Валюта болжамы: 26 наурыз – 30 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (26 наурыз – 30 наурыз ).

26 наурыз – 30 наурыз26 наурыз – 30 наурыз аралығына арналған валюта болжамы

Алдағы аптада теңге бағамының қалыптасуында сыртқы факторлар басты рөл ойнайтын болады. Abctv.kz сауал тастаған сарапшылар мұхиттың арғы жағынан жететін жаңалықтарға елең қылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп түрткі болған сауда соғысы «ФИНАМ», Wall Street Invest Partners және «Телетрейд Групп» компаниялары тобы сарапшыларының әңгіме өзегіне айналғандай. Әсіресе «ФИНАМ» және «Телетрейд Групп» сарапшылары бейсенбіде Трамптың өзі қол қойған Қытайға қатысты саудадағы шектеулер туралы меморандумы және бұған дейін айтылып келген бірқатар елге қатысты металдарға баж салығының әрекет етуін уақытша тоқтату тұру туралы шешіміне ерекше назар аудартып отыр.

Сарапшылар ерекше атаған тағы бір америкалық фактор – бұл АҚШ-тың ФРҚ пайыздық мөлшерлемені 25 базистік пункт бойынша арттыру ықтамалдығы (Wall Street Invest Partners).

Әдеттегідей, теңге бағамына энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай да өз әсерін тигізбек. «Альпари», «ФИНАМ» компаниялар тобы, Wall Street Invest Partners және IFC Markets талдаушылары «қара алтын» баррелінің әлемдік бағасына қатысты пікір білдірді. Оның ішінде «ФИНАМ» және Wall Street Invest Partners сарапшылары Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалихтің өз елінің 2019 жылы да мұнай өндіруді шектеу туралы келісімді одан әрі ұзартатындығы туралы ниетіне назар аударған.

Сарапшылардың егжей-тегжейлі пікірлері abctv.kz даярлаған төмендегі кезекті сауалнамада айтылатын болады.

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық компаниясы департаментінің орынбасары   

26 наурыз – 30 наурызҚазақстанда теңгенің бағамы мұнай бағасының өсуіне және Ресейде Қазақстан мен осы елдің ұзақмерзімдік экономикалық және саясат қарым-қатынасының тұрақтылығына әсері бар президент сайлауының қорытындысына байланысты жағымды жәйттерден аздап өсті деуге болады.

Теңгенің долларға шаққандағы болжамы доллар үшін 320-322 теңгеге дейін, ал рубльге шаққандағы теңгенің бағамы бір рубль үшін 5,55-5,7 теңге деңгейінде қала береді деген болжам өзгермейді.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:   

26 наурыз – 30 наурызӨткен сауда сессиясында америкалық биржалық индекстер соңғы алты аптадағы үлкен құлдырауды бастан кешірді. S&P500 кең нарығының индексі 2,52%-ға төмендеп, 2643,69 пункт белгіде жабылып,100-күндік сырғымалы орташаға төмендеді

Қытаймен арада сауда соғысының басталу қаупі әлемдік қор алаңдарында үрейді қайта оралтып отыр. Бейсенбіде Дональд Трамп ҚХР-ға қатысты саудадағы шектеулер туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш құжат Аспанасты елінен жалпы көлемі 60 млрд долларға дейінді құрайтын бірқатар тауарға баж салығын енгізуді қарастырады. Бұған жауап ретінде қытай билігі қарымта шаралар енгізетінін ескертіп, АҚШ-тың мұндай әрекеті екі тарапқа да шығын әкелетінін атап көрсетті. Дегенмен ЕО және АҚШ сауда өкілдерінің арасындағы келіссөздерден кейін Вашингтон бұған дейін айтқан металдарға салынатын баж салығынан Еуроодақ, Бразилия, Корея, Аргентина және Аустралияға секілді бірқатар елдерді босату туралы шешім шығарды.

Өткен саудалардың қорытындылары бойынша мұнай котировкалары әлемдік биржаларды кезіп кеткен сауда соғысының елесінен болар, сауданы 68,82 доллармен аяқтап, 1,35%-бен жапты.

Дегенмен Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалихтің мәлімдемесінен кейін мұхиттың арғы жағындағы және еуропалық қор алаңдарында тіркелген «қара алтын» бағасының арзандауы бейсенбіде жаппай сипат алған жоқ. Саудияның энергетика министрі ойыншыларды картель мен оған кірмейтін елдердің өзара іс-қимылы алдағы жылы да одан әрі жалғасатынына сендірген еді.

Қазіргі таңда жергілікті қолдаулардың арқасында Brent бойынша баға 68,60 доллар және 68 доллар белгіден асып, жақын уақытта 69,90 доллар және 70,40 доллар, негізгілері 70,95 доллар және 71,30 долларға беттемек.

Біздің болжамымызша, келесі аптада негізгі үш валюта жұбы бойынша теңге бағамы рубльге шаққанда 5,6-5,8 теңге, доллар – 320-322 теңге және еуро 396-398 теңге аралығында болады.

 

Ілияс Басшығұл,   Wall Street Invest Partners-тің жетекші сарапшысы:

26 наурыз – 30 наурызОсы апта айтарлықтай маңызды оқиғаларға толы болды, алайда олар теңге бағамына шамалы ғана әсер ете алды.

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы шиеленіс, АҚШ-та шикі мұнай қорының азаюы және ақпанда картель мүшелерінің өндіруді қысқарту жөніндегі ОПЕК-тің есебі тұрғысынан келгенде өткен аптада мұнай бағасы апта бойы өсумен болды. Саудияның энергетика министрі Халид әл-Фалих өз елі мұнай пактін 2019 жылы да ұзартуға дайын екенін мәлімдеген.

Бұл жаңалық АҚШ-тың ФРҚ пайыздық мөлшерлемесін көтергеннен кейін бағамның әлсіреу ықтималдығымен байланысты қауіпке қарамастан теңгеге жағымды болды. Сәрсенбіде АҚШ-тың Федералдық Резервтік Қоры мөлшерлемені 25 базистік пункке көтерді. Федералдық резервтің шешімі жарияланғаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз жиынында ФРҚ басшысы Джером Пауэллдің мәлімдемесін сараланған, түйінді немесе бейтарап деуге келеді. Пауэлл АҚШ-тың жаңа сауда саясатын «жаңа тәуекел» деп бағалап, алайда оны «төмен, және айтарлықтай мәні жоқ» деп атап, экономиканың даму болжамына оның әсер етуі екіталай деп пікір білдірді. Ол сондай-ақ соңғы айларды экономиканың болжамы жақсарғанын, және ФРҚ жақын аралықта қуатты еңбек нарығының сақталатындығын болжап отырғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, мөлшерлемелердің соңғы көтерілуі «басты процестің бір бөлігі»: ФРҚ ымыралы позицияға жайғасуға әрекет етуде. Қаржылық тұрақтылықтың әлсіреуі «шамаға сай» деп бағамдалса, ал екі пайызға дейін құбылуы мүмкін инфляцияның одан әрі үдеуі екіталай.

Бұған дейін үш ретке жоспарлаған мөлшерлеменің 2018 жылы төрт мәрте көтерілуі туралы мәлімдеме, нарықтағы ойыншылар қауіп қылғандай, болған жоқ. Дегенмен, қарқынды төмендету туралы да сөз етілмеді. Пауэллдің мәлімдеуінше, мөлшерлемелер соңғы 10 жылдағы ең жоғары деңгейде тұрғанын және АҚШ-тың экономикасы да сол 10 жылда ішінде ең жақсы жағдайда екендігіне қарағанда бұл «пропорционалды» екен. ФРҚ жылына төрт емес, сегіз баспасөз жиынына көшу туралы ойға алғанын, алайда мұны мөлшерлемелердің өзгеру санымен байланыстырмауды өтінді.

Осы аптада маңызды мәлімдемелер жариялана қоймас, бірақ да бірқатар батыс елдерде жұма –демалыс күні екенін ескерсек, долларға шаққандағы теңгенің бағамы айтарлықтай ныюы ықтимал. Болжалды бағам – доллар үшін 318-322 теңге.

Ресей рублінің бағамына келер болсақ, батыс елдерінің, оның ішінде Ұлыбритания, АҚШ және ЕО-ның қысымына, Біріккен корольдік аумағында химиялық қару қолданды деп корольдіктің Ресейді айыптауына және осыған байланысты санкциялардың ықтималдығына зер сала отырған жөн. Осыған орай, аталған айыптауларға АҚШ-тан басқа Франция мен Германия да қосылып отыр. Ұлыбританияның премьер-министр Тереза Мэй РФ-ны әшкерелейтін барлық фактілер барын айтып, одақтастарымен бірге Ресейге қатысты «қатал шаралар» қолданбақшы. АҚШ пен Қытай арасында туындап жатқан сауда соғысы Ресейге ұзақмерзімдік перпективада «жанама әсер» етуі мүмкін. Сыртқы сипаттағы оқиғаларға сүйене отырып, теңгенің ресей рубліне шаққандағы болжанған бағамы 5,5-5,65 теңгені құрайды.

 

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:    

26 наурыз – 30 наурызАҚШ президенті Дональд Трамп түрткі болған сауда соғысы жалпы әлемдік экономиканың жағдайын өзгертіп жіберуі мүмкін. Әзірше экономистер (Дүниежүзілік банктің мәліметтері) мен инвесторлар өсімнің қарқыны биыл және келер жылы 2-3% аралығында болады деп күтуде. Ал сауда соғысы эскалациясы жағдайында, Дональд Трамптың Қытайға қатысты соңғы шешімінен ұққанымыздай, ол әбден ықтимал, әлемдік экономиканың өсу қарқыны төмендейді. Трамп Қытайдың тауарларына баж салығын енгізе отырып, Қытаймен арадағы саудадағы тапшылықты 100 млрд долларға дейін азайтуды мақсат тұтуда. Бұл не Қытайда өндірістің құлдырауына, я болмаса АҚШ-та бағаның қымбаттауына алып келері сөзсіз. Сондықтан тарифтік жанжал қор нарықтарында жағымсыз әсерлер тудыруда. Инвесторлар акцияларын жеделдете сата бастаса, қаржы жүйесінде тәуекелдер арта түсті. Осыған байланысты, теңгеде негізгі валюталарға қатысты жағымды өзгеріс бола қоймас. Керісінше, теңге доллар мен еуроға есе жіберуі мүмкін. Болжам – EUR/KZT – 400, USD/KZT – 325. Теңгенің рубльмен ара-қатынасы 5,5-тен 5,8 аралығында болмақ.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:    

26 наурыз – 30 наурызҚазақстанда Наурыз мерекесіне байланысты өткен апта өте қысқа болды. Мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне орай АҚШ долларына шаққандағы теңгенің бағамы нығайып алды. Brent котировкалары бір аптада 5%-дан жоғарылап, барреліне 70 доллар межеге жетіп қалды.

Қазақстанның валютасы үшін макроэкономикалық жаңалықтар жағымды әсер етті. Елімізде биылғы қаңтар-ақпанда мұнай және газ конденсатын өндіру 7,2%-ға өсіп, 14,7 млн тоннаны құрады. Қазақстанның сыртқы сауда профициті 2018 жылдың қаңтарында былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 23% артып, 1,6 млрд долларды құрады. Мұндай жақсы көрсеткішке өзге де қазба байлықтары, атап айтқанда, мыс өндірудің артуы ықпал етті.

Ресей рубліне шаққанда да теңге нығайды. Бәлкім бұл, күтілгендей, Ресей банкінің негізгі мөлшерлемені қатарынан 5 рет – 7,25% с 7,5%-ға дейін төмендетуімен байланысты шығар. Осы аптада теңге одан әрі нығаюы мүмкін. Болжанған бағам – рубльге шаққанда 5,49-5,6 теңге және доллар 316-323 теңге болмақ.

26 наурыз – 30 наурыз

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу