге бағамында жағымсыз көрініс  тауып, ал долларға қатысты бағамы өсіп, бір доллар 335-338,50 теңге шамасына жетуі мүмкін.

Келесі аптада салықтық төлем жасайтын ұлттық экспорттаушылар тарапынан сұраныстың болуынан ресейлік валюта нығаятын болады. Сонымен қатар ресейлік валютаның нығаюына қарыздарға деген сұраныста қолдау болады. Шетелдік инвесторлар тарапынан ФҚО-ға деген сұраныс өсіп жатыр. Бұған Ресей қаржы министрлігінің өткізген соңғы аукционы куә.

 Алдағы аптаның соңына қарай РФ ОБ-ның кезекті отырысы болады. Ресейлік реттеуші несие-ақша саясатын  тағы да төмендетеді деген болжам бар. ОБ мөлшерлемені 25 базистік көрсеткішке емес, одан да төменгі базалық мөлшерлемені ұсынуы мүмкін. Салық төлеу аптасы аяқталғаннан кейін рубльдің долларға қатысты бағамы әлсіреуі мүмкін. Ал бұл RUB/KZT жұбын 5,75-2,85 теңге шамасына әкелу мүмкін. 

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы: 

23 қазан – 27 қазан

Ұлттық банк теңгені қолдау үшін интервенция жүргізгеннен кейін теңгенің долларға қатысты бағамы 335 теңге деңгейінде тұрақтады. Ұлттық банк енді интервенция жасамауы мүмкін, ал ұлттық валютаның бағасы әзірге 340-тан асқан жоқ. Теңге бағамына бұрынғыша мұнай бағасы мен рубль бағасы әсер ететін болады.

Келесі аптада теңге мұнай бағасына тәуелді болып, USD/KZT жұбы 333-337 теңге шамасында болады. Ал RUB/KZT жұбы болса 5,8-6 теңге шамасында саудаланатын болады. 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

23 қазан – 27 қазан

Ұлттық валюта біршама әлсірегеннен кейін, долларға қатысты бағамы 330-340 теңге шамасында тұрақтады. Алдағы аптада осы деңгей сақталады деп ойлаймын. Теңгенің тұрақтануына бірқатар фактор себеп болады. Оған Қазақстанның осы жылдың тоғыз айындағы ЖІӨ-нің 4,3% болуы да оң әсерін тигізеді. 

 

 

23 қазан – 27 қазан

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу