Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
31.1.2022 |
432-438 |
Forex Club
31.1.2022 |
431-433 |
SoftLink
31.1.2022 |
433-438 |
Swissquote Bank
31.1.2022 |
434-439 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
31.1.2022 |
5,50-5,70 |
Forex Club
31.1.2022 |
5,3-5,7 |
SoftLink
31.1.2022 |
5,47-5,65 |
Swissquote Bank
31.1.2022 |
5,6-5,8 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
31.1.2022 |
480-490 |
Forex Club
31.1.2022 |
492-494 |
SoftLink
31.1.2022 |
480-497 |
Swissquote Bank
31.1.2022 |
485-490 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
31.1.2022 |
68,15-68,60 |
Forex Club
31.1.2022 |
68-68,3 |
SoftLink
31.1.2022 |
68,1-68,6 |
Swissquote Bank
31.1.2022 |
67,5-68,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (31 қаңтар – 4 ақпан).
24-28 қаңтарға арналған валюта болжамы
Теңге бағамына қаңтар айында әдеттегідей дәстүрлі триггерлер ықпал етті.
Inbusiness.kz респонденттері ФРЖ басшысының мәлімдемесі мен желтоқсандағы инфляция туралы мәліметтерді жариялғаннан кейін АҚШ долларының өзгеруін атап өтті. Сондай-ақ ОПЕК+ альянсының алдағы отырысы алдында мұнай бағасының өсуін де сөз етті.
Ішкі факторларға келетін болсақ, сарапшылар ҚР ҰБ-ның пайыздық мөлшерлемесін көтерілуіне, Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық жоспарлар туралы мәлімдемесіне, сондай-ақ оның Nur Otan партиясының төрағасы болып сайлануына назар аударды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
28 қаңтарда аяқталған аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Қазақстан экономикасы үшін басты жаңалық –пайыздық мөлшерлемесінің бірден 10,25%-ға дейін көтерілуі. Ұлттық банктың айтуынша, бұл қадам инфляцияны одан әрі төмендетуге бағытталған. Мөлшерлеменің өсуі аясында теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай нығая түсті.ФРЖ отырысында Джером Пауэлл мөлшерлемені көтеруі мүмкін екенін мәлім етті. Осыдан кейін доллар бағамы да өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға келетін болсақ, президент Қ. Тоқаев "Орталық Азия – ҚХР" саммиті барысында ҚР 2025 жылға дейін транзиттік-көлік бағыттарын әртараптандыруға $20 млрд көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отырғанын хабарлады.Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 432-438 теңге, бір еуро 480-490 теңге, бір рубль 5,50-5,70 теңге, бір юань 68,15-68,60 теңге болады.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:
Қазақстан қор биржасындағы теңге бағамы жұма күні негізгі валюталарға қатысты нығайды. Ұлттық валютаның қымбаттауына мұнай нарығындағы ахуал ықпал етті. ОПЕК+ 2 ақпанда отырыс өткізетіні белгілі болғаннан кейін, шикізат бағасы өсті. Нарық қатысушыларының айтуынша, альянс елдері наурыз айындағы мұнай өндіру параметрлерін жариялайды Теңге динамикасына ішкі саяси жаңалықтар да әсер етуде. Атап айтқанда, Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні бұрынғы Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды. Келесі аптада бір доллар 431-433 теңге, бір еуро 492-494 теңге, бір юань 68-68,3 теңге, бір рубль 5,3-5,7 теңге болады деп ойлаймын.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңге бағамы қымбаттады. Бұған Ұлттық банктің мөлшерлемесіні арттыруы мен мұнай бағасының өсуі әсер етті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мөлшерлемені 9,75%-дан 10,25%-ға дейін көтерді. Мұндай шешімнің негізгі мақсаты – 2022 жылдың соңына қарай инфляцияны 4-6%-ға дейін төмендету. Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне теңгеге деген сенімді қалпына келтіруді тапсырған болатын. Brent бағалары НАТО, Украина және Ресей арасындағы саяси келіспеушіліктер аясында 2014 жылдың қазан айынан бергі максимумды жаңартты. АҚШ пен Еуроодақ Ресейге қарсы санкция салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 433-438 теңге, бір еуро 480-497 теңге, бір рубль 5,47-5,65 теңге, бір юань 68,1-68,6 теңге болады.