Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.2.2022 |
460-480 |
ГК «ФИНАМ»
28.2.2022 |
450-470 |
Forex Club
28.2.2022 |
465-470 |
Swissquote Bank
28.2.2022 |
440-465 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.2.2022 |
5,50-5,70 |
ГК «ФИНАМ»
28.2.2022 |
5,30-5,75 |
Forex Club
28.2.2022 |
5,5-6 |
Swissquote Bank
28.2.2022 |
5,5-5,8 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.2.2022 |
470-500 |
ГК «ФИНАМ»
28.2.2022 |
510-525 |
Forex Club
28.2.2022 |
515-520 |
Swissquote Bank
28.2.2022 |
500-520 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.2.2022 |
70-73 |
ГК «ФИНАМ»
28.2.2022 |
70,00-75,00 |
Forex Club
28.2.2022 |
75-79 |
Swissquote Bank
28.2.2022 |
68-70 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (28 ақпан – 4 наурыз).
Украинадағы әскери қақтығыс – соңғы күндері нарыққа әсер етіп отырған ең басты фактор.Қазіргі геосаяси жағдай теңге бағамына қауіп төндіріп отыр. Сарапшылар ҚР Ұлттық Банкінің негізгі мөлшерлемені уақытылы көтеру туралы шешіміне, сондай-ақ валюталық интервенция жүргізуіне назар аударды. Brent маркалы мұнай бағасының жоғары болуы теңге үшін қолайлы фактор болып табылады, бірақ қазіргі уақытта бұл ескеріліп отырған жоқ.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:
Инвестициялық әлем қазір геосаясаттағы жағдайды бақылап отыр. Алдағы уақытта тәуекелдерден құтылу өзгеріссіз қалады, бұл – теңге бағамына әсер ететін негізгі фактор. Brent мұнай баррелінің $100-105 деңгейінде саудалануы қазіргі уақытта назарға алынып отырған жоқ. Дегенмен мұнайдың қымбат болуы Қазақстан экономикасы тиімді екенін мойындау керек. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 460-480 теңге, бір еуро 470-500 теңге, бір рубль 5,50-5,70 теңге, бір юань 70-73 теңге деңгейінде болады.
Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
25 ақпанда аяқталған аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Әрине, аптаның басты жаңалығы – Украинадағы әскери қақтығыс. Ресей президенті Путин Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша "әскери операция" бастады. АҚШ, ЕО, Канада, Ұлыбритания, Жапония және басқа елдер ресейлік банктер мен мемлекеттік корпорацияларға қатаң санкциялар енгізуде. Ресейлік шенеуніктерге қарсы жеке санкциялар да салынды. Жалпы, Қазақстан экономикасы Ресейдікіне қарағанда аздап зардап шегеді. ҚР Ресей Федерациясының маңызды сауда және әскери серіктесі, Ресейге салынған санкциялар жанама түрде бізге әсер етеді. Алайда, қазақстандық бизнес Ресейдің оқшаулануынан пайда көре алады. ҚРҰБ негізгі мөлшерлемені 10,25% - дан 13,5%-ға дейін көтергенін атап өткен жөн, бұл теңгеге қолдау көрсетті.Келесі аптада бір доллар 450-470 теңге, бір еуро 510-525 теңге, бір рубль 5,30-5,75 теңге, бір юань 70,00-75,50 теңге болуы мүмкін.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:
Өткен аптада теңге бағамы өзінің тарихи минимумдарын жаңартты. Оның негізгі валюталарға қатысты бағамы құлдырады. Бұған Ресейдің Украинадағы "әскери операциясының" басталуы, артынан Ресей экономикасына қарсы салынған санкциялар себеп болды. Қазақстанның Ұлттық Банкі мөлшерлемені бірден 13,5% - ға дейін көтеріп және валюталық интервенция жүргізе отырып, теңгені құлдыраудан сақтап қалды. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі ұлттық валютадағы барлық депозиттер бойынша (егер салым сомасы 20 млн теңгеден аспаса) 10% мөлшерінде сыйлықақы қосылатынын жариялады.
Келесі аптада бір доллар 465-470 теңге, бір еуро 515-520 теңге, бір юань 75-79 теңге, бір рубль 5,5-6 теңге болады деп ойлаймын.
Ерлан Айтек, Swissquote Bank Серіктесі:
Ресей рублі жұмада нығайды. Ресей әскерлері Украинаның бірнеше қалаларын зымырандармен атып, оның оңтүстік жағалауына әскерлер жібергеннен кейін, бейсенбідегі жаппай сатылым кезінде ресейлік активтердің барлығы құлдырады. Украинаға басып кіргеннен кейін, рубльдің әлсіреуі Ресейдегі өмір сүру деңгейіне әсер етеді және инфляцияның өсуіне әкеліп соғуы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Енді Орталық банк дағдарысты пайыздық мөлшерлемені көтеру арқылы еңсере алады. 2014 жылдың аяғында рубльдің күрт төмендеуі аясында негізгі мөлшерлеме 10,5% -дан 17%-ға дейін көтерілген еді. Ресейлік реттеуші 2014 жылдан бері алғаш рет қаржылық тұрақтылықты нығайту үшін интервенцияларға жасап, рубльді қолдау үшін шетел валютасын сатуды бастады.Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 440-465 теңге, бір еуро 500-520 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге, бір юань 68-70 теңге болады.