Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.3.2021 |
420-425 |
ГК «ФИНАМ»
28.3.2021 |
421-426 |
Forex Club
28.3.2021 |
423,5-425,5 |
SoftLink
28.3.2021 |
419-427 |
DAMU Capital Management
28.3.2021 |
424-426 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.3.2021 |
5,50-5,65 |
ГК «ФИНАМ»
28.3.2021 |
5,45-5,65 |
Forex Club
28.3.2021 |
5,5-5,8 |
SoftLink
28.3.2021 |
5,5-5,7 |
DAMU Capital Management
28.3.2021 |
5,60-5,65 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.3.2021 |
495-510 |
ГК «ФИНАМ»
28.3.2021 |
497-503 |
Forex Club
28.3.2021 |
500-502 |
SoftLink
28.3.2021 |
494-506 |
DAMU Capital Management
28.3.2021 |
495-500 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.3.2021 |
64-66 |
ГК «ФИНАМ»
28.3.2021 |
64,65-65,15 |
Forex Club
28.3.2021 |
64,8-65,1 |
SoftLink
28.3.2021 |
64,4-65 |
DAMU Capital Management
28.3.2021 |
65-65,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.
22 наурыз – 26 наурыз
Inbusiness.kz -ке өз болжамдарын айтқан сарапшылар бұл жолы да мұнай нарығындағы ахуалды және осы фактордың теңгеге әсер етуін сөз етті. Сонымен қатар олар бірқатар елдегі жаңа локдаундар мен AstraZeneca вакцинасы төңірегіндегі ахуалға тоқталды.Суэц каналындағы апат шикізат бағасының көтерілуіне себеп болды. Инвесторлар болса, жақын күндері ОПЕК+ альянсының кезекті отырысын күтіп отыр. Доллардың нығаюы мен Ресейдің Орталық банкінің мөлшерлемені көтеруін деп сарапшылар талқылады.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Мұнай бағасының құлдырауы теңгеге айтарлықтай әсер етті. Наурыз айының соңына қарай Brent сұрыпты мұнайдың бір баррелі 63 долларға саудаланып жатыр. Бұл жайт қазір инвесторларды алаңдататып отыр. Түркияның валюта нарығындағы жағдай тәуекелге деген қызығушылықты төмендетті. Бірақ бұл барлық дамушы елдердің валюталарына әсер етуде.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 420-425 теңге, бір еуро 495-510 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,50-5,65 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді.Бұған мұнайдың арзандауы себеп болды. Еуропадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты шикізат бағасы 9%-ға төмендеді. Еуропаның бірқатар елінде локдаундар мен шектеу шаралары енгізілді. Мұндай динамикаға бұдан бөлек AstraZeneca төңірегіндегі жағдайда да әсер етті. ЕО-да әзірге халықтың 4,5%-ы вакцина ектірді. Мұнай бағасының көтерілуіне Суэц каналында кеменің қайраңға килігіп қалуы түрткі болды. Мысыр билігінің айтуынша, кемені шығару жұмыстары бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке өңдеу өнеркәсібін 2025 жылға дейін 1,5 есе өсіруді тапсырды. Мұндай көрсеткішке жету үшін бұл сала бір жылда 10,8%-ға өсуі тиіс.
Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 421-426 теңге, бір еуро 497-503 теңге, бір рубль 5,45-5,65 теңге, бір юань 64,65-65,15 теңге болуы ықтимал.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валютаның рубльға қатысты бағамы нығайып, еуроға қатысты бағамы өзгермеді,ал юань мен долларға қатысты бағамы нығайды. Бұған доллардың барлық әлемдік валюталарға қатысты бағамының нығаюы түрткі болды. АҚШ-тың Федералды қаржы жүйесінің басшысы Джером Пауэлдың айтуынша, елдегі қазіргі инфляцияның өзгерісі уақытша құбылыс саналады. Құрама Штаттардың қаржы министрі Джанет Йеллен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін салық мөлшерін арттыратынын айтты. Өткен аптада мұнай бағасы өзгермеді. ОПЕК+ альянсы 1 сәуірде кезекті отырысын өткізеді. Инвесторлар осы жиынды күтіп отыр.
Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 419-427 теңге, бір еуро 494-506 теңге, бір юань 64,4-65 теңге, бір рубль 5,5-5,7 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Мұндай динамикаға еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы да себеп болды. Өткен аптада арзандаған мұнай қазір қымбаттап жатыр. Өйткені инвесторлар Суэц каналындағы апатты жағдай шикізат жеткізіліміне кері әсер етуі мүмкін деген пікірде. Соңғы уақытта шикізат нарығында құбылмалылық орнады. Нарықтағыларды пандемияның өршуі мен бірқатар елде локдаун жариялануы алаңдатып отыр.
Менің болжамым бойынша, бір доллар 423,5-425,5 теңге, бір еуро 500-502 теңге, бір юань 64,8-65,1 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Еуропаның бірқатар елінде карантин жариялануы мен АҚШ-тың мұнай қорына қатысты мәліметі мұнай нарығына кері әсерін тигізді. Суэц каналында кеменің қайраңға килігіп қалуы өткен аптада мұнайдың сәл де болса қымбаттауына әкеліп соқты. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 60 доллардан 65 долларға дейін көтерілді. АҚШ-та вакцина ектіргендердің саны 100 миллионнан асты. Бұл елде нарық оңалып, экономика қалпына келіп, жұмыссыздық деңгейі қысқарып жатыр. Ресейдің Орталық банкі мөлшерлемені 4,25%-дан 4,50%-ға дейін көтерді. Бұған дейін Бразилия мен Түркия сияқты дамушы елдер дәл осындай қадамға барған еді.
Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 424-426 теңге, бір еуро 495-500 теңге, бір рубль 5,60-5,65 теңге, бір юань 65-65,5 теңге болады.