Валюта болжамы: 23 сәуір – 27 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (23 сәуір – 27 сәуір).

Аbctv.kz-тің дәстүрлі сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, алдағы аптада да валюта бағамының құрылуына негізінен сыртқы факторлар әсер етпек. Олардың айтуынша, біріншіден, әлемдік нарықтардағы шиеленіскен жағдай мен геосаяси ахуал өз әсерін тигізеді. «Альпари» және «Телетрейд Групп» компанияларының сарапшылары АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялары дамушы елдердің валютасына қысым көрсетуін жалғастыруда деген пікірді алға тартып отыр. «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, Wall Street Invest Partners және IFC Markets компаниясының өкілдерінің айтуынша, АҚШ үкіметі санкцияларды қатаңдатуды тежеу позициясына көшті.

Сонымен қатар, «ФИНАМ», «Телетрейд Групп» және Wall Street Invest Partners сарапшылары өз пікірлерінде АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік құнды қағаздары кірістілігінің өсімі жалғасып келе жатқанын атап өткен. 

Сарапшылар дәстүрлі триггер – мұнай бағасын да қаперден шығарған жоқ. Мұнай бағасының рекордтық көрсеткіштері туралы сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы өз пікірлерінде айтып өтті. Бұл орайда «ФИНАМ» және Wall Street Invest Partners компанияларының өкілдері аталған мәселедегі ОПЕК-тің үлесіне және мұнай өндіруді азайту туралы келісімнің орындалуына мониторинг жүргізу жөніндегі министрлік комитетінің өткен отырысына ерекше тоқталған.

Ішкі факторларға келер болсақ, сарапшылар ҚР Ұлттық банкінің базалық пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайыздық пунктке дейін төмендетіп, 9,25%-ға жеткізгенін тілге тиек етті. Нақтырақ айтсақ, «Альпари», Wall Street Invest Partners және IFC Markets компаниясының өкілдері өз болжамдарында аталған факторға сүйеніпті. 

Сарапшылардың толық пікірін аbctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық компаниясы департаментінің орынбасары:

23 сәуір – 27 сәуір

Өткен аптада көптеген дамушы елдердің валюта нарығы кәдімгідей теңселді. Әсіресе, Ресей нарығы қысымға ұшырады. АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген жаңа санкциялары, сондай-ақ, АҚШ пен Ұлыбританияның Францияның қолдауы арқылы Сирияға тастаған «шектеулі» зымыран соққысы дамушы елдердің валютасына айтарлықтай зиян келтірді. АҚШ-тың Еуропалық одақ елдерінде ірі жеткізушілері бар ресейлік «РусАл» компаниясына қарсы енгізген санкциясының салдары валюталық нарықта Ресей мен ЕАЭО елдерінің арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуіне алып келуі мүмкін деген қауіп бар. Бірақ, шын мәнінде мұндай сценарийдің өрбуіне негіз болатын себеп аз. Әлемде орын алып жатқан жағдайларға қарамастан, аталған уақыт аралығында Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 7,6%-ға бір-ақ көтерілді. Алайда валютасы «қара алтынға» тәуелді елдер бұл жағдайға аса қуана қойған жоқ.   

Қазақстанның Ұлттық банкі 16 сәуір күні базалық пайыздық мөлшерлемені +/-1% дәлізімен 0,25 пайыздық пунктке дейін төмендетіп, 9,25%-ға жеткізді. Осылайша, базалық мөлшерлеме жыл басынан бері үшінші рет төмендеді. Оған елдегі тұтыну бағаларының қалыпты инфляциясы негізгі себеп болып отыр. Бағаларының қалыпты инфляциясы жыл басынан бері 6,6%-дан асқан жоқ. Алайда, бұл АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялары мен рубль бағамының құлдырауы жағдайында теңге үшін аса қуанарлық жаңалық болмады.

Теңгенің долларға қатысы бағамының болжамы айтарлықтай өзгеріске ұшырады – долларына 327-329 теңге. Ал теңгенің рубльге қатысты жаңа болжамы рубліне 5,31-5,36 теңге болып өзгерді.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

23 сәуір – 27 сәуір

Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша АҚШ-тың қор индикаторлары төмендеді. S&P 500 нарығының индексі 0,57%-ға төмендеп, 2693,13 пункт деңгейінде жабылды. Сондай-ақ, Dow Jones өнеркәсіптік индексі 0,34%-ға, NASDAQ жоғары технологиялық индексі 0,78%-ға төмендеді. Ал 10 жылдық қазынашылық құнды қағаздардың кірістілігі екі айда алғаш рет төрт базистік тармаққа көтеріліп, 2,91%-ды құрады.

Есептік кезеңде компаниялар ұсынған жақсы нәтижелерге қарамастан, ойыншылар шикізат динамикасына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Шикізат бағаларының өсуі АҚШ-тағы инфляцияны жылдам қарқынмен жеделдетуі мүмкін. Өйткені, пайыздық мөлшерлеме туралы шешім қабылдағанда шетелдік индикаторлар есепке алынады.

Мұнай бағасы 74,75 долларды бағындырып, 2014 жылдан бергі ең жоғарғы деңгейді еңсерді. Алайда, өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,24%-ға төмендеп, 73,58 доллар деңгейінде жабылды.

Бейсенбі күні Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид Әл-Фалих пен РФ энергетика министрлігінің басшысы Александр Новактың ОПЕК+ елдерінде мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің орындалуына мониторинг жүргізу жөніндегі министрлік комитеттің отырысы аясында екіжақты кездесулері басталды. Кездесу жұма күні Джидда қаласында өтті. Аталған кездесуге қатысты жаңалықтар легі «қара алтын» бағасының динамикасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Қазіргі уақытта  Brent сұрыпты мұнай жергілікті қолдау арқылы 73,40 және 72,40 долларға саудаланып отыр. Негізгілері 74,75 долларға қарай беттемек. 

Біздің болжамымызша, келесі аптада негізгі үш валюта жұбы бойынша теңге бағамы рубльге шаққанда 5,2-5,5 теңге, доллар – 323-326 теңге және еуро 401-405 теңге аралығында болады.

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

23 сәуір – 27 сәуір

Әлемдік нарықтардағы жағдайдың шиеленістілігі әлі де болса жалғасып отыр. Бір жағынан бағаның құрылу процесіне геосаяси ахуал айтарлықтай әсер етіп отыр. «РусАл» кәсіпорнына және басқа да ресейлік компанияларға салынған санкциялар бейрезиденттердің ресейлік активтерден бас тартуына алып келді. Сондай-ақ, рубльге қысым көрсетіле бастағанын байқатып отыр. Ал әлемдік нарықтарда алюминий, никель, күміс секілді металдардың бағасы қарқынды өсу үстінде.

Екінші жағынан АҚШ-тың қазынашылық қарыз нарығындағы кірістілік өсімі жалғасуда. Бұл макроэкономикалық статистиканың жақсы көрсеткіштер көрсетуіне байланысты болып отыр. Соған қарағанда жекелеген орталық банктер қорларды әртараптандыру шеңберінде америкалық құнды қағаздарды сатуын жалғастыруда. Мәселен, екі жылдық құнды қағаздардың кірістілігі 2,4 деңгейінен асып түсті. Кірістіліктің мұндай деңгейі 2008 жылдан бері байқалған емес. Кірістіліктің жоғарылығы америкалық долларды оданы әрі тартымды ете түседі.

Сондықтан, толған негативтерге қарамастан, доллар индекс деңгейін 89,5-тен жоғары ұстап тұра алды. Тіпті, апта соңына қарай индекс деңгейі 90 тармаққа дейін көтерілді. Доллар барлық негізгі валюталарға қатысты және дамушы елдердің валюталарына қатысты бағамын нығайта алды. Аталған тенденция алдағы аптада да жалғасуы ықтимал.

Теңгенің долларға қатысты бағамы 330-ға дейін төмендеуі мүмкін. EUR/KZT жұбына Еуропа Орталық банкінің отырысы әсер етуі ықтимал. Бұл жұпқа қатысты болжам – еуроасына 407 теңге. Теңгенің рубльге қатысты бағамы соңғысының тұрақсыздығына байланысты құбылмалы болуы мүмкін. Бұл жұпқа қатысты болжам – рубліне 5,1-5,5 теңге.    

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:  

23 сәуір – 27 сәуір

Ресей рублінің әлсіреуін күтпеген жағдай деп айтуға болмайды. Бұған дейін айтқанымдай, мұнай бағасы тұрақталды, тіпті айтарлықтай өсті де. Алайда, Ресейге қарсы санкциялар әлі де болса өз әсерін көрсететін болады. Алдын ала күтілген санкцияларға деген реакцияның шамадан тыс эмоциялық әсер алғаны таң қалдырып отыр. Ұлттық банк, теңге/доллар саудасына араласып, рубль әлсіресе де, теңгенің әлсіреуіне жол бермеді. Сондықтан, бұған дейінгі бағам шамамен рубліне 5,5 теңгеге төмендеді. Алдағы аптада не боларын болжам қиын. Төрткіл дүние Батыс пен Ресей арасындағы шиеленіскен жағдайды мұқият қарап отыр. Бірақ, мен рубль бағамы бұрынғы деңгейіне қайтып келеді деп ойламаймын. Меніңше, рубль бағамы қазіргі деңгейде саудалана бермек. Теңге де сөйтпек.

Криптонарық, оның ішінде биткоинға қатысты эйфория келмеске кетті-ау. Биткоин бағасы күн өткен сайын төмендеп барады. Жыл соңына дейін оның бағасы өседі, тіпті 100 мың долларға дейін жетеді деген сөз жай ғана дақпырт болып қалатын секілді. Мен өзіндік базасы жоқ аталған құралды сатып алмауға кеңес беремін. Өйткені, бұл бағытта алып-сатарлық житі байқалады.    

Алдағы аптаға ұсынып отырған болжам мынадай: бір доллар 325-335 теңге, бір рубль 5,3-5,45 теңге, бір доллар 61-63 рубль, Brent сұрыпты мұнай бағасының бір баррелі 70-74 доллар, биткоин 8000-10000 доллар.

Ілияс Басшығұл, Wall Street Invest Partners компаниясының жетекші сарапшысы:

23 сәуір – 27 сәуір

Саяси жағдай әлдеқайда тыныштала түсті. «Скрипаль ісі» өз жайына қалды. Бірақ, ол туралы әлі де болса жиі айтылады. АҚШ үкіметі Ресейге қарсы алдағы санкцияларды қатаңдатуды тежеу позициясына көшті. Сириядағы соққы коалициясы елдерінің басшылары мен саясаткерлері Сирия думасында химиялық шабуыл бойынша дәлелдердің жоқтығынан қысымға ұшырауда. АҚШ пен Қытай арасындағы «сауда соғысы» келіссөздер мен түзетулер алаңына қарай өтті. Ал қаржы нарықтары – күту режимінде. 

Геосаяси шиеленістердің әлсіреуіне байланысты алтын секілді «тыныш айлақ» активтерінің бағасы төмендеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысымен болатын саммит табысты өтеріне үмітті. Сол себепті өткен аптаның басында Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездескенде сауда режиміне қатысты жаңа талаптарды енгізген жоқ. Өз кезегінде америкалық доллар негізгі валюталарға қатысты бағамын нығайта түсті. Бұған АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік құнды қағаздар кірістілігінің өсуі әсер етті. Негізгі валюталар үздіксіз өсуден кейін түзетіле бастады.

«Қара алтын» нарығы ОПЕК-тің қолдауы арқыы үш жылдық жоғары межені бағындырды. Сұраныстың көптігіне байланысты нарықтық шарттарды біртіндеп қатаңдатудың нәтижесінде мұнай бағасы өсті. ОПЕК-тің іс-әрекетінен бөлек, мұнай бағасының өсуіне АҚШ-тың Иранға қарсы тағы да санкция енгізуі мүмкін деген алдын ала күтілген ақпары да әсер етті. Бұл жағдай мұнай жеткізу көлемін одан әрі төмендетуге алып келуі мүмкін. Себебі, Иран өндіру көлемі жағынан ОПЕК құрамындағы үшінші ел саналады. Алайда, мұнай нарығына АҚШ-тағы мұнай өндіру деңгейінің артуы қысым көрсетуде. Бүгінде АҚШ-та тәулігіне 10,51 млн баррель мұнай өндірілуде. Осылайша, АҚШ шикі мұнайды өндіру көлемі бойынша әлемдік деңгейде екінші орынға шығып отыр. АҚШ мұнай көлемі бойынша тек Ресейге ғана есеп жіберіп отыр. Бүгінде Ресейде тәулігіне 11 млн баррель мұнай өндіріледі. 2019 жылға қарай АҚШ Ресейді басып озады деген болжам бар.   

Ағымдағы аптада елеулі экономикалық деректер күтіліп отырған жоқ. Еуропа Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешімі ағымдағы аптадағы маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Алайда, нарық қатысушылары пайыздық мөлшерлеменің өзгеруін күтіп отырған жоқ. 

16 сәуір күні Қазақстанның Ұлттық банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 9,24%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Осы жылдың алғашқы үш айындағы инфляция көлемі 1,8%-ды құрады. Бұл өткен жылдың І-тоқсанымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Наурыз айында жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1% деңгейімен салыстырғанда 6,6%-ға дейін баяулады. Аталған деңгей 2018 жылға арналған 5-7% шектік дәлізіне толықтай сәйкес келіп отыр. Өткен аптада ұлттық валюта табандылық танытты және жоғалтып алған позициялардың орнын толтыруға тырысуда. Дүрлігуге ешқандай себеп жоқ. Экономика қарқын ала түсті. Валюта бағамына тек сыртқы факторлар ғана әсер етеді.

Келесі аптаға арналған болжам келесідей: доллар – 323-328 теңге, рубль – 5,25-5,35 теңге. 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

23 сәуір – 27 сәуір

Өткен апта валюта нарығыны үшін тыныш өрбіді. Меніңше, бұған Сириядағы жағдайдың тұрақталуы және әлемдік нарықтағы мұнай бағасы өсуінің жалғасуы әсер етті. АҚШ тек бір зымыран соққысымен ғана шектелді. Шиеленістің одан әрі ушыға түскен жоқ. Сирияға қатысты «югославиялық, ирактық және ливиялық сценарийлер» мен НАТО-ның белсенді әскери қимылдары туралы әңгіме өрбіп отырған жоқ.

Оның үстіне АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы кезекті санкцияны қатаңдатуды тежеп қойды. Brent сұрыпты мұнайдың бағасы барреліне 75 доллар деңгейіне жуықтады. Бұл соңғы үш жарым жылдағы ең жоғарғы мән болмақ.

Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы ешқандай қауіп тудырып отырған жоқ. 2018 жылдың І-тоқсанында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,1%-ды құрады. Бұған аталған аралықта мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы және газ конденсатын өндіру көлемінің 6,1%-ға өсуі әсер етті. Бірақ, экономикалық тұрғыдан алғанда бұл маңызды емес. Бастысы өсім бар. Осының бәрі теңгенің тұрақтылығына әсер етті. Алайда, теңгенің айтарлықтай нығайғанын көрмедік. Себебі, Ұлттық банк кезекті рет пайыздық мөлшерлемені 0,25%-ға төмендетті. Осылайша, мөлшерлеме 9,25%-ға түсті. Банктің 2018 жылдағы ақша-кредит саясатынжағы негізгі бағытына сәйкес, мұндай тенденция алдағы уақытта да жалғасатын болады. 

Біздің болжам бойынша, алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,12-5,44 теңге, ал долларға қатысты бағамы 323-333 теңге болмақ.

23 сәуір – 27 сәуір

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу