Валюта болжамы: 18 қаңтар – 22 қаңтар

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
419,375

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
16.1.2021
417-422
ГК «ФИНАМ»
16.1.2021
418-423
Forex Club
16.1.2021
417-419
SoftLink
16.1.2021
416-423
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,700

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
16.1.2021
5,50-5,85
ГК «ФИНАМ»
16.1.2021
5,40-5,85
Forex Club
16.1.2021
5,7-5,9
SoftLink
16.1.2021
5,6-5,8
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
510,500

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
16.1.2021
505-520
ГК «ФИНАМ»
16.1.2021
508-510
Forex Club
16.1.2021
510-512
SoftLink
16.1.2021
504-515
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
64,913

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
16.1.2021
64-66
ГК «ФИНАМ»
16.1.2021
64,70-65,10
Forex Club
16.1.2021
64,9-65,1
SoftLink
16.1.2021
64,5-65

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 қаңтар – 22 қаңтар).

18 қаңтар – 22 қаңтар

 

11 – 15 қаңтарға арналған валюта 

 

 

Келесі аптада қазақстандық валютаға әдеттегідей макроэкономикалық факторлар әсер етті. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар мұнай бағасын, доллар индексі мен пандемияны сөз етті. Сондай-ақ Джо Байденнің инаугурациясын, Федералды қор жүйесінің мөлшерлемеге қатысты шешіміне де тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

18 қаңтар – 22 қаңтар

Қаңтар айының ортасындай теңге бағамы нығайды. Brent сұрыпты мұнай баррелі шамамен 55,75 долларға саудаланып жатыр. Доллар бағамы нығаюда, бірақ шикізат факторы нарықты тұрақтандырып отыр. Келесі аптада да осы динамика сақталады. Джо Байденнің инаугурациясы нарыққа әсер етуі мүмкін.Менің болжамым бойынша, осы аптада бір доллар 417-422 теңге, бір еуро 505-520 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,50-5,85 теңге болады.

 

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

18 қаңтар – 22 қаңтар

Қазақстандық қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Мұндай динамикаға Қазақстанның үкіметінің отставкаға кетуі түрткі болды. Теңге бағамына мұнай бағасының төмендеуі кері әсерін тигізді. Инвесторлардың ойынша, індеттің таралуы шикізатқа деген сұранысты азайтпақ. Келесі аптада теңге бағасы қазіргі деңгейде сақталады. Менің ойымша, бір доллар 417-419 теңге, бір еуро 510-512 теңге, бір юань 64,9-65,1 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңге деңгейінде болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

18 қаңтар – 22 қаңтар Теңгенің доллар, юаньға мен еуроға қатысты бағамы өзгермеді. Теңге мен мұнай секторына Джо Байденнің экономикансы ынталандыру туралы айтқан мәлімдемесі әсер етті. АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл пайыздық мөлшерлемені көтермейтінін мәлім етті. Бұған қарамасытан апта соңында доллар көтерілді. Әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, нарықта risk-on орын алды. Яғни қазіргі жағдай дамушы елдерге өте қолайлы болып отыр. Алдағы аптада бір доллар 418-423 теңге, бір еуро 508-510 теңге, бір рубль 5,40-5,85 теңге, бір юань 64,70-65,10 теңге болуы ықтимал.

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

18 қаңтар – 22 қаңтар

Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы өзгермеді. Еуро, юаньға қатысты бағамы нығайып, рубльға қатыстысы әлсіреді. Теңгеге мұнайдың қымбаттауы оң әсерін тигізді. Апта бойы Brent сұрыпты мұнай баррелі 57,3 долларға саудаланды. ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстан мұнай өндірісін 4,8%-ға азайтып, 85,7 млн тоннаға жеткізді. Инфляция деңгейі 7,5% болды. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 416-423 теңге, бір еуро 504-515 теңге, бір юань 64,5-65 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу