Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
11.1.2021 |
418-420 |
DAMU Capital Management
11.1.2021 |
420-423 |
ГК «ФИНАМ»
11.1.2021 |
417-422 |
Forex Club
11.1.2021 |
419-421 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
11.1.2021 |
5,60-5,75 |
DAMU Capital Management
11.1.2021 |
5,60-5,65 |
ГК «ФИНАМ»
11.1.2021 |
5,40-5,75 |
Forex Club
11.1.2021 |
5,6-5,9 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
11.1.2021 |
508-515 |
DAMU Capital Management
11.1.2021 |
510-520 |
ГК «ФИНАМ»
11.1.2021 |
508-512 |
Forex Club
11.1.2021 |
511-513 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
11.1.2021 |
64-65 |
DAMU Capital Management
11.1.2021 |
60-63 |
ГК «ФИНАМ»
11.1.2021 |
64,50-65,75 |
Forex Club
11.1.2021 |
64,6-64,8 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады
(11 қаңтар – 15 қаңтар).
28 желтоқсан – 1 қаңтарға арналған валюта болжамы
2021 жылдың алғашқы аптасында қазақстандық валютаға әдеттегідей макроэкономикалық факторлар әсер етті. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылардың пікірінше, бұл тенденция алдағы уақытта да жалғаспақ. Теңге бағамына мұнай нарығындағы ахуал, доллар индексі, індетке қатысты мәлімет және Катар мен басқа да араб елдері арасындағы келісім ықпал етеді.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Қазір Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 55 доллардан жоғары болып тұр. Бұл фактор теңге үшін қолайлы. Өйткені еліміз шикізат өндірісі мен оның экспортына тәуелді. АҚШ доллары индексінің өзгеруі теңгеге әсер етіп отырғаны анық. Осы аталған триггерлердің барлығы алдағы уақытта ұлттық валютамыздың қалай өзгеретініне септігін тигізеді. Менің болжамым бойынша, осы аптада бір доллар 418-420 теңге, бір еуро 508-515 теңге, бір юань 64-65 теңге, бір рубль 5,60-5,75 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Қазақстандық қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы сәл әлсіреді. Мұндай динамикаға індеттің қарқынды түрде таралуы салдарынан мұнай бағасының арзандауы әкеліп соқты. Өткен аптада Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 55 доллардан асты. Мұндай жоғары көрсеткіш соңғы рет 2020 жылдың ақпан айында тіркелген еді. Қытайда індеттің қайтадан өршуіне байланысты көлік қозғалысы шектелді. Оның кесірінен шикізатқа деген сұраныс кемиді деген болжамдар айтылып жатыр. Нарықтағылар осы жайтқа алаңдаулы. Қазақстан билігі 2020 жылдың желтоқсанда айында 6,3 млн тонна мұнай өндірілгенін және ОПЕК+ келісімін 96%-ға орындағанын мәлім етті. Теңге бағамына бұлардан бөлек жуырда өткен парламенттік сайлау да әсер етті. Менің ойымша, осы аптада бір доллар 419-421 теңге, бір еуро 511-513 теңге, бір юань 64,6-64,8 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге деңгейінде болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU capital Management» ЖШС бас директоры:
2021 жылдың алғашқы аптасы белгісіздікпен басталды. Вашингтондағы тәртіпсіздік пен ереуілшілердің Капитолийге баса-көктеп кіруі нарықты тұрақсыздандырып, президенттік биліктің Джозеф Байденге бейбіт түрде тапсырылуына кедергі болатындай болып көрінді. Бірақ АҚШ-тағы мемлекеттік институттың мықтылығы мен демократиялық жүйенің тұрақтылығының арқасында бұл күдік тез сейілді. Мұнай нарығына бұл жайттар тіпті әсер етпеді. Қазір Brent баррелі шамамен 54 долларға саудаланып жатыр. Шикізат нарығының оңалуына ОПЕК+ келісімі түрткі болып отырғаны белгілі. Катар мен бірқатар араб елдері, нақтырақ айтқанда, Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт, Бахрейн, Оман, Египет ортақ келісімге келді. Бұл ымыраны АҚШ пен Израиль елдері қолдады. Біздің болжам бойынша, осы аптада бір доллар 420-429 теңге, бір еуро 510-520 теңге, бір рубль 5,60-5,65 теңге, бір юань 60-63 теңге шамасында болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
2021 жылдың басында теңгенің доллар, рубль мен еуроға қатысты бағамы нығайып, юаньға қатысты бағамы әлсіреді.
Теңгеге ОПЕК+ альянсының кезекті отырысы ықпал етті. Ресей мен Қазақстаннан басқа елдерге ақпан мен наурыз айларындағы өндіріске арналған квота өзгеріссіз қалды. Сауд Арабиясының ерікті түрде бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 1 млн баррельге қысқартты, артынан мұнай бағасы өсті. Салдарынан мұнайға тәуелді елдердің валюталары нығайды. Бірақ Қытайдың Хубэй провинциясында вирус жұқтырғандар санының артуына байланысты енгізілген локдаун кесірінен көрсеткіштер қайтадан төмендей бастады.
Джо Байденнің АҚШ экономикасын ынталандыру үшін қыруар қаражат бөлінетіні туралы айтқан уәдесінен кейін елдегі 10 жылдық мемлекеттік облигациялардың кірістілігі артты, доллар индексі көтерілді.
Қазақстанда өткен парламент сайлауында Nur-Otan партиясы жеңіске жетті. Енді парламент құрамына үш партия кіретін болды. Осы аптада бір доллар 417-422 теңге, бір еуро 508-512 теңге, бір рубль 5,40-5,75 теңге, бір юань 64,50-65,75 теңге болуы ықтимал.