Валюта болжамы: 26 шілде – 30 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
424,750

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.7.2021
423-426
ГК «ФИНАМ»
25.7.2021
422-428
SoftLink
25.7.2021
423-430
Forex Club
25.7.2021
422-424
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,660

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.7.2021
5,75-5,80
ГК «ФИНАМ»
25.7.2021
5,75-5,90
SoftLink
25.7.2021
5,72-5,86
Forex Club
25.7.2021
5-5,5
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
515,375

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.7.2021
500-510
ГК «ФИНАМ»
25.7.2021
497-504
SoftLink
25.7.2021
596-511
Forex Club
25.7.2021
502-503
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,588

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.7.2021
64-66
ГК «ФИНАМ»
25.7.2021
65,50-66,20
SoftLink
25.7.2021
65,7-66,3
Forex Club
25.7.2021
65-66

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (26 шілде – 30 шілде).

 

26 шілде – 30 шілде

 

19 шілде – 23 шілдеге арналған валюта болжамы

 

 

 

Шілденің соңғы аптасында теңге бағамына әдеттегідей мұнай нарығындағы жағдай әсер етеді. Сарапшылар  аптаның басында шикізат бағасының төмендегенін, АҚШ-тағы мұнай қоры туралы мәлімет жарияланғаннан кейін, аптаның соңына қарай мұнайдың қымбаттағанын атап өтті.

Сонымен қатар олар Қазақстан мен әлемнің басқа елдерінде коронавирустың «дельта» штамы жұқтырғандар санының өсуін, РФ Орталық банкінің базалық мөлшерлемені көтеруін, инфляцияның жеделдеуінен кейін ҚР Ұлттық Банкінен де осындай шешім қабылдауын күтетінін сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
26 шілде – 30 шілде Шілде айының соңғы аптасында шикізат бағаларының өзгеруі теңге бағамының динамикасын айқындайтын негізгі фактор болып қалады. Баррель неғұрлым қымбат болса, қазақстандық экономика мен оның валютасы үшін соғұрлым тиімді болады. Brent баррелі тағы да қымбаттауы мүмкін, дегенмен энергия секторындағы құбылмалылық бұған мүмкіндік бермей отыр.Доллар қауіпсіз актив ретінде сұранысқа ие және жақын арада да бұл фактор сақталады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 423-426 теңге, бір еуро 500-510 теңге, бір рубль 5,75-5,80 теңге, бір юань 64-66 теңге болады.

 

 

 

 

 

Анна Зайцева, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
26 шілде – 30 шілде Өткен аптада теңгенің бағамы мұнай нарығындағы тұрақсыздық аясында жоғары құбылмалылықты көрсетті. Алайда сауда аптасының соңына қарай теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай бағасының өсуі түрткі болды. Өткен дүйсенбіде «қара алтынның» бағасы шамамен 7%-ға құлдырады. Бұған себеп болған фактор – әлемде «дельта» штамының таралуына байланысты тәуекелге деген сұраныстың қысқаруы. Бірқатар елде шектеу шаралары күшейтілді, бірақ бұл вирустың таралуын тежеуге мүмкіндік беріп отырған жоқ. ОПЕК+ альянсының тамыздан бастап өндірісті ұлғайту туралы шешімі нарық үшін қолайлы болып табылады. 

Теңге бағамының нығаюына 26 шілдедегі отырыста ҚР Ұлттық банк негізгі мөлшерлемені арттырады деген болжам ықпал етті. Консенсус-болжамға сәйкес, инфляцияның жеделдеуі аясында реттеуші мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтере алады. Бұл инфляциялық қатерлердің төмендеуіне, сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік берер еді. Келесі аптада бір доллар 422-428 теңге, бір еуро 497-504 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге, бір юань 65,50-66,20 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
26 шілде – 30 шілде Қазақстан қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы жұма күні нығайды. Бұған апта басында күрт құлдырап, кейін қымбаттай түскен мұнай әсер етті. Сонымен қатар ОПЕК + отырысының нәтижесі нарыққа ықпалын тигізді. Альянс келісімді 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға, сондай-ақ 2021 жылғы тамыздан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 400 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. 

Елімізде коронавирус дертінің таралуы теңгенің нығаюына жол бермей отыр. Қазақстанда алғаш рет бір күнде тіркелген науқастардың саны 6 мыңнан асты. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина қабылдауға ниет білдіргендердің саны бір тәулік ішінде алты есе өсті. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  428-431 теңге, бір еуро  510-513 теңге, бір юань  66,6-66,8 теңге, бір рубль 6-6,3 теңге болады.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
26 шілде – 30 шілде Өткен аптада теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамы нығайып, юаньға қатыстысы өзгермей, рубльға қатыстысы әлсіреді. РФ Орталық банкі мөлшерлемені 6,5% -ға дейін көтерді. Бұл Ресей валютасын нығайтты. Реттеуші бекіткен мөлшерлеме инфляциямен теңесті. 

Теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамының нығаюына мұнай бағасының қалпына келуі ықпал етті. Өткен аптаның соңында Brent бағасы 73 доллардан 67 долларға дейін төмендеді. ОПЕК+ 2022 жылдың қыркүйегіне дейін бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 400 мың баррельге арттырмақшы. Қазақстанда өндірісті ұлғайту квотасы – күніне 16 мың баррель. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 423-430 теңге, бір еуро 496-511 теңге, бір рубль 5,72-5,86 теңге, бір юань 65,7-66,3 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу