Валюта болжамы: 5 сәуір – 9 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
426,563

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
04.4.2021
422-428
Forex Club
04.4.2021
425-426,5
SoftLink
04.4.2021
422-430
Swissquote Bank
04.4.2021
427-432
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,631

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
04.4.2021
5,45-5,65
Forex Club
04.4.2021
5,5-5,8
SoftLink
04.4.2021
5,53-5,72
Swissquote Bank
04.4.2021
5,6-5,8
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
501,063

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
04.4.2021
498-504
Forex Club
04.4.2021
500-501,5
SoftLink
04.4.2021
495-505
Swissquote Bank
04.4.2021
500-505
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,513

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
04.4.2021
64,60-65,10
Forex Club
04.4.2021
64,8-65
SoftLink
04.4.2021
64,5-65,2
Swissquote Bank
04.4.2021
64,9-70

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (5 сәуір – 9 сәуір).

5 сәуір – 9 сәуір

 

29 наурыз – 3 сәуір

 

 

 

Бұл жолы да шикізат нарығындағы ахуал теңге нарығына әсер етеді. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар осыны атап өтті. Олар ОПЕК+ альянсының алдағы айларда мұнай өндірісін арттыру туралы шешімін сөз етті. Сонымен қатар АҚШ-тағы қазынашылық облигациялардың кірістілігіне, Қазақстандағы инфляция деңгейі мен эпидемиологиялық жағдайға тоқталды,

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

5 сәуір – 9 сәуір Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді.Бұған мұнайдың арзандауы себеп болды. Бірақ ОПЕК+ өндірісті арттыру туралы шешім қабылдағаннан кейін, шикізат бағасы апта соңында сәл көтерілді. Картель бір күнде өндірілетін мұнай көлемін мамырда 350 мың баррельге, маусымда да 350 мың баррельге, шілдеде 450 мың баррельге арттырады. Сауд Арабиясы да өндіріс көлемін ұлғайтатын болды. Бұл шешім нарық үшін күтпеген жағдай болды. Макроэкономикалық мәліметтер туралы айтатын болсам, еліміздің ЖІӨ 2021 жылы 4,5%, 2022 жылы 5,1% жетуі мүмкін. Мұндай динамикаға шектеулердің қысқартылуы мен іскерлік белсенділікті қалыпқа келуі түрткі болуы ықтимал. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 422-428 теңге, бір еуро 498-504 теңге, бір рубль 5,45-5,65 теңге, бір юань 64,60-65,10 теңге болуы ықтимал.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

5 сәуір – 9 сәуір

Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. ОПЕК+ мамыр және маусым айларында бір күнде жер қойнауынан шығарылатын мұнай көлемін 350 мың баррельге, шілдеде 450 мың баррельге көбейтеді. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы өзгермеді деуге келеді, өйткені инвесторлар альянстың соңғы шешімін бағалап жатыр. Goldman Sachs банкі үшінші тоқсанда Brent баррелі 80 долларға дейін өседі деп отыр. Теңгенің әлсіреуіне елдегі инфляцияның артуы әсер еткен болуы мүмкін. 2020 жылы Қазақстандағы инфляция 7,5% болған еді. Үкіметтің болжамы бойынша, биыл бұл көрсеткіш 4-6%-ға дейін төмендеуі тиіс.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

5 сәуір – 9 сәуір

Жұма күні теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы мұнай қымбаттағаннан кейін нығайды. Өйткені ОПЕК+ өндірісті арттыру туралы байламға келген еді. Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар және наурыз аралығындағы инфляция 1,9%, соңғы бір жылда 7% болды. Бұл ішкі нарыққа кері әсерін тигізді. Сонымен қатар індеттің таралуы да  теңге бағамына кері ықпалын тигізіп отыр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінің жұмысын сынға алып, індеттің таралуын болдырмас үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Менің болжамым бойынша, бір доллар  425-426 теңге, бір еуро  500-501,5 теңге, бір юань  64,8-65 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге болады.

 

 

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Swissquote Bank:

5 сәуір – 9 сәуір

ОПЕК+ келісімінің қатысушылары 1 сәуірде өндірісті біртіндеп арттыру туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін мұнай бағасы күрт өсіп кетті. Бұл құжат аясында Қазақстанның өндірісі мамырда 1,463 млн баррель, маусымда 1,469 баррель, шілдеде 1,475 млн баррель деңгейінде болады. АҚШ президенті Джо Байденнің экономиканы 2 трлн долларға ынталандыру туралы ұсынысы мен вакцинация процесінің қарқынды түрде жүргізілуі нарыққа оң әсерін тигізді.2 сәуірде Құрама Штаттардағы жұмыс орындары туралы мәлімет жарияланды. Көрсеткіш өткен айдағыдан екі есе көп. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 427-432 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір юань 64,9-70 теңге, бір рубль 5,6-5,8

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу