Валюта болжамы: 24-28 қаңтар

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
435,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
24.1.2022
432-435
Forex Club
24.1.2022
436-439
SoftLink
24.1.2022
433-438
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,712

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
24.1.2022
5,60-5,95
Forex Club
24.1.2022
5,5-5,9
SoftLink
24.1.2022
5,58-5,74
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
494,667

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
24.1.2022
490-500
Forex Club
24.1.2022
494-497
SoftLink
24.1.2022
488-499
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
68,817

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
24.1.2022
68-69
Forex Club
24.1.2022
69-69,5
SoftLink
24.1.2022
68,5-68,9

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (24-28 қаңтар).

24-28 қаңтар

 

17-21 қаңтарға арналғанвалюта болжамы.

 

 

Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар Қазақстандағы оқиғалардың теңге бағамына қалай әсер еткеніне әдеттегідей назар аударды. Олар Еуропарламенттің елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты қарар қабылдағанын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық саясат жоспары туралы мәлімдемесін атап өтті. Сондай-ақ сарапшылар Ұлттық Банктің валюталық интервенцияларын және 24 қаңтардағы отырыста мөлшерлеме көтерілуі мүмкін екенін сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

24-28 қаңтар Мұнай бағасының өзгеруі теңге бағамын қалыптастырудың негізгі драйвері болып қала береді. Қазір шикізат түзету арнасына түсті. Инвесторлар түзетудің қанша уақытқа созылатынын және оның қайда әкеліп соғатынын бақылайды. Әлемде қатерлген қатысты ұстаным сақталуда, бұл теңгенің өсуіне әсер етеді.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 432-435 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,60-5,95 теңге, бір юань 68-69 теңге болады.

 

 

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:

24-28 қаңтар

Қазақстан қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Еуропарламенттің Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге байланысты қабылдаған қарары, оның халықаралық тергеуді бастауға және қазақстандық шенеуніктерге қарсы санкциялар енгізуге шақыруы ұлттық валютаға кері әсерін тигізді. Наразылықтар салдарынан Қазақстанның ЖІӨ 0,15-0,2%-ға қысқаруы мүмкін, осы жылдың қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ тек 4%-ға өсуі мүмкін. Теңгеге мұнай бағасының төмендеуі де кері ықпалын тигізіп отыр. АҚШ-тағы шикізат қоры 0,5 миллион баррельге артты.

Келесі аптада бір доллар 436-439 теңге, бір еуро 494-497 теңге, бір юань 69-69,5 теңге, бір рубль 5,5-5,9 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

Дмитрий Лукашов, Softline сарапшысы:

24-28 қаңтар

Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы әлсіреп, рубль мен еуроға қатысты бағамы нығайды. Жалпы, Қазақстан валютасы қазір тұрақтылық танытып отыр. Бұған төрт апта бойы қымбаттаған мұнай бағасының динамикасы ықпал етуде. Brent 2014 жылғы максимумды жаңартып, 90 баррельге жақындауы мүмкін. Ұлттық банк теңгені қолдау үшін бірқатар шара қабылдауда. Мысалы, валюталық интервенция жүргізеді. Ұлттық Банк инфляцияның желтоқсан айында 8,4%-ға дейін төмендеуіне қарамастан 24 қаңтардағы отырыста мөлшерлемені аздап көтермек.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 433-438 теңге, бір еуро 488-499 теңге, бір рубль 5,58-5,74 теңге, бір юань 68,5-68,9 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу