Валюта болжамы: 24 желтоқсан – 28 желтоқсан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
371,583

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,486

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
423,250

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (24 желтоқсан – 28 желтоқсан).

АҚШ-тың Федеральдық резервтік жүйесінің өткен отырысы abctv.kz дайындаған кезекті сауалнаманың өзегі болды. Келер жылы негізгі мөлшерлеменің өсуі мен оның арту санының төмендеуі мүмкін екеніне «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «ФИНАМ», ARUM Capital, Wall Street Invest Partners, TeleTrade компаниялар тобы және IFC Markets компанияларының сарапшылары тоқталып кетті.

Барлық сарапшы тоқталған тағы бір маңызды фактор – бұл аса үміт күттірмей отырған энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай болып отыр. Сонымен қатар ARUM Capital, Wall Street Invest Partners және TeleTrade КТ сарапшылары рождество мерекесінің жақындап қалғанын, ол әлемдік нарықтарға қысқарған жұмыс күнін әкеліп, сауданың баяулауына негіз болатынын атап кетті.

Сарапшылар басқа да триггерлер ішінен қазіргі Ресейге қарсы санкциялар мен Ресейде салық төлемдерінің жақындап қалғанын («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ), АҚШ-тағы 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігінің төмендегенін, америкалық экономиканың өсу болжамының нашарлауын («ФИНАМ» КТ) атады. Сондай-ақ Ресеймен салыстырғанда Қазақстандағы маркоэкономикалық көрсеткіштердің жақсы екені де (IFC Markets) айтылды. 

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:  

24 желтоқсан – 28 желтоқсан

АҚШ ФРЖ-сының өткен отырысында негізгі мөлшерлеме көтерілді. Бірақ келесі жылы мөлшерлемені арттыру саны үштен екіге азайды.

Еске салар болсақ, мөлшерлеменің артуы доллардың қымбат болатынын көрсетеді. Сәйкесінше бұл басқа валюталар бағамына қысым болады.

Келесі жылы мөлшерлеменің екі рет көтерілуі рубль мен теңге үшін аса қиын болады деп ойламаймын. Ал қазіргі санкциялер мен арзандаған мұнай ресейлік валютаны әлсіретіп жіберуі мүмкін. Алайда алдағы аптада Ресейде салықтық төлем аптасы басталады. Сондықтан жыл соңына дейін рубль қазіргі деңгейде саудаланатын болады деп ойлаймын.

Шыны керек, мұнай бағасы бір баррель үшін 60 доллардан төмен болады деп ойлаған жоқпын. Мұнай бағасы америкалық индекстердің динамикасын қайталап жатқан сияқты. Мұнай бағасы одан әрі төмендеуі ықтимал.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 66-68 рубль, бір рубль 5,4-5,6 теңге, бір доллар 370-377 теңге, бір еуро 420-427 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 53-57 доллар, биткойн 3200-4000 доллар болады деген болжам жасап отырмын.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы: 

24 желтоқсан – 28 желтоқсан

Америкалық биржа алаңдары сәрсенбі күні сауданы төмен көрсеткішпен аяқтады. Оған АҚШ ФРЖ-сының қорытынды отырысы әсер етті.

S&P 500 индексінің фьючерсі 1,54%-ға төмендеп, сауданы 2506,96 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 1,49% жоғалтты, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 2,17%-ға түсті. Аутсайдарде FedEx (12,16%), Facebook (-7,25%) және Intel (-4,55%) акциялары осындай көрсеткіште болды.

10 жылдық қазынашылық облигациялар кірістілігі бес базистік көрсеткішке түсіп, 2,77%-ға дейін төмендеді

Ашық нарықтар федеральдық комитеті 18-19 желтоқсанда өткен отырыс қорытындысы бойынша федеральдық кредиттік қордың базалық пайыздық мөлшерлемесін 25 базистік көрсеткішке, яғни жылдық 2,25-2,50%-ға дейін көтеріп, 2019 жылы реттеуші пайыздық мөлшерлеменің тағы екі рет көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.

Инвесторлар Федеральдық резервтік жүйе басшысы Джером Пауэллдың реттеуші қор нарықтарындағы төмендеуден экономика үшін үлкен қауіп көріп отырған жоқ дегенін жағымсыз қабылдады. Сонымен қатар ФРЖ-ның 2019 жылы америкалық экономиканың өсуі 2,3% болады деп, оның өсу болжамының нашарлауы да ойыншылар үшін жығылған үстіне жұдырық болды.

Қазір акцияларды сатып алушылар S&P 500 индексі бойынша 2490 көрсеткішті көрсетіп тұр. Бұдан әрі жақсы өсу болуы да мүмкін. Бірақ ойыншылардың елемей отырған қиындықтардың жиналып қалуы, биылғы америкалық көрсеткіштердің алдағы жылда одан әрі төмендеуіне жағдай жасайды.

Тап қазіргі кезеңде АҚШ биржаларындағы құбылмалық мұнай бағасын белгілеуге үлкен қысым жасап отыр. Дегенмен қазір Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 55 доллар деңгейіне дейін көтерілуге тырысып жатқан сияқты. Егер ойыншылардың көңіл-күйі өзгеретін болса, 59 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 368-372 теңге және еуроға қатысты бағамы 421-425 теңге болады деп болжап отырмыз.

Владислав Воробьёв, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:

24 желтоқсан – 28 желтоқсан

Апта соңында мұнай нарығының төмендеуінің қайталануы мен АҚШ ФРЖ-сының монетарлық саясатты күшейтуді баяулату туралы хабар бергеннен кейін, әлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендеуі туралы жаңа қауіптің болуы теңге бағамына кері әсер етті. Сонымен қатар ОПЕК-тің артық шикізатпен күресуге қатысты қабылдаған шараларының тиімділігіне деген күмән қосымша себеп болды. Мұнай бағасына Саудия энергетика министрінің қазіргі мұнай бағасының түсуіне АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысы себеп болып отыр, бағаның төмендеуі үшін басты себеп жоқ дегені де көмек бола алмады. Оның айтқанының шамалы болса да «жаны бар» шығар. Бірақ сауда үшін басты драйвер ОПЕК-тің қабылдаған әрекетіне деген сенімнің жоқтығы болып отыр.

Жағымсыз жағдайлар орын алғанына қарамастан, доллардың дамушы елдер валютасына қатысты бағамының төмендеуінен, теңге бағамы біршама нығайды. Рождество мерекесіне байланысты алдағы аптада сауда баяулайды. Сондықтан қазіргі жағдайдан ештеңе қатты өзгереді деуге келмейді. Теңге бағамы бір доллар үшін 368-374 теңге, еуро 422-426 және рубль 5,46-5,50 теңге шамасында болады деп күтілуде.

Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners сарапшысы:     

24 желтоқсан – 28 желтоқсан

Осыған дейінгі болжамға сәйкес, өткен аптада АҚШ Федеральдық жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені тағы жылдық 2,25-2,50% деңгейіне дейін көтерді. Сонымен қатар америкалық реттеуші алдағы уақытта әлемнің ірі экономикасының өсу болжамын төмендеткенін атап кету керек. Келесі жылға жасалып отырған болжам 0,2%-ға 2,3% деңгейіне дейін төмендеген.

Сұраныстың теңгерімсіздігі мен мұнай нарығындағы ұсыныстар мұнай бағасының тағы төмендеуіне алып келді. Өткен аптада Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 60 доллардан 56 долларға дейін түсті. Алтын нарығы бұрынғыша, ең қолайлы нарық болып отыр. Алтын бағасы бір троя унициясы үшін 1250 доллар шамасында саудалануда.

Еуропалық валютаның америкалық валютамен жұбында басымдықтар байқалды. Еуро мен АҚШ доллары жұбының «шайқасы» негізінен 1,135-1,145 шамасында болып отыр. Ресейлік валютаның басқа валюталарға қатысты бағамы апта ішінде бірте-бірте әлсіреді. Санкциямен байланысты жағдай қайта күшеюде. Теңге бағамы қол жеткізген шамада тұр.

Алдағы аптада рождество мерекесі тойланатындықтан, әлемдік нарықтардағы жұмыс күні қысқарады. Мереке дүйсенбіде басталып, сәрсенбіге дейін созылады. Жұма, 28 желтоқсан күні Ресейдің PMI өндірістік белсенділік индексі жарияланады. Бұл мәліметтер ресейлік валюта бағамына әсер етуі мүмкін. Келесі аптаның соңына қарай АҚШ-тың жылжымайтын мүлік нарығындағы аяқталмаған сауда индекстері жарияланады. Бұл жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділікті бағалаудың басты көрсеткіші.

24 желтоқсан 28 желтоқсан аралығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 371-376 теңге болады деп болжанып отыр. Теңгенің еуропалық валютаға қатысты бағамы бір еуро үшін 420-425 теңге шамасында болады. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам 5,55-5,63 теңге болады деп күтілуде.

Сергей Лысаков, TeleTrade КТ сараптамалық ақпарат орталығының басшысы:

24 желтоқсан – 28 желтоқсан

Қазақстандық теңгеге ресейлік рубль ықпал етеді. Жалпы ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені 2,5%-ға дейін көтеруі мен бейтарап мөлшерлемені бағлауды 2,8%-ға дейін төмендетуі еуропалық валютаға түрткі болып, доллардың нығаюына белгі берді.

Еуро бағамды бірден 1,1450-1,1480-ге нығайтты.

Мұнай 2017 жылдың қазанынан бері ең төменгі көрсеткішті көрсетіп отыр, бірақ Brent маркалы мұнай бойынша 54-55 доллар шамасында.

Белсенді сауда жылы өткен аптада нақты аяқталды. Рождество мерекесі салдарынан дүйсенбі және сейсенбі күндері нарықтың белсенділігі төмендейді.

Жалпы теңгенің долларға шаққандағы бағамы әлсірейді деуге болады. Ресейлік рубльге қатысты бағамы нағаяды деп отырмыз. Ал еуроға қатысты теңге бағамы айтарлықтай төмендейді.

Биыл нарық қатысушыларының барлық мөлшерлемесі жасалды. Сондықтан үлкен өзгерісті тек келесі жылдан ғана күтеміз.

Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 370-374 теңге, бір еуро үшін 423-428 теңге, ал бір рубль 5,38 теңгеге дейін нығаяды деп болжап отырмыз.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

24 желтоқсан – 28 желтоқсан

Өткен аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы біршама нығайды. Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіші Ресеймен салыстырғанда жақсы. Бұл ерте ме кеш пе валюта бағамына әсер етуге тиіс болатын.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ресейлік ЖІӨ 2%-дан аспайды. Ал Қазақстанның ЖІӨ-і 4%-дан көп болады. Бұл ретте Ресейдегі инфляция +3,8% болып, қазақстандық +5,3% көрсеткішіне жақын.

Рубльдің әлсіреуі үшін тағы бір маңызды фактор – Ресей қаржы министрлігінің 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап Мәскеу биржасында валюта сатып алуды қайта бастауы болып отыр. Қазір қаржы министрлігі оны ОБ-дан тікелей күніне шамамен 17 млрд рубльге сатып алуда. Мұндай келісімдер «бюджеттік ереже» аясында жасалады және 2021 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін.

Теңгенің шетелдік валюталарға қатысты бағамы әртүрлі бағытта болды. Оның долларға қатысты бағамы нығайып, еуроға қатысты бағамы әлсіреді. Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі теңгеге кері әсер етіп жатқан жоқ. Нарық қатысушылары мұнай бағасы жақында қымбаттайды деп ойлайтын шығар. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ОПЕК-тің және тәуелсіз өндірушілердің мұнай өндіруді шектеу туралы шешімі күшіне енеді.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,4-5,53 теңге, бір доллар үшін 366-373 теңге, бір еуро 416-426 теңге болады деп болжап отырмыз. 

24 желтоқсан – 28 желтоқсан

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу