Валюта болжамы: 30 желтоқсан – 3 қаңтар

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
381,600

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.12.2019
378-382
ГК «ФИНАМ»
30.12.2019
378-385
Астана-Инвест
30.12.2019
378-383
DAMU Capital Management
30.12.2019
382-384
IFC Markets
30.12.2019
380-386
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,110

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.12.2019
6,10-6,16
ГК «ФИНАМ»
30.12.2019
5,95-6,2
Астана-Инвест
30.12.2019
6,00-6,20
DAMU Capital Management
30.12.2019
6,05-6,10
IFC Markets
30.12.2019
6,12-6,22
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
424,200

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.12.2019
420-426
ГК «ФИНАМ»
30.12.2019
419-423
Астана-Инвест
30.12.2019
420-430
DAMU Capital Management
30.12.2019
425-427
IFC Markets
30.12.2019
421-431
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,660

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.12.2019
54-55
ГК «ФИНАМ»
30.12.2019
54-55
Астана-Инвест
30.12.2019
54-55
DAMU Capital Management
30.12.2019
55
IFC Markets
30.12.2019
54,3-55,3

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (30 желтоқсан – 3 қаңтар).

30 желтоқсан – 3 қаңтар

 

23 -27 желтоқсанға арналған валюта болжамы

 

 

Сарапшылардың пікірінше, 2019 жылдың соңы мен келесі жылдың басында теңге бағамы қатты құбылмайды. Рождество мен жаңа жыл мейрамдарына байланысты нарықта айтарлықтай өзгеріс болмайды. Теңге бағамына оң әсерін тигізетін триггерлердің қатарында: рубль бағамының нығаюы, америкалық мұнай қорының қысқаруы және Қытай мен АҚШ тараптарының сауда келісімі. Сонымен қатар АҚШ, Канада және Мексика елдері де өзара сауда келісімін жасасуы мүмкін. Аналитиктер өз болжамдарында ҚР Ұлттық банкінің интервенциясы мен басқа факторларды да сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» аналитигі:

30 желтоқсан – 3 қаңтарЖаңа жылдық мейрамдар кезінде дамушы елдердің валюталары өзгере қоймайды. Теңге үшін де бұл кезең тұрақты болмақ. Ұлттық валютамызға әдеттегідей мұнай бағасы мен әлемдік нарықтағы негізгі факторлар әсер етеді.

Келесі аптаға болжамым: доллар 378-382 теңге, еуро 420-426 теңге, рубль 6,10-6,16 теңге, юань 54,0-55,0 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

30 желтоқсан – 3 қаңтарҚытай мен АҚШ-тың сауда келісіміне келуі - әлемдік нарықтағы ең негізгі драйверлердің бірі. NASDAQ индекстері алғаш рет 9000 пунктен асып түсті. Сонымен қатар Mastercard мейрам қарсаңында онлайн түрде жасалған сауда көрсеткіштері былтырғыдан да жоғары болғанын мәлім етті.2019 жылдың басынан бері S&P 500 индексі 29%-ға өскен. Бұл соңғы алты жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 1,1%-ға көтеріліп, 67,97 доллар болды. Ал америкалық мұнай қоры өткен аптада 7,9 млн баррельге қысқарды.

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 378-385 теңге, еуро 419-423 теңге, рубль 5,95-6,2 теңге, юань 54-55 теңге болады.

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

30 желтоқсан – 3 қаңтарӨткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 3 теңгеге нығайды. Бұған мұнайдың 67 долларға дейін қымбаттауы мен рубльдың нығаюы түрткі болып отыр. Жыл соңында Ұлттық банк теңгенің нығаюына мүмкіндік берді.

Осы аптада әлемдік нарық Рождество мейрамына орай толыққанды жұмыс істей алмады. АҚШ, Канада және Мексика елдері сауда келісіміне қол қойса, бұл фактор америкалық экономикаға серпін береді. Тағы бір айта кететін жайт, Ал Вашингтон мен Бейжің бір-біріне жариялаған санкциялардың күшін жоюы ықтимал.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 382-384 теңге, бір еуро 425-427 теңге, бір рубль 6,05-6,10 теңге, бір юань 55 теңге болады.

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:

30 желтоқсан – 3 қаңтарҚазір теңге үшін қолайлы жағдай туып отыр. Мұнай бағасы өсіп, рубль нығайып келеді. Соңғы күндері теңге де нығайды. Бұған көмек болған Ұлттық банктің интервенциясы. 

АҚШ пен Қытай сауда келіссөздерінің сәтті өтуі шикізат бағасының қымбаттауына сеп болды. Сондай-ақ бұған америкалық мұнай қорының қысқаруы да әсер етті. Мейрам күндері бағалар өзгере қоймайды деп ойлаймын.

Келесі аптада АҚШ доллары 378-383 теңге, еуро 420-430 теңге, рубль 6,00-6,20 теңге, юань 54,0-55,0 теңге болады.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

30 желтоқсан – 3 қаңтарӨткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Қазақстанда маңызды деген экономикалық жаңалық болмады, өйткені мейрамдар қарсаңында нарықта үнемі тыныштық орнайды. Сыртқы факторларға келетін болсақ: соңғы төрт апта бойы мұнай бағасы біртіндеп қымбаттап келеді. Төртінші тоқсанда мыс бағасы 10 пайызға көтерілді.

Келесі аптада АҚШ доллары 380-386 теңге, еуро 421-431 теңге, рубль 6,12-6,22 теңге, юань 54,4-55,3 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу