Валюта болжамы: 25 ақпан – 1 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
376,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
23.2.2019
375-380
IFC Markets
23.2.2019
373-380
Gold Mining Capital
23.2.2019
374-379
Астана-Инвест
23.2.2019
373-378
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,714

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
23.2.2019
5,5-5,8
IFC Markets
23.2.2019
5,66-5,8
Gold Mining Capital
23.2.2019
5,70-5,85
Астана-Инвест
23.2.2019
5,65-5,75
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
426,250

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
23.2.2019
425-429
IFC Markets
23.2.2019
421-429
Gold Mining Capital
23.2.2019
424-429
Астана-Инвест
23.2.2019
423-430
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
23.2.2019
IFC Markets
23.2.2019
Gold Mining Capital
23.2.2019
Астана-Инвест
23.2.2019

inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 ақпан – 22 ақпан). ​

25 ақпан – 1 наурыз 
 

 

 

inbusiness.kz-тің кезекті сауалнамасына қатысқан сарапшылар энергия тасымалдаушылар нарығындағы ахуал, экономикалық статистика мен ішкі саяси жағдай секілді маңызды факторларға назар аударды.

Мұнай бағасын белгілеу жайын сөз еткенде сарапшылар оның құбылмалы болатынын атап кетті. АҚШ энергетика министрлігінің жағымсыз мәліметтері салдарынан қара алтын бағасының төмендейтініне «Финам» КТ тоқталып өтті. Сондай-ақ IFC Markets сарапшылары Қазақстандағы мұнай өндіру деңгейінің артқанын тілге тиек етті.

Ал экономикалық триггерлерге келер болсақ, онда Америка экономикасын дамыту қарқыны төмендегені («ФИНАМ» КТ), Қазақстан экономикасына қатысты жағымды мәліметтердің болуы (IFC Markets) айтылды.

Сонымен қатар сарапшылар елбасының үкіметті отставкаға жібергеніне тоқталып, бұл теңгені нығайтуды ұстап тұратын фактор болуы мүмкін дегенді айтты. Сарапшылар рубльге қолдау болатын Ресейдегі салықтық кезеңді де естен шығармады (IFC Markets, Gold Mining Capital).

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:   

25 ақпан – 1 наурыз

Еуропа мен АҚШ-тың экономикалық мәліметтерінің әлсіз болуынан бейсенбі күні америкалық биржа алаңдары төмен көрсеткіш көрсетті.

S&P 500 индексінің фьючерсі 0,35% жоғалтып, сауданы 2774,88 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,04%-ға төмендеді, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,39%-ға түсті.10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі төрт базистік көрсеткішке 2,68%-ға дейін өсті. Дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,1%-ға өсіп, қаңтардан бері ең жоғары көрсеткіш көрсетті.

Инвесторлар Америка экономикасына қатысты жарияланған мәліметтерді жағымсыз қабылдады. Ақпан айында АҚШ-тағы іскери белсенділік индексі 2016 жылдың мамырынан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсті. Ал қаңтарда баспана сату 2015 жылдың қарашасынан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Еуроаймақтың 19 елінің өндірістегі іскери белсенділік индексі, алдын ала болжам бойынша, қаңтардағы 50,5 көрсеткішінен ақпанда 49,2-ге дейін түскен. Бұл 5 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Индикатордың 50-ден төмен түсуі – сектордағы құлдыраудың бар екенін көрсетеді.

Федеральдық резервтік банк президенті  Джеймс Баллардтың бағалауынша, Штаттар экономикасы 2018 жылғы 3%-ға қарағанда 2019 жылы  2,25%-ға өседі.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,28%-ға төмендеп, бір баррелі 67 доллар болды.

Ойыншылар АҚШ энергетика министрлігінің елдегі апталық мұнай қоры 3,7 баррельге артып, бес апта қатарынан өсім көрсеткен мәліметіне аса қуана қойған жоқ. Bloomberg сауалнамасына қатысқан сарапшылар өсім 3,4 млн баррель болады деп отыр.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,5-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 375--380 теңге және еуроға қатысты бағамы  425-429 теңге болады деп болжап отырмыз.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

25 ақпан – 1 наурыз

Өткен аптада теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамы шамалы ғана өзгерді. Осылайша, теңгеге не  мұнай бағасының өсуі не еліміздегі өндірудің артуы әсер етпеді. Биылғы жылдың басынан бері Brent 26%-ға қымбаттады. Қаңтар айында мұнай мен газ конденсатын өндіру 5,3%-ға өсті.  

Менің ойымша, валюта нарығына қатысушылардың сақтығын оңай түсіндіруге болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті отставкаға жіберді. Тап осы жағдай теңгенің нығаюына кедергі болды. Сондай-ақ күшейген саяси тәуекелдер оны әлсірете алмады. Бұл қазақстандық экономиканың жақсы дамып келе жатқанының дәлелі болуы мүмкін деп ойлаймын.

Теңгенің ресей рубліне қатысты бағамы шамалы әлсіреді. Бұл рубльдің доллар, еуро және басқа валюталарға қатысты нығаюына байланысты болуы мүмкін.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,66-5,8 теңге, бір доллар үшін 373-380 теңге, бір еуро 421-429 теңге болады деп  болжап отырмыз.

Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital сарапшысы:

25 ақпан – 1 наурыз

АҚШ-тың DXY доллар индексі өткен аптада 96.20-96.80 аралығында болды. Ал EUR/USD айырбас бағамы 1.1400 және одан жоғары деңгейде болды.

Салық төлеу мен мұнай бағасы Ресей рублін нығайтуға көмек. Қазақстан теңгесі 375 теңге деңгейінен асып кете аламады.

USD/KZT: 374-379 теңге; EUR/KZT: 424-429 теңге; RUR/KZT: 5,70-5,85 теңге шамасында болады деп күтілуде.

 

 

 

 

 Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:    

25 ақпан – 1 наурыз

Жалпы рубльдің сондай-ақ теңгенің жағдайы жаман емес. Бүгінгі күні теңге/доллар бағамы көтеріңкі деп есептеймін. Рубль мен Ресейдің экономикасы үшін басты қауіп – бұл санкциялар. Салық төлеу кезең мен бүгінгі күнге дейін өсіп отырған мұнай бағасы рубль үшін қолдау болды. Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы құлайды деп ойламаймын. Сондықтан алдағы аптада рубль мен теңге бағамына қатысты қандай да бір айтарлықтай өзгеріс болады деп ойламаймын.

АҚШ президенті мұнай бағасы жоғары дегенге дейін мұнай бағасы үшін барлығы жақсы болған еді. Трамптың айтқанынан кейін мұнай бағасы шамамен 4%-ға түсті. Мұнай бағасы төмендеу үшін нақты себептер қажет. Мәселен, нарықтағы ұсыныстардың артылуы сияқты.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 64,5-66 рубль, бір рубль 5,65-5,75 теңге, бір доллар 373-378 теңге, бір еуро 423-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 63-65 доллар болады деген болжам жасап отырмын.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу