Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
02.2.2019 |
375-381 |
ARUM Capital
02.2.2019 |
379-384 |
IFC Markets
02.2.2019 |
379-385 |
Gold Mining Capital
02.2.2019 |
381-386 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
02.2.2019 |
5,6-5,9 |
ARUM Capital
02.2.2019 |
5,81-5,86 |
IFC Markets
02.2.2019 |
5,75-5,9 |
Gold Mining Capital
02.2.2019 |
5,7-5,9 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
02.2.2019 |
433-439 |
ARUM Capital
02.2.2019 |
438-442 |
IFC Markets
02.2.2019 |
432-443 |
Gold Mining Capital
02.2.2019 |
439-444 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
02.2.2019 |
|
ARUM Capital
02.2.2019 |
|
IFC Markets
02.2.2019 |
|
Gold Mining Capital
02.2.2019 |
Atameken Business теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (4 ақпан – 8 ақпан).
Өткен апта қазақстандық теңге үшін сәтсіз болды. Теңгенің барлық валютаға қатысты бағамы төмендеді. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар валютаның төмендеуіне себеп болды деген болжамдарын атап өтті. Оның ішінде қытайлық ІЖӨ-нің өсу қарқынының баяулауы (ARUM Capital), Қазақстан үкіметінің экпорттық әлеуетті дамытуға айтарлықтай шығын шығаруды жоспарлап отырғаны, қаңтар айында инфляцияның 0,5%-ға өсуі және елде табиғи газды өндіру қысқаруы мүмкін (IFC Markets) деген болжамдар бар.
Алдағы апта жайына келер болсақ, сарапшылар өз болжамдарында тағы АҚШ пен Қытайдың өзара сауда қарым-қатынасы («ФИНАМ», ARUM Capital), Венесуэладағы жағдайдың жайы («ФИНАМ», ARUM Capital, Gold Mining Capital), АҚШ ФРЖ-сының монетарлық саясаты («ФИНАМ», ARUM Capital), энергиятасымалдаушылар нарығындағы жағдайларды сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Бейсенбі күні америкалық биржа алаңдары айрықша өсіп, S&P 500 индексі 2015 жылдан бері бірінші рет ең үлкен айлық өсуді көрсетті. Акциялар арасында көш бастап тұрған - Facebook (+10,82%) және General Electric (+11,65%).
S&P 500 индексінің фьючерсі 0,88%-ға өсіп, сауданы 2704,10 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,06%-ды жоғалтты, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 1,37%-ға көтерілді. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі бес базистік көрсеткішке 2,63%-ға дейін түсті.
АҚШ ФРЖ-сынан келген жақсы жаңалық және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері аяқталғаннан кейін жағымсыз жаңалықтың болмауы S&P 500 индексіне 2019 жылдың алғашқы айын сегіз- апталық максимумда аяқтауға мүмкіндік берді.
Трамп өзінің Twitter парақшасында келіссөздер жақсы өтіп жатқанын, алайда соңғы уағдаластық ҚХР басшысымен кездескенге дейін жасалмайтынын айтты. Бұдан бұрын «Синьхуа» агенттігі наурызда Қытай билігі шетелдік инвесторларға тиелісілі технологияларды мәжбүрлі беруге тыйым салатын заң қабылдау ойлары бар екенін хабарлаған болатын.
Осылайша, жоқ дегенде наурызға дейін, яғни америкалық реттеушінің кезекті отырысы өткенше және сауда бітімінің мерзімі біткенге дейін нарықтың негізгі қоздырғыштары жарым-жартылай жойылған. Алайда инвесторларға арқаны кеңге салу әлі ерте, өйткені жалпы тоқмейілсу жағдайында әлемдік экономиканың баяулау тәуекелі ешқайда кетіп қалған жоқ. Istat ұлттық статистика институтының жариялаған мәліметтері италиялық экономиканың техникалық рецессияға ұшырағанын көрсетті.
Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай 0,62%-ды жоғалтып, сауданы 61,16 доллар шамасында жапты.
Бұған Венесуэладағы оппозиция өкілдерінің америкалық санкцияларға тап болған PDVSA мұнай компаниясының серіктестері үшін тәуекелдің жоқ екенін мәлім еткені нақты себеп болды.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6 - 5,9 теңге, долларға қатысты бағамы 375 - 381 теңге және еуроға қатысты бағамы 433 - 439 теңге болады деп болжап отырмыз.
Владислав Воробьёв, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:
Өтіп бара жатқан аптада теңге бағамының төмендеуі жалғасып, сауданың соңғы күні бір доллар 383 теңге шамасында болды. Валюта құнының төмендеуіне негіз болып отырған драйвер бұрынғыша қытайлық ІЖӨ-нің өсу қарқынының төмендеуіне қатысты қауіп болып отыр. Жұма күні әлем экономикасында екінші орын алатын өндірістік секторда құлдыраудың бар екенін көрсететін есеп шықты. Жағымсыз макроэкономикалық мәліметтер дамушы елдердің активтеріне, сондай-ақ шикізат бағасына әсер етті. Бұл ретте Қытай үкіметінің АҚШ өкілдерімен жасаған сауда келіссөздері жайлы оң пікірлер, не ФРЖ мәлімдемесі жағдайды өзгерте алмады.
Айдың басында мұнай котировкасының қарқынды өскеніне қарамастан, 10 қаңтардан бастап ҚХР экономикасы мен қор алаңдарындағы қауырт жағдайға қатысты қауіптің болуынан нарықта аса белсенділік байқалмайды. ОПЕК шаралары, Иран мен Венесуэлаға қарсы санкциялар позицияны ұстап тұру үшін демеу болды. Алайда өрлеп келе жатқан қозғалысты қайта жандандыру үшін нақты себептер қажет.
Теңге бағамы бір доллар үшін 379-384 теңге, еуро 438-442 және рубль 5,81-5,86 теңге болады деп болжап отырмыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің барлық валютаға қатысты бағамы төмендеді. Бұған Қазақстан үкіметінің айтарлықтай үлкен шығын жұмсауды жоспарлауы мен қаңтардағы инфляцияның 0,5%-ға өсуі себеп болған сияқты. 2018 жылы инфляция 5,3% болған, ол бұдан да төмендейді деген болжам жасалған еді.
Индустрия мен инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Арыстан Қабікенов экспорттық әлеуетті дамытуға алдында бөлінген 220 млрд теңгеге қосымша тағы 500 млрд теңге бөлінетінін айтты. Теориялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, аталған шаралар экспортты өсіру керек. Егер мұндай жағымды тенденция байқалатын болса, онда ол келешекте валюта бағамын нығайтады.
Энергетика министрлігінің елде табиғи газды өндіруді 2019 жылы 1%-ға қысқарту мүмкіндігі туралы айтқан мәлімдемесі - теңге үшін тағы бір жағымсыз фактор. Бұл ретте биылғы жылы газ экспорты 2018 жылға қарағанда 13%-ға аз болуы мүмкін.
Сонымен қатар теңге бағамына банкрот болған банктердің салымшыларына өтемақы төлеу және әлеуметтік қажеттіліктерге кеткен шығыстар кері әсер еткен болу керек.
Осы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,75-5,9 теңге, бір доллар үшін 379-385 теңге, бір еуро 432-443 теңге болады деп болжап отырмыз.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital сарапшысы:
АҚШ экономикасының ауылшаруашылық емес секторындағы жұмыспмен қамту туралы есеп ойлағаннан жоғары болып шыққанмен де, жұмыссыздық деңгейінің әлсіз мәліметтері жағдайында долларға қолдау бола алмады.
Brent маркалы мұнай бір барелль үшін 60-63 доллар шамасында саудалануда, ал Light мұнайының бір баррелі 50-55 доллар болып отыр.
Биржа KASE биржасы өткен аптада биылғы жылы көлемдердің рекордтық өсуін, сондай-ақ теңгенің долларға шаққандағы бағамының рекордтық төмендеуін көрсетті.
Сонымен қатар Венесуэлаға қатысты жағдай да шешімін таппай отыр, бұл әртүрлі активтердің құнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Алдағы аптада USD/KZT жұбының айрыбас бағамы 381-386 теңге, еуро 439-444 теңге, рубль 5,7-5,9 тенге шамасында болады деп болжанып отыр.