Валюта болжамы: 25 қаңтар – 29 қаңтар

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
419,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
24.1.2021
418-420
ГК «ФИНАМ»
24.1.2021
418-422
SoftLink
24.1.2021
416-423
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,648

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
24.1.2021
5,60-5,75
ГК «ФИНАМ»
24.1.2021
5,55-5,70
SoftLink
24.1.2021
5,56-5,73
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
510,167

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
24.1.2021
505-515
ГК «ФИНАМ»
24.1.2021
509-512
SoftLink
24.1.2021
504-516
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
64,908

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
24.1.2021
64-66
ГК «ФИНАМ»
24.1.2021
64,25-65,50
SoftLink
24.1.2021
64,5-65,2

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (25 қаңтар – 29 қаңтар). 

 

25 қаңтар – 29 қаңтар

 

18 қаңтар – 22 қаңтарға арналған валюта болжамы

 

 

 

 

Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар қазақстандық валютаға әдеттегідей сыртқы триггерлер әсер етеді деген пікірде. Олар коронавирустың таралуы мен Қытайда індеттің тағы бір  ошағының табылғанын сөз етті. Сонымен қатар мұнай нарығындағы жағдай, доллар индексі,алдғы уақытта өтетін Ұлттық Банктің отырысына да тоқтала кетті. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

25 қаңтар – 29 қаңтар Бұған дейін теңгеге әсер еткен факторлар сол күйінде қалады. Brent сұрыпты мұнай бағасы 55,50 долларға дейін көтерілді, енді ол 54,50-56 доллар шамасында саудалануы мүмкін. Доллар индексі де өзгермей отыр. Осы аталған факторлар теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 418-420 теңге, бір еуро 505-515 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,60-5,75 теңге болады.

 

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
25 қаңтар – 29 қаңтар Теңгенің доллар,рубль мен еуроға қатысты бағамы әлсіреді. Юаньға қатысты бағамы нығайды. Қазір нарықты әлемдегі ахуал алаңдатып отыр. Қытайда індеттің жаңа ошағы анықталып, жергілікті билік Гонконгта локдаун енгізу туралы шешім қабылдады. Еуропаның бірқатар елінде карантин ақпан айының ортасына дейін ұзартылды. АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 25 миллионнан асты. Осылардың салдарынан мұнай бағасы арзандап жатыр.

25 қаңтарда елімізде Ұлттық Банктің кезекті отырысы өтеді. Отырыста пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылданады. Біздің пікірімізше, қаржы реттеушісі көрсеткішті өзгерпейді. 2020 жылы елдегі инфляция 7,5%-ға жетті, бұрын 4-6% болады деп айтылған еді. Алдағы аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 509-512 теңге, бір рубль 5,55-5,70 теңге, бір юань 64,25-65,50 теңге болуы ықтимал.


 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
25 қаңтар – 29 қаңтар Өткен аптада теңгенің долларға,еуро, юаньға қатысты бағамы әлсіреп, рубльға қатыстысы нығайды. Алдағы уақытта мұнай нарығында бағаны өзгертуге қатысты шешім қабылданады. Бұның теңгеге әсер ететіні анық. 25 қаңтарда Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасайды. Көрсеткіш өзгертілмеуі мүмкін. Бірақ қаржы-несие саясаты жөніндегі комитет құрылғаннан кейін, кей инвесторлар мөлшерлеме өзгеруі мүмкін деп отыр.

Еуропаның бірқатар елі мен Жапонияда карантин шаралары күшейтілгеннен кейін, «қара алтын» бағасы төмендеді. Қытайда вирустың тағы бір ошағы табылды. Егер Қытай билігі карантин жарияласа, мұнайға деген сұраныс азаюы мүмкін. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 416-423 теңге, бір еуро 504-516 теңге, бір юань 64,5-65,2 теңге, бір рубль 5,56-5,73 теңге болады.

 
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу