Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (3 желтоқсан - 7 желтоқсан).
АҚШ пен Қытай, Ресей мен Саудия президенттері кездеседі деп жоспарланып отырған «Үлкен жиырмалық» саммиті алдағы аптадағы жағдайға әсер ететін болады. Оның біріншісі – өте маңызды болмақ, өйткені бұл кездесу екі ірі экономиканың саудадағы өзара қарым-қатынасын айқындайды («Альпари»,«ФИНАМ», Wall Street Invest Partners және TeleTrade). Ал екіншісі мұнай нарығындағы теңгерімді нақтылайды («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners және IFCMarkets).
Аймақтық деңгейде сауалнамаға қатысқан компания сарапшылары Керчь бұғазындағы жағдайдан кейін, Ресей мен Украина қарым-қатынасының ушығып кеткеніне тоқталды. Бұл санкцияны күшейтіп («Альпари», ARUM,Capital, Wall Street Invest Partners,«Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ), ал ол қазақстандық теңгеге де әсер етуі мүмкін.
Сарапшылардың атап кеткен триггерлері ішінде 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан бюджеті жобасындағы түзету («Альпари»), АҚШ ФРЖ-сы басшысының ақша-несие саясатының келешегі жайлы айтқаны (TeleTrade) және алдағы уақытта болады деп күтіліп отырған Ұлттық банк отырысы (IFC Markets) бар.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
20 қараша мен 27 қараша аралығында дамушы елдер нарығындағы жағдай бірдей болмады. Алайда сауда төмендеді. Валюта бағамдарының төмендеуіне сыртқы факторлар жеткілікті болды. Бұл - Brent маркалы мұнай бағасының бір апта ішінде 3%-ға төмендеуі, Ресей мен Украина арасындағы саяси жағдайдың ушығуы. 30 қараша күні Буэнос-Айресте G20 саммиті басталды. Алайда саммит барысында АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына қатысты мәселе шешіле ме әзірге белгісіз.
Қазақстанда 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасында теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша болжам өзгертілді. Егер бұған дейін үкімет 2019 жылдың бюджетін бір доллар орташа есеппен 350 теңге болады деп есептеген болса, ал қазір бағам бір доллар үшін 370 теңгеге дейін төмендеген. Сондай-ақ мұнай бағасына қатысты орташа жылдық болжамда түзетілді. Болжамдардың төмендеуі валюта нарығы үшін жағымсыз болмақ.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 370-375 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,56-5,60 теңге болады деп отырмыз. Ал еуро/теңге жұбы бойынша болжап отырған сауда шамасы бір еуропалық валюта үшін 420-425 теңге болады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Бейсенбі күні америкалық биржа алаңдары сауданы шамалы төмен көрсеткішпен жапты. Бұған G20 саммитінде АҚШ перезиденті мен Си Цзиньпинның өзара сауда мәселесін талқылау үшін кездесуі себеп болды.
Ал S&P 500 индексінің фьючерсі 0,22%-ға төмендеп, 2737,76 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,11% жоғалтты. Жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,235%-ға төмендеді. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы 3,03%-ға дейін төмендеді. MSCI Еmerging markets индексі 0,5%-ға өсті.
Жұма күні басталған «Үлкен жиырмалық» саммитінің алдында инвесторлар Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда шиеленісін реттеудің келешегін бағалауға тырысты. Wall Street Journal-дың хабарлауынша,тараптар екі апта бойы белсенді келіссөздер жүргізген, осының нәтижесінде Қытайдан келетін тауарға АҚШ тарапынан қосымша салық салуы кейінге қалдырылу мүмкін. Бірақ ол үшін Қытай технологияларды беруді мәжбүрлеу мен интеллектуалдық меншікті иелену мәселелерін талқылауы керек, сондай-ақ АҚШ-тан жанар-жағар май мен ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға шектеу қоюды алып тастауға тиіс.
Reuters-тың швейцариялық Санкт-Галлен университет сарапшылары әзірлеген Global Trade Alert баяндамасына сілтеме жасап берген ақпарында 2018 жылы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өршігеннен кейін, қытайлық экспорттың 87%-ы және америкалық экспорттың 92%-ы зардап шеккені айтылған.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 1,18%-ға өсіп, сауданы 56,28 доллар бағасында жапты.
Желтоқсанның басында өтетін ОПЕК кездесуі алдында нарықтың басты қатысушылары - Саудия мен Ресей мұнай өндіруді қысқарту керектігін түсініп отыр. Саудия Ирак, Ливия және Нигерия өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Саудия энергетика министрі Халид әл-Фалихтың айтуынша, келісімге қатысып жатқан барлық министр нарыққа тұрақтылықты қайтып әкелуді қалайды.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 366-370 теңге және еуроға қатысты бағамы 416-420 теңге болады деп болжап отырмыз.
Владислав Воробьев, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:
Өткен аптамен салыстырғанда осы аптада жағымсыз жаңалықтар көп болды. Осының салдарынан теңге мен рубль бағамы одан әрі түсуі мүмкін. Бұған Қырымда болған жағдай, оған қатысты Батыс позициясының анық болмауы себеп болып отыр. Нарықта жағымсыз жағдай болмаса да, инвесторлардың Ресейдің активтері мен олардың серіктестеріне деген қызығушылығы жоқ.
ОПЕК-тің мұнай өндіруді төмендетуге қатысты нақты бір шешім жасамай отырғаны да шикізат өндіруші елдердің валютасына қосымша қысым болды. Инвесторлар басты екі экспорттаушы – Ресей мен Саудиядан қауіптеніп отыр. Олар өндіруді формалды түрде шектеуі мүмкін. Ал бұл бағаға қатты әсер етпейді. Мәскеу қазіргі өндірісті сол қалпында қалдыруы ықтимал. Өйткені «Роснефть», «Газпром нефть» және «Новатэка» компанияларының 2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басындағы жаңа жобалары осыған дәлел және Ресей нарықтағы өз үлесін жоғалтып алғысы келмейді.
Осылайша, бағамның қандай болатыны ОПЕК-тің кездесуіне байланысты болады. Егер кездесу қорытындысы инвесторлар үшін жағымсыз болса, теңге төмендеп, бір доллар үшін 371-376 теңге ауқымында саудаланады. Ал бір еуро 421-426 теңге, бір рубль 5,50-5,55 теңге болады.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners сарапшысы:
Өткен аптада мұнай бағасына қысым көп болды. Буэнос-Айресте басталған G20 саммитінің алдында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 58 және 61 доллар шамасында болды. Әлемдік нарықтардағы жағдай тұрақсыз. Алтын бағасы қауіпсіз айлақта қалыптасты. Алайда алтын бағасы бір троя унициясы үшін 1218 және 1234 доллар шамасында саудаланды. Америкалық қор нарығының индекстеріне АҚШ ФРЖ-сы басшысының пікірі жағымды әсер етті. Бұл сондай-ақ еуроға да жағымды болды. Еуро аптаның бірінші жартысында долларға қатысты жоғалтқанын орнына келтіріп, 1,14 шамасында тұрақталуға ұмтылды. Ресейлік рубльге Қырымдағы жағдай қатты қысым болды. Алайда апта соңына қарай рубль бір доллар үшін 66,5 рубльге дейін қайта қалыпқа келе алды. Қазақстандық теңге негізгі валюталарға қатысты тұрақтылық көрсете алды.
АҚШ пен Қытай арасындағы маңызды келіссөз алдында USD/CNY жұбы тұрақты болды. Валюталар бір доллар үшін 6,9363-6,9568 юань шамасында саудаланды. Келіссөздің қалай шешілетіні әлі белгісіз. Сондай-ақ Ресей мен Саудияның әлемдік мұнай нарығындағы тұрақсыз жағдайды талқылауы да бұған әсер етуі мүмкін.
Алдағы аптада әлемдік нарықтағы жағдай бір қалыпты болмайтыны анық. G20 саммитінің нәтижесі әлемдік шикізат пен валюта нарығына қатты әсер етуі мүмкін. Әлемдік экономиканың дамуы үшін басты қауіп АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының ушығып кетуі болып отыр. Алдағы аптаның ортасында мұнай бағасына энергетика ақпараттық агенттігінің мәліметі әсер ететін болады.
3 желтоқсан - 7 желтоқсан аралығында теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 368-373 теңге болады деп болжанып отыр. Теңгенің еуропалық валютаға қатысты бағамы бір еуро үшін 419-424 теңге шамасында қалыптасады. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам 5,57-5,62 теңге болады деп күтіледі.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Трамп пен Путиннің кездесуі болмай қалғаны және Азов теңізіндегі жағдай рубльге қолдау болмағаны түсінікті. Сондықтан алдағы аптадағы рубль мен теңге бағамына қатысты болжам жағымсыз. Қатты құбылмалық болады деп ойламаймын. Бірақ теңге мен рубль бағамы біршама әлісеруі мүмкін.
Статистика салдарынан мұнай бағасы айтарлықтай түсті. Мұнай алдағы аптада да осы шамада сатылуы мүмкін.
Биткойн бағасы түседі. Криптовалюталардан келетін басты пайда – бұл блокчейн жүйесі. Қазір ол көптеген салаға енгізіліп жатыр.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 68-69 рубль, бір рубль 5,5-5,65 теңге, бір доллар 370-377 теңге, бір еуро 420-435 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 57-62 доллар, биткойн 3200-4400 доллар болады деген болжам жасап отырмын.
Александр Егоров, TeleTrade компаниялар тобының валюталық сарапшысы:
Әлемдік валюталардың келешегі, оның ішінде дамушы валюталар экономикасы, сондай-ақ теңге мен рубльдің келешегін G20 саммит қорытындысы анықтайтын болады. БАҚ-тар хабарлап жатқандай, АҚШ президенті Дональд Трамп саммит барысында жоспарланып отырған кездесу нәтижелі болады деп есептейді. Сондықтан да екі ел президенттерінің кездесуі басты назарда. Ал Трамп пен Путиннің кездеуі орын алмауы мүмкін.
Осы аптада АҚШ ФРЖ басшысы Джером Пауэлл АҚШ-тың монетарлық саясатының келешегі жайлы маңызды пікір білдірді.
Мұнай бағасы ең төменгі бағадан көтерілді. Бұл мұнай өндіруші елдер үшін маңызды болып отыр.
Алдағы аптада доллар/теңге бағамы 357-362, евро/теңге – 422-427, рубль/теңге 5,55-5,65 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валютаның ресейлік рубль мен америкалық долларға қатысты бағамы әлсіреді. Нарық қатысушылары мұнай бағасы алдағы уақытта төмен болады деп есептейтін шығар. Жұма күні Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 60 доллар шамасында саудаланды.
Биылғы жылдың басынан АҚШ тәулігіне 10 млн баррельден 11,7 млн баррель мұнай өндіруде. Ресей мен Саудия әлемдік нарықтағы үлестерін жоғалтып алудан қауіптеніп, АҚШ-пен бәсекелесе бастады. АҚШ Иранға қарсы қосымша санкция енгізді. Алайда әзірге Грекия, Үндістан, Италия, Қытай, Тайвань, Түркия, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдердің ирандық мұнайды сатып алуына қарсы емес. Ал бұл мұнай нарығы үшін қосымша қысым. Өйткені ирандық мұнай экспорты болжанғандай аз болып шықпады.
Brent маркалы мұнай бағасының төмен болуы теңгенің долларға шаққандағы бағамына кері әсер етеді. Сонымен қатар бағам әзір төмендейді деп ойламаймын. Өйткені мұнай бағасы Қазақстанның мемлекеттік бюджетіндегі деңгейден жоғары бағада саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің кезекті отырысынан кейін теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы төмендеді. Нарық қатысушыларының көбі пайыздық мөлшерлеме қазіргі 9,25% деңгейінде қалады деп отыр. Ал Ресей орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін.
Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,52-5,64 теңге, бір доллар үшін 369-379 теңге, бір еуро 420-429 теңге болады деп болжап отырмыз.