Валюта болжамы: 24 қыркүйек – 28 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады ( 24 қыркүйек-28 қыркүйек).

Дамушы елдер нарығы валютасының нығаюы осы аптада да жалғасты. Аbctv.kz сауалнамасына қатысып, алдағы аптаға болжам жасаған сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасы («ФИНАМ»), энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «ФИНАМ», IFC Markets), АҚШ-тың монетарлық саясаты («Телетрейд Групп») сияқты факторларға мән берді.

Сонымен қатар сарапшылар Қазақстанда ресми валюта айырбастау бағамын қалыптастырудың жаңа тетігі («Альпари»), дамушы нарықтардағы сыртқы жағдайдың жақсаруы («Альпари», «Телетрейд Групп», «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ), Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені арттыруын күту («Альпари»), Ресейдегі салық кезеңінің жақындап қалғаны («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) сияқты триггерлерді еске салып өтті.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:

24 қыркүйек – 28 қыркүйек

Қазақстанда айырбас бағамы күрт нығайды. Қазақстан Ұлттық банкі  валюта нарығындағы сауда қорытындысын есепке ала отырып, 20 қыркүйек күні доллардың теңгеге қатысты бағамын  жаңа тетік бойынша бірден 2%-ға, яғни 8,42 теңгеге төмендетіп, айырбас бағамын 361,94 теңге етті. Саудаға қатысушылардың жағдайына көптеген фактор әсер етеді, оның ішінде дамушы нарықтардағы сыртқы ахуалдың жақсаруы, Қазақстандағы банк жүйесінің тұрақтылығы жайындағы қауіптің азаюы және Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені көтереді деген болжам бар.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша жаңа болжам жасап, бір доллар 359-362 теңге болады деп отырмыз. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам бір рубль үшін 5,40-5,44  теңге болуы мүмкін.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

24 қыркүйек – 28 қыркүйек

Өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа көрсеткіштері  инвесторлардың Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетірестері келіссөз арқылы шешіліп, әлемдік экономика АҚШ пен Қытай арасындағы «сауда соғысының» куәсі болмайды деген үлкен сенімділіктерінің нәтижесінде жағымды бағада аяқталды.    

S&P500 нарығының индексі 0,78%-ға өсіп, 2930,75 шамасында жабылды.  Өндірістік Dow Jones индексі 0,95%-ға өсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,98%-ға артты. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы бір базистік көрсеткішке, 3,07%-ға дейін көтерілді.

Bloomberg мәліметі бойынша, Қытай өзінің көптеген сауда серіктестерінің импортынан алып отырған орташа тарифтік мөлшерлемені келесі айда төмендетуді жоспарлап отыр.

Инвесторлар Қытайдың салықты екі жақты енгізуіне қарамастан, АҚШ тарапынан кедендік тарифтердің жағымсыз әсерін жою үшін осы аптада юаньды құнсыздандырғанын жақсы жаңалық деп отыр.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,83%-ға төмендеп, Трамптың ОПЕК-тен «қара алтын» бағасын төмендетуді талап еткенінен кейін, бір баррель үшін 78,68 доллар болды.

Бұл кезеңде Brent маркалы мұнай бағасы 80 доллар деңгейіне жетті. Осы демалыста Алжирде өтетін ОПЕК кездесуінен кейін, мұнай бағасы тағы өсуі мүмкін. Reuters мәліметі бойынша, картель құрамына кіретін елдер және оның одақтастары мұнай өндіруді арттыруға келіспеуі мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 353-357 теңге және еуроға қатысты бағамы 416-419 теңге болады деп болжап отырмыз.  

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

24 қыркүйек – 28 қыркүйек

Экономикасы дамушы елдердің валютасы біршама түзелгеннен кейін, нарық тағы тұралап қалды. Мысалы, рубль 5%-ға, теңге 6-7%-ға, түрік лирасы 6%-ға өсті. Келесі аптада АҚШ ФРЖ-сыныңы отырысы өтеді, сол жерде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі нақты өсетін болады. Ойыншыларды болжам мен жолданған мәтін қызықтырады. Тап осы мәтін бойынша ФРЖ-ның алдағы ойын болжауға болады. Егер америкалық ОБ қатал болатын болса, онда emerging markets нарығындағы валюталар қайта түседі.

Мәселенің барлығы АҚШ-тың мемлекеттік қарыз нарығы өз бетімен жұмыс жасап, инфляция төмен болса да кіріс өсіп жатқанында болып отыр. Егер бұл үрдіс жалғасатын болса, онда ФРЖ ұстанымына қарамастан, барлық нарықтардағы жағдай нашар болады. Сондықтан теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы тағы төмендейді деуге болады.

USD/KZT жұбы бойынша 365, теңге  EUR/KZT – 428, ал рубльге қатысты бағам 5,2-5,5 теңге шамасында қалады деп болжап отырмыз.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:   

24 қыркүйек – 28 қыркүйек

Өткен аптада рубль нығайды. Рубль қалай әлсіреген болса, сондай қарқынмен қайта нығайды. Сондықтан нарықтың кәсіби емес қатысушыларына бағам құбылмалығынан пайда табуға кеңес бермеймін.

Рубль мұнай бағасының қымбаттауы мен салық төлемдерінің жақындауынан көтеріліп отыр. Рубльдің көтерілуі уақытша құбылыс, біршама уақыт тұрады да, қайта құлдырайтын болады. Ал теңге болса, сол баяғыша рубльдің соңынан ереді.

Келесі аптада доллар 350-370 теңге, рубль 5,3-5,5 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 76-83 доллар, бір биткоин 6000 -7500 АҚШ доллары болады деп болжап отырмын.

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:

24 қыркүйек – 28 қыркүйек

Өткен аптада қазақстандық теңгенің рубльге және долларға қатысты бағамы нығайды. Бұған әлемдік мұнай бағасының тұрақты болуы, макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсы болуы, сондай-ақ «Цеснабанктің» несиелерін сатып алу тетігі бекігеннен кейін, банк секторының тұрақталуы себеп болды.

Қазақстан биылғы жылдың қаңтар-тамызында мұнай мен конденсатты өндіруді 5,3%-ға арттырған. Осының нәтижесінде Қазақстанның сыртқы сауда профициті 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде бір жарым есе, яғни 16,1 млрд долларға дейін өскен. ХВҚ қазақстандық ЖІӨ-нің биыл 3,7%-ға, келесі жылы 3,1%-ға өседі деген жағымды болжамды жариялады. Сондай-ақ инфляцияның биыл 6%-ға, 2019 жылы 5,6%-ға түсетінін болжап отыр. Жағымды факторлардың нәтижесінде теңгенің долларға қатысты бағамы 350 теңге деген шамаға жетті.

Осы аптада құбылмалық ауқымы бір рубль үшін 5,23-5,41 теңге, бір доллар үшін 348--361 теңге болуы мүмкін.

24 қыркүйек – 28 қыркүйек

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу