Валюта болжамы: 24 ақпан – 28 ақпан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
376,792

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.2.2020
375-377,50
Евразийский Капитал
22.2.2020
375-379
ГК «ФИНАМ»
22.2.2020
375-379
Астана-Инвест
22.2.2020
375-379
DAMU Capital Management
22.2.2020
376-378
SoftLink
22.2.2020
373-380
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,881

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.2.2020
5,88-5,94
Евразийский Капитал
22.2.2020
5,80-5,95
ГК «ФИНАМ»
22.2.2020
5,9-6,05
Астана-Инвест
22.2.2020
5,80-5,95
DAMU Capital Management
22.2.2020
5,75-5,85
SoftLink
22.2.2020
5,78-5,92
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
408,750

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.2.2020
403-410
Евразийский Капитал
22.2.2020
405,0-410,0
ГК «ФИНАМ»
22.2.2020
405-409
Астана-Инвест
22.2.2020
405-415
DAMU Capital Management
22.2.2020
405-425
SoftLink
22.2.2020
402-411
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,046

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.2.2020
53-54
Евразийский Капитал
22.2.2020
53,0-54,0
ГК «ФИНАМ»
22.2.2020
53,70-54,65
Астана-Инвест
22.2.2020
53,0-54,0
DAMU Capital Management
22.2.2020
56
SoftLink
22.2.2020
53,1-54,1

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.

24 ақпан – 28 ақпан

 

17 ақпан – 21 ақпан

 

 

Қытайдан шыққан коронавирустың валюта нарығына әсері біртіндеп бәсеңдеп келеді. Дегенмен аналитиктер бұл триггерді өз болжамдарында айтып өтті.

Соңғы уақытта нарықты алаңдатып отырған басты фактор ол – Ливия мен Йемендегі саяси шиеленістің салдарынан өсіп жатқан мұнай бағасы мен америкалық мұнай қорының көрсеткіші. Осы аптада Brent сұрыпты мұнай баррелінің қымбаттауы теңгенің нығаюына септігін тигізді.

Сарапшылар доллар индексінің нығаюы, америкалық экономиканың өсуі және Жапония, Қытай, Еуропа экономикаларының бәсеңдеуін сөз етті. Сонымен қатар олар Қазақстанда мемлекеттік облигацияларға деген сұраныстың артуы мен 2019 жылдағы елдің төлем балансын алдын ала бағалауына тоқталды.   

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

24 ақпан – 28 ақпанКоронавирус төңірегіндегі үрей сейіліп келеді. Дегенмен инвесторлар бұл катализаторды назардан тыс қалдырып отырған жоқ. Эпидемияға қатысты кез келген жаңалық биржа нарығына тікелей әсер ететін болады. Осы аптада эталон маркалы мұнай бағасының көтерілуі шикізаттық валюталардың нығаюына әсер етті. Теңге де нығая түсті. Осындай жағдай сақталатын болса, АҚШ доллары 375 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін. 

Келесі аптаға болжамым: доллар 375-377,50 теңге, еуро 403-410 теңге, рубль 5,88-5,94 теңге, юань 53-54 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

24 ақпан – 28 ақпанБейсенбідегі сауданың қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары төмен көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 0,38 пайызға кеміп, 3373,23 пунктке жетті. Dow Jones индексі 0,44 пайызға, NASDAQ 0,67 пайызға төмендеді. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бес базистік пунктке кеміп, 1,52 пайыз болды. Германияның 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі -0,45 пайызға дейін төмендеді.

Бұған түрткі болған Қытайда етек жайған жаңа коронавирус. Кей сарапшылар вирус басқа елдерге кеңінен таралып кетуі мүмкін дегенді айтады. Оның салдары әлемдік экономикаға кері әсерін тигізіп, қаржы нарығы да зардабын тартып отырғаны анық.

Өткен сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 0,46 пайызға арзандап, бір баррелі 59,10 доллар деңгейінде қалды. Бұған америкалық мұнай қорының өсуі түрткі болып отыр. Ресми дерек бойынша, 415 мың баррельге көбейген. 
Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 375-379 теңге, еуро 405-409 теңге, рубль 5,9-6,05 теңге, юань 53,70-54,65 теңге болады.

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
24 ақпан – 28 ақпанБүгінгі таңда жаңа коронавирус әлемнің үрейін ұшырып отыр. Десе де эпидемия басылып келе жатыр. Осы аптада мұнай бағасында айтарлықтай құбылмалылық байқалмады. Brent сұрыпты мұнай құны 57 доллардан арзандай қоймады. 

АҚШ экономикасының көрсеткіштері жоғары, ал Қытай, Еуропа және Жапония экономикаларыныкі төмендеп кетті. Қазір Қытай билігі банктерге қолдау көрсетіп, коронавирустан зардап шеккен аймақтарға салық мөлшерін төмендету бағдарламасын дайындап жатыр. Елдің Халықтық банкі пайыздық мөлшерлемені 4,15-тен 4,05 пайызға дейін төмендетті. АҚШ Ресейдің Роснефть деп аталатын мемлекеттік мұнай компаниясына санкциялар енгізді. Бірақ бұл фактор нарыққа айтарлықтай әсер ете қоймады. 

Қазақстанда елдің 2019 жылдағы төлем балансын алдын ала бағалауы жарияланды. Сальдо теріс көрсеткішке ие, дефицит 5,5 млрд долларға дейін көтерілді. Бұл көрсеткіш теңгенің әлсіреуіне ықпал етер еді. Бірақ ҚР-ның құнды қағаздар бойынша мөлшерлемесі инвесторларды тартып, теңгеге қолдау көрсетуде. 

Келесі аптада бір доллар 376-378 теңге, бір еуро 405-425 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 56 теңге болады.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:
24 ақпан – 28 ақпанӨткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Дегенмен долларға қатысты бағамы айтарлықтай көп төмендемеді. Бұған Ливия мен Йемендегі саяси жағдайдың ушығуынан мұнай бағасының қымбаттауы түрткі болды. Ішкі факторлардың қатарында резидент еместер арасында ҚР мемлекеттік облигацияларына деген сұраныстың артуы бар. Қаржы министрлігі 15 жылдық мемлекеттік облигацияларды 9,5 пайызбен 22,3 млрд теңгеге қойса, оларға деген сұранысы 32,5 млрд теңге болды. 

Келесі аптада АҚШ доллары 373-380 теңге, еуро 402-411 теңге, рубль 5,78-5,92 теңге, юань 53,1-54,1 теңге болады.
.
 

 

 

 

Әли Сағындықов, «Евразийский капитал» АҚ аналитигі:
24 ақпан – 28 ақпанӨткен аптада Brent сұрыпты мұнай бағасы 56,3 – 59,8 доллар деңгейінде болды. Теңге бағамы мұнай құны арзандағанда нығайып, көтерілгенде – әлсіреді. Ұлттық валютаның нығаюына резидент еместердің мемлекеттік облигацияларға инвестиция құюы мен Ұлттық банктің теңгені тұрақтандыруға қатысты шара қолдануы ықпал етіп отыр. Еуро едәуір әлсіреді, бұл тенденция біразға дейін сақталуы мүмкін. Өйткені Еуроаймақ нарығында бейсенбіге дейін тыныштық орнамақ. 

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 375-379 теңге, бір еуро 405-410 теңге, бір рубль 5,80-5,95 теңге, бір юань 53-54 теңге болады.

 

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:
24 ақпан – 28 ақпанДоллар индексі өсіп жатыр, оның әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығаюда. Ал рубль әлсіреуде. Еуроның долларға қатысты бағамы да әлсіреді. Осы аптада мұнай бағасы қымбаттады, бірақ апта соңында арзандай бастады. Егер рубльдің долларға қатысты бағамы әлсіресе, теңге, керісінше, оң көрсеткішке ие болды. Жаңа коронавирус пен Қытай экономикасын ынталандыру шараларына байланысты юань да әлсіреуде. Бірақ бұл тенденция ұзаққа созылмайды деп ойлаймын. 

Келесі аптаға болжамым: бір доллар 375-379 теңге, бір еуро 405-41 теңге, бір рубль 5,80-5,95 теңге, бір юань 53-54 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу