Валюта болжамы: 4 наурыз – 8 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
375,669

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
02.3.2019
375,10-376,25
ГК «ФИНАМ»
02.3.2019
372-377
Астана-Инвест
02.3.2019
373-378
IFC Markets
02.3.2019
373-381
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,678

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
02.3.2019
5,65-5,75
ГК «ФИНАМ»
02.3.2019
5,5-5,8
Астана-Инвест
02.3.2019
5,5-5,75
IFC Markets
02.3.2019
5,66-5,81
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
428,481

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
02.3.2019
429,00-429,85
ГК «ФИНАМ»
02.3.2019
425-429
Астана-Инвест
02.3.2019
425-435
IFC Markets
02.3.2019
423-432
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
02.3.2019
ГК «ФИНАМ»
02.3.2019
Астана-Инвест
02.3.2019
IFC Markets
02.3.2019

inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (4 наурыз – 8 наурыз). ​

4 наурыз – 8 наурыз 
 

 

 

Сарапшылар көктемнің басталуын Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылданатын дүйсенбі күнгі отырысымен байланыстырып отыр. Бұл туралы inbusiness.kz-тың апта сайынғы сауалнамасында «Альпари» және IFC Markets компанияларының сарапшылары айтты. Сондай-ақ осы компаниялардың сарапшылары қазір Ұлттық банк басшысының өзгергеніне де тоқталды. 

Сарапшылардың дені мән берген басқа триггерлер  ішінде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінде бәтуаластық бары байқалатыны, сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялар («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, «ФИНАМ» КТ) болды.

Сарапшылар көмірсутектер бағасын да («Альпари», «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, «ФИНАМ» КТ) тілге тиек етті. 

Алдағы аптада бағам белгілеуге әсер ететін басқа да факторлар ішінен сарапшылар инвесторлардың тәукелге деген көзқарасы («Альпари»), теңгенің рубльге қатысты бағамының өзгеруін («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ), Қазақстанда үкіметтің өзгеруін және ақпанда елдегі инфляцияның төмендегені (IFC Markets) сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz. дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

4 наурыз – 8 наурызАнна Бодрова, «Альпари» компаниясынң аға сарапшысы:

Наурыз айының басында АҚШ доллары 375,10-376,25 теңге шамасында қалады. Еуро 429,00-429,85 теңге аумағында саудаланады, ал рубль болса 5,65-5,75 теңге деңгейінде сақталады.

Қазақстан валюта нарығы үшін алдағы аптада  ең басты оқиға – Ұлттық банктің 4 наурыз күнгі отырысы болмақ. Реттеуші базалық мөлшерлеме бойынша шешімді қабылдайды. Қазір ол жылдық 9,25% деңгейінде. Ұлттық банктің жаңа басшысы Ерболат Досаев өз жұмысын жаман шешімдер қабылдаумен бастамайды деп ойлаймыз. Сондықтан отырыс қорытындысы бойынша пікірлер инфляция мен экономикалық өсім мәселелеріне қатысты болады.

Теңге үшін мұнай бағасы маңызды. Қазір Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 66 доллар шамасына жақындап келеді. Алайда 67 доллардан аса алмай отыр, ал бұл шикізат валюталарын оның ішінде теңгені қорғаусыз қалдырады.

Бұған қоса инвесторлардың тәуекелге деген қатысты маңызды болып отыр. Наурыз айының басындағы жағдай бойынша сыртқы жағдаят бейтарап болып, саудаға қатысушылар геосаяси және қаржылық тәуекелдерге қалыпты бағалауда, бірақ бұрынғыдай қызу сатып алуға деген ниет жоқ.

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

4 наурыз – 8 наурыз

АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздер әйтеуір бір шешім қабалдады. Бұл шешім уағдаластықтан бас тартуды көздемейді, алайда уағдаластық өзараәрекет етудің күрделі тетіктерінен тұратын болады. Ал қандайда бір нақты келісім тек наурызда ғана жасалады. Бұл жаңалық әлемнің көптеген инвесторларын аса құлшындырған жоқ, сондықтан биржа индекстері негізінен техникалық факторлардың әсерінен бастапқы деңгейден алысқа кеткен жоқ.

Осының нәтижесінде жұма күні британ FTSE100 индексі 7075 к. (-0,46%) деңгейіне дейін төмендеді, француздың САС40 индексі болса 0,29% қосып алып, 5241 көрсеткішке дейін көтерілді, неміс DAX индексі 0,25% – 11516 к-ге дейін өсті. Америкалықтар ІЖӨ төртінші тоқсанда  3,4%-дан  2,6%-ға дейін төмендеді деген мәліметтен кейін, реттелуге бет бұрды. Бұл сарапшылар болжамына дәл келді. Сауда қорытындысы бойынша DJIA индексі 2591 6 к. (-0,27%) , S&P500 2784 к. (-0,28%) көрсетті, ал NASD COMP 7533 к. (-0,29%) шамасында болды.

Ресейде төтенше маңызды жаңалықтар болған жоқ, өйткені нарықтар жаңа сакнциялар тақырыбын талқылауда. Төмендеуден бастаған отандық нарықтар МосБиржи индексі бойынша 2467 көрсеткіштен төмен деңгейде қолдау алып, кейін жағымды түзетуге көшті. Алайда сауданы кешкі тиянақтау жоғары көрсеткіш көрсетуге мүмкіндік бермеді. Бейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша РТС индексі 0,23% жоғалтып, 1188 к. деңгейінде болды, ал МосБиржи индексі 0,22%-ға төмендеп, 2485 көрсеткішке дейін жетті.

Көмірсутек бағасы айтарлықтай жаңалық болмағасын, сауда күнін шоғырланумен өткізді, сондай-ақ құбылмалық байқалды. Дегенмен түнде мұнай котировкасы едәуір өсті.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,5-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 372--377 теңге және еуроға қатысты бағамы  425-429 теңге болады деп болжап отырмыз.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:   

4 наурыз – 8 наурыз

Дональд Трамптың жағымсыз пікірінен кейін төмен түсіп кеткен мұнай бағасы баға ауқымына қайтып келді. Мұнай бағасының қайта өсіп жатқаны түсінікті.

Қытай мен АҚШ келіссөздерінде қандай да бір келісімнің бар екені байқалды. Жоғарыда айтылғанның бәрі рубльге, сонымен қатар теңгеге қолдау болады. Теңге мен рубль бағамына мән беруді ұсынамын. Менің болжамым бойынша, рубльдің бағамы 5,4-5,6 теңге ауқымында болады. Егер аталған бағам жоғары болатын болса, долларды сатуды ұсынамын.

Ресейге қарсы санкциялар рубль мен елдің экономикасына қысым жасайтыны анық. Бірақ инвесторлар санкциялардың бар екені етіне үйренген сияқты. Сондықтан кезекті санкциялар пакеті еш тосын жағдай емес.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 65-67 рубль, бір рубль 5,5-5,75 теңге, бір доллар 373-378 теңге, бір еуро 425-435 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 65-67,5 доллар болады деген божасап отырмын.

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:

4 наурыз – 8 наурыз

Өткен аптада теңгенің доллар, еуро, рубльге қатысты бағамы біршама әлсіреді. Үкімет пен Ұлттық банк басшысының ауысуы Қазақстанның қаржы нарығына еш әсер етпеді.

Теңге бағамының шамалы өзгеруі әлемдік бағалардың, сондай-ақ ақпанда инфляцияның төмендеуінен болған шығар деп ойлаймын. Өйткені төмен инфляция валютаның нығаюына себеп. Алайда ол Қазақтанда жылдық 4,8%-дан да төмен болды. Бұл Ұлттық банктің 5-7% деген болжамынан да төмен. Қалыптасқан жағдай мөлшерлемені 0,25%-ға түсіруі мүмкін.

Бұл наурыздағы немесе сәуірдегі отырыста болады ма, ол жағы әзірге белгісіз. Алайда мұның болары анық. Ұлттық банктің мөлшерлемені төмендетуі теңге бағамына жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,66-5,81 теңге, бір доллар үшін 373-381 теңге, бір еуро 423-432 теңге болады деп  болжап отырмыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу