Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.12.2020 |
418-422 |
ГК «ФИНАМ»
20.12.2020 |
418-423 |
Forex Club
20.12.2020 |
418-421 |
SoftLink
20.12.2020 |
416-423 |
DAMU Capital Management
20.12.2020 |
414-418 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.12.2020 |
5,55-5,80 |
ГК «ФИНАМ»
20.12.2020 |
5,65-5,85 |
Forex Club
20.12.2020 |
5,5-5,8 |
SoftLink
20.12.2020 |
5,65-5,78 |
DAMU Capital Management
20.12.2020 |
5,65-5,70 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.12.2020 |
500-520 |
ГК «ФИНАМ»
20.12.2020 |
511-517 |
Forex Club
20.12.2020 |
509-511 |
SoftLink
20.12.2020 |
506-516 |
DAMU Capital Management
20.12.2020 |
505-515 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.12.2020 |
63-65 |
ГК «ФИНАМ»
20.12.2020 |
63,50-64,50 |
Forex Club
20.12.2020 |
64-64,3 |
SoftLink
20.12.2020 |
63,7-64,5 |
DAMU Capital Management
20.12.2020 |
62-64 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (21 желтоқсан – 25 желтоқсан).
14– 18 желтоқсанға арналған валюта болжамы
Әлемдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай инвесторлардың назарында. Сарапшылар өз болжамдарында теңге бағамына әсер ететін факторларды, бірқатар елдегі шектеу шаралары мен жаппай вакцина егу процесін сөз етті. Олар мұнай нарығындағы ахуал, АҚШ-тың экономиканы ынталандыруға қатысты шарасы мен Федералды қор жүйесінің мөлшерлемені 0-0,25% деңгейінде қалдыру туралы шешіміне тоқталды. Сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкінің мөлшерлемені өзгертпеуін айтып өтті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
АҚШ долларының әлсіреуі мен Brent сұрыпты мұнай бағасының тұрақтылығы арқасында теңге нығайды. Қазақстанның монетарлық билігі валютамыздың қазіргі бағамын өзгертпеуі мүмкін, сондықтан теңге тағы да нығаймайды деп ойлаймын. Келесі аптада теңге үшін шикізат нарығындағы тұрақтылық маңызды болмақ. Қазір Brent баррелі 50 доллар шамасында саудаланып жатыр. Егер алдағы уақытта доллар сәл де болса нығайса, бұл фактор теңгеге әсер ете қоймайды. Өйткені Рождество мейрамы қарсаңында биржадағы белсенділік айтарлықтай төмендейді. Менің болжамым бойынша,келесі аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 500-520 теңге, бір юань 63-65 теңге, бір рубль 5,55-5,80 теңге болады.
Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің доллар, рубль мен еуроға қатысты бағамы әлсіреді. Юаньға қатысты бағамы да теріс көрсеткішке ие болған еді, бірақ апта соңында оңала бастады.14 желтоқсанда ҚР Ұлттық Банкі пайыздық мөлшерлемені 9,0% деңгейінде қалдырды. Мұндай шешімді қабылдауға шикізат нарығындағы тұрақсыздық, инфляциялық болжал, экономикалық тұрлаусыздық әсер етті. Бірқатар сарапшы мөлшерлеме өзгеріссіз қаладі деп бұған дейін топшылаған еді, бірақ реттеушінің бұл шешімі теңге үшін ұтымды болмады. Өткен аптада валютамыз дамушы елдер валюталарының арасында аутсайдер атанды. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітіп отырған жоқ. АҚШ, Британия, Германия және Польша елдерінде індетке байланысты шектеу шаралары енгізілді. Экономиканың қалыпқа келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Егер АҚШ экономиканы ынталандыру шарасын қабылдаса, нарықтағы тұрақсыздық сейіліп, бұл шешім долларға ықпал жасайды. Яғни артынан теңге мен дамушы елдер валюталарының нығаюы әбден мүмкін. Өткен аптада қараша айындағы өнеркәсіптік өндіріске қатысты деректер жарияланды. Көрсеткіш 2,9%-ға кеміген. Бұған дейін 3,3% және 6,2%-ға төмендейді деп жарияланған еді. Елімізде бөлшек сауда көлемі 0,7%-ға артты. Жылдық есептеу бойынша ЖІӨ 1,9%-ға қысқарды. Келесі аптада бір доллар 418-423 теңге, бір еуро 511-517 теңге, бір рубль 5,65-5,85 теңге, бір юань 63,50-64,50 теңге шамасында болады деп ойлаймыз.
Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
Өткен аптадағы сауда қорытындысы бойынша теңгенің доллар мен рубльға қатысты бағамы өзгермеді, еуро мен юаньға қатысты бағамы сәл әлсіреді. Оң динамиканы қамтамасыз етіп отырған – шикізат нарығындағы ахуал: Brent баррелінің бағасы 51,5 долларға дейін көтерілді.ҚР Ұлттық Банкінің пайыздық мөлшерлемені 9,0% деңгейінде қалдыруы теңгеге оң әсерін тигізді. Мөлшерлеменің қазіргі деңгейі жылдық инфляциядан жоғары. Қараша айында ол көрсеткіш 7,3% болған еді. Қаржы реттеушісінің болжамынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша елдегі инфляция мөлшері 7,5%-дан аспайды. Біздің ойымызша, бір доллар 416-423 теңге, бір еуро 506-516 теңге, бір рубль 5,65-5,78 теңге, бір юань 63,7-64,5 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
15 желтоқсанда өткен сауда қорытындысы бойынша бір доллар 420,02 теңге шамасында қалды. Алдағы аптада валютамыз нығайып, оң көрсеткіштерге ие болуы мүмкін. Өткен аптада әлемдік қаржы нарығындағы көрсеткіштер өсті. Бұған, әрине, бірқатар елде жаппай вакцина егу шарасы басталды деген ақпарат түрткі болды. Сонымен қатар АҚШ экономиканы ынталандыру үшін 900 млрд доллар бөлуі мүмкін. Инвесторлар осы шешімді күтіп отыр. шикізатқа деген сұраныс артады деген болжам мен доллардың әлсіреуі соңғы күндері мұнайдың қымбаттауына әкеліп соқты.Келесі аптада бір доллар 418-421 теңге, бір еуро 509-511 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге, бір рубль 64-64,3 теңге болады деп ойлаймын.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:
Британия, АҚШ және Канада сияқты елдердің жаппай вакцина егу процесін бастауы, коронавирус дертін жұқтырғандарға қатысты деректер экономиканың қалпына келуіне ықпал етеді. Бірақ соңғы уақытта АҚШ пен Еуропаның бірқатар елінде шектеу шараларының енгізілуі нарықты алаңдатып отыр. Карантинге қарамастан Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 52 доллардан асты. АҚШ жақын арада экономиканы ынталандыру үшін 908 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр. Елдің Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені 0,-0,25% деңгейінде сақтап, бұл көрсеткішті осылай қалдыратынын мәлім етті. Осы фактор доллар индексінің төмендеуіне әкеліп соқты, шикізаттық өнімдер қымбаттай бастады. Англия банкі пайыздық мөлшерлемені 0,1% деңгейінде , Ресейдің Орталық банкі 4,25% деңгейінде қалдырды. ҚР Ұлттық Банкі де бұл көрсеткішті өзгертпеді. Қаржы реттеушісі келесі жылы оның деңгейін инфляция көрсеткішін ескере отырып өзгертеді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 414-418 теңге, бір еуро 515-515 теңге, бір юань 62-64 теңге, бір рубль 5,6 5-5,70 теңге болады.