Валюта болжамы: 28 желтоқсан – 1 қаңтар

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
419,250

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.12.2020
418-422
ГК «ФИНАМ»
26.12.2020
417-421
Forex Club
26.12.2020
417-419
DAMU Capital Management
26.12.2020
418-422
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,638

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.12.2020
5,45-5,75
ГК «ФИНАМ»
26.12.2020
5,60-5,80
Forex Club
26.12.2020
5,4-5,6
DAMU Capital Management
26.12.2020
5,7-5,8
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
511,250

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.12.2020
500-515
ГК «ФИНАМ»
26.12.2020
509-514
Forex Club
26.12.2020
510-512
DAMU Capital Management
26.12.2020
510-520
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
64,450

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.12.2020
64-66
ГК «ФИНАМ»
26.12.2020
63,75-64,75
Forex Club
26.12.2020
64,2-64,4
DAMU Capital Management
26.12.2020
64-64,5

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (28 желтоқсан – 1 қаңтар).   

28 желтоқсан – 1 қаңтар

 

21 желтоқсан – 25 желтоқсанға арналған валюта болжамы

 

 

    
Осы жылдың соңғы аптасында теңге бағамына әдеттегідей макроэкономикалық факторлар әсер етеді. Сарапшылар өз болжамдарында теңге бағамына ықпал ететін факторларды, яғни мұнай нарығындағы жағдайды, доллар индексін, әлемдегі эпидемиологиялық ахуалды сөз етті. Сонымен қатар олар АҚШ Конгресінің экономиканы ынталандыруға қатысты шарасы мен Brexit келісіміне де тоқталды. 
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
28 желтоқсан – 1 қаңтар Соңғы апта KASE биржасының валюталық секциясы үшін қысқа болады. Желтоқсанның аяғында теңге бағамы доллар индексінің төмендеуі мен мұнай бағасының көтерілуі арқасында нығайды. Бұл факторлар ұлттық валютамызға әдеттегідей әсер етеді. Қазір инвесторлар Британияда табылған коронавирустың жаңа штамына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Менің болжамым бойынша,келесі аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 500-515 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,45-5,75 теңге болады.

 

 

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:
28 желтоқсан – 1 қаңтар Өткен аптада теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамы нығайып, рубльға қатысты бағамы әлсіреді. Мұндай динамикаға шикізат құнының қымбаттауы түрткі болды. Өйткені АҚШ-тағы мұнай қоры азайды деген мәліметтен кейін нарықтағы көрсеткіштер көтеріле бастады. Сондай-ақ Брюссель мен Лондон арасындағы Brexit-ке қатысты келісім де нарыққа оң әсерін тигізді. Өткен аптада дамушы елдердің валюталары нығайды. Дегенмен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітіп отырған жоқ. Бірқатар елде вакцина егу процесі басталғанымен, Британияда табылған жаңа штамм нарықты алаңдатып отыр. АҚШ билігінің экономиканы ынталандыруға қатысты ортақ шешімге келмеуі де ықпал етті. 28 желтоқсанда еліміздің ЖІӨ-не қатысты мәлімет жарияланады.Келесі аптада бір доллар  417-421 теңге, бір еуро 509-514 теңге, бір рубль 5,60-5,80 теңге, бір юань 63,75-64,75  теңге шамасында болады деп ойлаймыз.


 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
28 желтоқсан – 1 қаңтар Сауда қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы нығайып, рубльға қатысты бағамы, керісінше, әлсіреді. Қазақстанның ішкі валюта нарығында айтарлықтай өзгеріс болмады, өйткені «Рождество» мейрамына байланысты сауда өткізілмеді. Дегенмен Brent сұрыпты мұнай баррелі бағасының 50 доллардан асуы теңгеге оң ықпалын тигізіп отырғаны анық. Алдағы аптада оң динамика жалғасуы мүмкін. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 417-419 теңге, бір еуро 510-512 теңге, бір рубль 5,4-5,6 теңге, бір рубль 64,2-64,4 теңге болады.

 

 

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:
28 желтоқсан – 1 қаңтар 2020 жыл әлем экономикасын теңселткен жыл болды. «Коронавирус», «пандемия» және «локдаун» сөздері инвесторлар мен сарапшылардың болжамдарында жиі қолданылатын сөздерге айналды. Дегенмен нарық «Жаңа жылды» сәл де болса позитивті қарқынмен қарсы алмақ. Әлемнің бірқатар дамыған елінде вакцина егу процесі басталып кетті, 2021 жылы әлемдегі халқының басым бөлігі екпемен қамтамасыз етіледі. Осы жылдың соңында Brent бағасы 51 долларға дейін көтерілді.Британияда коронавирустың жаңа штамы табылғаннан кейін, оның бағасы бастапқыда төмендеген еді, бірақ кейін қайтадан көтерілді. АҚШ Конгресі экономиканы ынталандыруға 900 млрд доллар бөлу туралы құжатты мақұлдады. Еуроодақ пен Британия Brexit-ке қатысты ортақ мәмілеге келді, яғни 3,5 жылға созылған процесс аяқталды десе де болады. Қытайдың Ұлттық банкі мөлшерлемені 3,85% деңгейінде, яғни өзгеріссіз қалдырды. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 510-520 теңге, бір юань 64-64,5 теңге, бір рубль 5,7-5,8 теңге болады.

 
 
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу