Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (3 қыркүйек-7 қыркүйек).
Конститутция күніне байланысты орын алған ұзақ демалыстан кейін Ресейге қарсы америкалық санкциялар есебінен қазақстандық валюта нарығы тағы қысым астында қалады. Біздің апта сайынғы сауалнамамызға қатысатын «Телетрейд Групп», «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ компанияларының сарапшылары осындай пікір білдіріп отыр. Сонымен қатар сарапшылар басқа да дамушы нарықтар, негізінен, түрік («Альпари», «Телетрейд Групп»), ресейлік («Телетрейд Групп») және қытайлық нарық («ФИНАМ») жаңалықтарының әсері де теңгеге қысым жасамақ. Сарапшылар АҚШ-тағы мөлшерлеменің өсуінен де қауіптеніп отыр («Телетрейд Групп»). Бұған қоса Қазақстанның жиынтық мемлекеттік қарызын бағалау да жағымсыз әсер қалдыруда.
Дегенмен abctv.kz сауаланамасына қатысқан сарапшылардың барлығы бірдей жағымсыз пікір айтып отырған жоқ. Жағымды факторлар ішінен АҚШ пен Мексика арасындағы сауда уағдаласытығына қол жеткізу бар екені атап көрсетілді. Бұл уағдаластыққа Канадада қосылуы мүмкін. Сондай-ақ Дональда Трамп пен Ангела Меркельдің АҚШ пен ЕО арасында кеңес беруді қолдау туралы уағдаластық жасауы да жақсы жаңалық болды.
Ішкі факторлар да жағымды болып отыр. IFC Markets компаниясы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің 2019 жылға арналған бюджет параметрлерін мәлім еткенін атап кетті.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясының сараптамалық департамент директорының орынбасары:
Бір апта ішінде дамушы елдердің нарығында тек ресейлік рубль мен қытайлық юаньның ғана долларға қатысты бағамы нығайды. Оның өзі тек жарты пайыз ғана. Ал қалған валюталар төмендеуді жалғастырды, оның ішінде түріктің лирасы қатты түсіп кетті. Түрік лирасының құлдырауына жаһандық Moody’s рейтингтік агенттігінің Түркияның банк жүйесінде қиындықтар болуы мүмкін деген мәлімдемесі себеп болды. Сонымен қатар агенттік 20 қаржылық институттың несие рейтингісін төмендетті.
Қазақстандағы бірқатар іскери БАҚ-та елдің жиынтық мемлекеттік қарызын бағалау жарық көрді. Осы бағалауға сәйкес, бес жыл ішінде мемелекеттік қарыз төрт есе өсіп, 2018 жылдың тамызының соңында 14,8 трлн теңге болған. Егер бұл бағалау шын болатын болса, онда Қазақстанның ЖІӨ-дегі мемлекеттік қарызының үлесі 2018 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 22%-дан 28,5%-ға өскен. Қазақстанның ЖІӨ-дегі қарыз үлесі жоғары болмаса да (Ресейде бұл арақатынас ЖІӨ-ге 38%), Қазақстанның қарызының өсуі туралы ресми емес мәліметтер бір апта ішінде 0,79%-ға арзандаған теңге бағамы үшін жағымсыз әсер еткен болуы мүмкін.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша жаңа болжам жасап, бір доллар 362-365 теңге болады деп отырмыз. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам бір рубль үшін 5,29-5,32 теңге болуы мүмкін.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа көрсеткіштері жағымды бағада аяқталып, S&P500 және NASDAQ бір күн ішінде тарихи шегін жаңартты.
S&P500 нарығының индексі 0,03%-ға өсіп, 2897,52 шамасында жабылды. Өндірістік Dow Jones индексі 0,06%-ға өсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,15%-ға ұлғайды. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы үш базистік көрсеткішке, 2,88%-ға дейін өскен.
Нарықтағы жағымды жағдайға АҚШ пен Мексика арасындағы сауда уағдаластығы да жақсы қолдау болып отыр. Бұған Канада да қосылуы мүмкін. АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин Америка алдағы аптада солтүстік көршілерімен сауда келісімін жасауы мүмкін екенін айтты.
Reuters-тың хабарлауынша, Дональд Трамп дүйсенбі күні Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескенде АҚШ пен ЕО арасындағы сауда қарым-қатынасын жақсартудағы кедергілерді жоюға бағытталған кеңестерді қолдауға келіскен.
Алайда барлық жағымды жаңалыққа жағымсыз әсер етуші бұрынғыша Қытай болып қала бермек. Оған қатысты проблемаларды ойыншылар қыркүйектің алғашқы күндерінде қайта қарастырмақ.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы америкалық мұнай институтының АҚШ-тағы қара алтын қоры өткен аптада 38 мың баррельге өсті деген мәліметінен кейін, 0,51%-ға төмендеп, 75,89 доллар шамасында болды.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 358-362 теңге және еуроға қатысты бағамы 417-421 теңге болады деп болжап отырмыз.
Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:
Қазір қазақстандық теңге үшін басты жаңалық – бұл emerging markets нарығындағы жаңалықтар. Ең бірінші, түрік және ресейлік валюта нарығының жаңалығы. Әлемдік экономиканың осы сегменттегі валюта үшін жағымсыз беталыстары күшейіп келеді. Геосаясат пен маркоэкономика бірігіп кетті. Инвесторлардың дамушы нарықтардан кетуіне негізгі себеп – АҚШ мөлшерлемесінің өсуі. Қыркүйекте АҚШ-тағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі қайта өсуі мүмкін. ФРЖ балансы жылдам азайып келеді, бір аптада 25-27 млрд долларға дейін, ал бір жылда 234 млрд долларға қысқарған. Осының барлығы инвесторларға дамушы нарықтарға салым жасауды азайтуға әкелуде. Күн сайын жағдайы нашарлап бара жатқан Түркия мен Ресей қазір басты назарда. Сондықтан теңгенің негізгі валюталарға қатысты динамикасы түсе береді. Осыған байланысты USD/KZT жұбы 370 деген бағаға ұмтылады, ал EUR/KZT 430 теңге, рубль 5,2-5,5 теңгеге дейінгі шамада болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Дүйсенбі күні жаңа батыс санкциясы жарияланды. Менің ойымша, санкциялар Ресей экономикасы үшін қауіпті емес. Бірақ та қарашада жаңа санкция пакеті болады деп күтілуде. Ал ол ресейлік рубль бағамына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Алдағы болатын санкцияны күту қазірдің өзінде рубльге жағымсыз әсер етуде. Алдағы аптада рубль және онымен бірге теңге де қысым көруі ықтимал.
Келесі аптада доллар 360-370 теңге, рубль 5,25-5,45 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 75-80 доллар, бір биткоин 6000-8000 АҚШ доллары болады деп болжап отырмын.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Күткеніміздей, өткен аптада қазақтандық теңге бағамы тұрақталды. Валюта нарығына қатысушылар Конститутция күніне байланысты ұзақ демалысқа орай белсенділікті төмендетті. Екі коммерциялық банк - Qazaq Banki және Қазақстан Эксимбанкінің лицензияларын кері қайтару теңгеге әсер етпеді. Қазақстан ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің келесі жылдың бюджетіне арналған параметрлерді мәлім етуі жағымды фактор болды. ЖІӨ 3,9%-ға өседі деп болжанып отыр. Бюджеттік параметрлер бір доллар 350 теңге және бір баррель мұнай 60 доллар шамада болады деген болжамнан жасалды. Осы аптада құбылмалық ауқымы бір рубль үшін 5,23-5,45 теңге, бір доллар үшін 357-367 теңге болуы мүмкін.